Сайтқа кіру Тіркелу

Қыс. Міржақып Дулатов

Сабақтың тақырыбы: М. Дулатовтың «Қыс»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақын, жазушы М. Дулатовтың өмірі және шығармалары туралы түсінік беру. Мәтіннің мазмұнын ашу. Оқушыларды сауатты оқуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын молайту. Байланыстырып сөйлеуін, жүйелі әңгімелеуін, білім - біліктілігін, таным белсенділігін, мәнерлеп оқытуын дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды белсенділікке, байқампаздыққа, табиғаттағы сұлулықты сезіне білуге, еңбексүйгіштікке баулып, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, проблемалық сұрақ - жауап.
Көрнекілігі:
Жазушы суреті, сөзжұмбақ, тірек сызба суреттер.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу
Жаңа технология түрі: Ой - толғау, сызба, үнтаспа.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық.

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
ә) Топқа бөлу, ережесімен таныстыру.
І топ – «Ақындар»
ІІ топ – «Жазушылар»
ІІІ топ – «Суретшілер»

2. Мақсат қою.
- Балалар, біз үлкен тарауды бастағалы отырмыз. Тарауымыз «Қыста талай қызық бар» деп аталады.
- Мен жұмбақ жасырамын. Жауабын дәл тапсаңдар сөзжұмбағымыз шешіледі.
Жұмбақтар.
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
2. Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып.
3. Отқа жанбас, суға батпас.
Тақтаға сөзжұмбақ ілінеді.
- Бұл сөздердегі ерекше түсте жазылған «Аяз» сөзі жылдың қай мезгіліне байланысты?
- Осы сөздердің ішінен мына сөздерді оқып көрейікші.
Мұ – ұз Қа – ар
- Қандай дыбысты созып оқыдыңдар?
- Неге?
- Себебі,......
- Көз алдыңа не елестеді?

3. Жаңа білімді меңгерту.
а) Сендер айтқан әңгімелеріңе ұқсас М. Дулатовтың «Қыс» деген әңгімесімен танысамыз.
Міржақып Дулатов 1885 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүние - ге келген. 1935 жылы айдауда жүрген кезінде қайтыс болады. «Оян, қазақ!», «Бақытсыз Жамал» деген кітаптары бар. Ол көрнекті қазақ жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
ә) Оқулықпен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу.(мұғалім)
Инсерт әдісі. Мазмұныны түсіндіру.
б) Дәптермен жұмыс.
Бапсыз – жайсыз.
Бек қиын - өте қиын.
Жалтаң аяз – үскірік, суық аяз.
Қарыған – үсіткен.

4. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.
а) Оқушылардың мәтінді тізбектей оқуы.
ә) Сергіту сәті.
б) Суретпен жұмыс:
- Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
- Оны неден байқадың?
- Адамдар суықтан қалай қорғанады?
- Сен қыста қалай киінесің?(салыстыру)
- Қыс мезгілі тағы нелерге жайсыз тиеді? Мәтінде үй жануарлары туралы не делінген?(тауып оқы)
- Мәтінге сүйеніп, жылқышының еңбегі туралы әңгімеле. (салыстыру)
в) Шығармашылық тапсырма.

5. Ұйқасын тап
Ойнайық деп... Ойнайық деп балаға,
Қыс шақырып... Қыс шақырып тұрғандай.
Борандатқан.... Борандатқан табиғат,
Далаға ән... Далаға ән салғандай.
Ұйқас бойынша өлең құрау:
Аппақ ------ қар жауар,
----------------------- қуанар.
Аққала соғып, жарысып
--------- --------- балалар.
а) Бұл қар –
Сұр қар.
Сұр қар –
Кір қар.
Үстінде ойнама
Үстіңді былғар
ә) Қырбық қар құрғақ па,
Құрғақ қар құрғақ па?
Қырбық қар да құрғақ,
Құрғақ қар да құрғақ.
Ал, енді балалар мына бір жұмбақтарды шешіп көрейік:
1. Қыста бар да, жазда жоқ.
(қар) 2. Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды.(аяз)
3. Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр –
Қатты – ақ.(мұз)
4. Қанаты жоқ - ұшады.
Аяғы жоқ - желеді.
Аузы жоқ – ұлиды.(боран)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×