Сайтқа кіру Тіркелу

Сан есім

Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы,
Ханорда ауылы, Жәңгірхан атындағы
жалпы білім беретін орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Бижанова Гулбакит Тажихановна

Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Мақсаты:
1. Сан есім туралы түсінік беру. Сан есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Сөз таптарын қайталау.
2. Сөздік қорларын молайтып, білімдерін толықтыру. Сауатты жазуға дағдыландыру.
3. Адамгершілікке, ұлтжандылыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Компьютер, суреттер.
Әдісі: Тірек - сызба, семантикалық карта, талдау.
Технология: сыни тұрғысынан ойлау технологиясы.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиеттік оқу, музыка

Сабақ барысы:
І. Психологиялық дайындық.
Әр адам туысым, досым, бауырым
Әр үйрену, ұғу, ұлағат
Әр ісім тіршілік, тірек, адамдық
Әр сезім шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. Үй тапсырмасы.
- Үйге не берілді?
- 5 - жаттығу. Сөз таптарын қайталау.
(дара етіс - ді, күрделі етістікке айналдырып жазу)
Өткен сабағымызда қандай сөз таптарын өттік?
- Зат есім, етістік, сын есім.
- Зат есім дегеніміз не? сұрақтары? мысал келтіру.
- Балалардың жауабы.
- Етістік дегеніміз не? сұрақтары? мысал келтір.
- Балалардың жауабы.
- Сын есім дегеніміз не? сұрақтары? мысал келтір.
- Балалардың жауабы.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Зат есім
Аты ----------- қимылы ---------- сын есім ---------- Саны
нелер? ---------- не істеді? ---------- қандай? ---------- неше?
қасқырлар ---------- көрінді ----------- азулы ------------ бесеу

- Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыэ мінезі бірде жақсы, жомарт, бірде өзгеріп сараң, есепке жүйрік, үнемшіл тағы бір сөз сөз табы сан есіммен танысамыз.
Дәптерлерімізді ашайық. Бүгінгі күнді жазайық
Ой - қозғау.
Балалар «сан» дегеніміз қай пәннен бізге таныс.
- Балалардың жауабы.
- Осы сан туралы біз не білеміз?
- балалардың жауабы.
- Сан бізге не үшіе қажет?
- Балалардың жауабы.(Санау үшін, уақытты, күнді белгілеу үшін, сандарсыз біз заттарды сатып ала алмаймыз, алаяқтыққа жол бермеу үшін)
Қызықты мәлімет. Адамдар қалай санай бастаған?
- Балалар, сіздерге қызықты адамдар туралы қысқаша мәлімет берейін.
Адамдар өте ерте кезде санауға саусақтарын пайдаланған. Осыдан ондық жүйесі пайда болған. «Сан»- саусақ деген ұғымды білдіреді. Адамдар барлығы бірдей санау білмейді. Мысалы, Амазонканың тропикалық ормандарында тұратын пираха тайпасының адамдары тек екіге дейін ғана санай алған, одан артығы олар үшін «көп» деген мағынаны білдіреді екен. Көне мәдениеттер бестіктермен санау кезінде бір қолдың саусақтарын пайдаланған.
- Сонымен математикада санды немен белгілейміз?
- цифрмен.
- ал, қазақ тілінде
- сөзбен жазамыз.
- олай болса, Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім деп атаймыз.
Сан есімге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: жеті, жетінші, елу, он, тоғызыншы т. б.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу (ауызша). оқу.
- Жаттығуда кімдер туралы айтылған?
- Ғарышкерлер - Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Юрий Гагарин.
- Ғарышкерлер туралы не білесіңдер?
(Айша) «Ғарыш және жарты ғасыр»
- 1961 жылдың 12 сәуірі......
- Тоқтар ағамыз туралы қандай өлең білесіңдер?
- Орынбасар өлең оқиды.
- Енді оқулыққа назар аударайық.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой, осы сөздер нені білдіреді?
- Балалардың жауабы.(неше? нешінші? санды білдіреді. Бірінші, екі жүздей, екінші, үш рет)
Халықаралық ғарышжай деп аталу себебін білесіңдер ме?
- Барлық елдердің ғарышкері осы жерден ұшады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×