Тақырыбы: « Мен соғысты жек көрем! »
Мақсаты:
Оқушыларға жер шары балаларының тілегі бейбітшілік екенін ұғындырып, шығармашылық қиялын жүйелеу, танымдық қабілетін арттыру, сондай – ақ отансүйгіштікке баулып, ел, ұлт намысын қорғаған батырларды сыйлап құрметтеуге үйретуді мақсат етіп дамыта оқытуға негізделген.
сабақтың көрнекілігіне суреттер, буклеттер, альбомдар пайдаланылды.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа психологиялық даярлық жасау.
а) Үй тапсырмасын сұрау.
ә) Ұлы Отан соғысы туралы деректер, суретпен жұмыс жүргізу.
б) Қызығушылықты ояту.
« Мен соғысты жек көрем! » өлеңін оқу (мұғалім)
Автор туралы мағлұмат.
Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Бесқұдық ауылында дүниеге келген. Қаз ҰУ - ды бітірген. Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы.
Сыныпты топқа бөлу.
1 топ: Өлеңнің мазмұнына байланысты сурет салу.
2 топ: Өлең мазмұнына байланысты мақал – мәтел ойластыру. Мағынаны ашу.
3 топ: Өлең мазмұнына байланысты шағын әңгіме құрастыру.
Өлеңді оқу. Оқи отырып түсініксіз сөздердің астын сызғызып, сөздік жұмысын жүргізу.
Дәптермен жұмыс.
Қасірет – басқа түскен уайым, қайғы.
Жырақ – шалғай, алыс, қашық.
Ғұмыр бойы – өмір бойы.
«Соңғы сөзді мен айтамын» әдісін қолдану.
Әр топ өлеңге байланысты мақал – мәтел айтады.
а)Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
ә)Жүк ауырын нар көтереді,
Ел ауырын ер көтереді.
б) Отан үшін отқа түс – күймейсің
в)Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
ғ) Ердің көркі – елімен,
Отан көркі – жерімен.
г)Еліңді сүйсең – ерлік істейсің.
д)Жолдас қадірін жорықта білесің,
Дос қадірін соғыста білесің.
Ой толғау.
«Бәрінен де қымбат» тәсілін жүргізу.
« Болжау стратегиясы »
«Талай өткен ғасырлар
Еш соғыссыз өтпеген», - деген өлең жолдарындағы ойды өрбітіп көтеру.
Оқушыларға өлең мазмұнын айтқызу.
Өзіндік жұмыс. «Бейбітшілік» тақырыбында шағын әңгіме жаздыру. Әр топтан 2 – 3 балаға жазған әңгімелерін оқыту.
Өлеңдер оқу.
Қорыту, бағалау.
Ән. «Әрқашан күн сөнбесін»
Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Мен соғысты жек көрем!
- ramuk_b
- 6 сәуір 2012
- 20171
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш, бейбітшілік, Отанды сүю
Ұқсас жаңалықтар:
М. Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Өлең мазмұнын, негізгі идеясын ұғынып, талдау жасайды. Пәнге негізгі сөздер мен тіркестер: «өлең тармағы», «өлең шумағы», «өлең жолдары»...С. Сарғасқаев Шыбық өлеңі
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Өлеңді эмоциясын қатыстырып түсініп, мәнерлеп оқу, өлең құрылысын талдау. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай...Отан. Жақан Смақов
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, «№21 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Тусупбекова Лаззат Естаевна...Мен соғысты жек көрем!
Өлең мазмұнымен, идеясымен таныстыру; Қ. Жұмағалиев өмірі, шығармашылығы туралы мағлұмат беру; Мәнерлеп оқуға үйрету;...Д. Әбілев. Туған тілім
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ершаева Калдыгуль Танатаровна Сабақтың тақырыбы: Д. Әбілев. Туған тілім Сабақтың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.