Сайтқа кіру Тіркелу

Жаттығу жұмыстары. Бөрік.

Сабақтың тақырыбы: «Бөрік» (М.Дулатов) 60-62 жаттығу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтіннің негізгі идеясын ұғындыра отырып,Бөрік деген ұғымды түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:

1.Мазмұнға байланысты міндеттер:
Мәтінді оқып таныстыру, мазмұнын ашу. Мәтіндегі тіркестерді меңгерту арқылы тілдерін дамыта отырып, ойлау,сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түсу.
2.Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндеттер:
Оқушының оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
Тиянақты жауап беруді талап ету, ой өрісін, сөздік қорын молайту.
3.Топтық жұмыс әрекетіне немесе тәрбие әрекетіне байланысты міндеттер:
Өзара татулыққа, ұжымшылдыққа, басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге үйрету.
Оқыту технологиясы: ақпараттық технологиялар.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: бағалау сұрақтары.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
1.Құралдар: интерактивті тақта, компьютер.
2.Көрнекіліктер: слайдты көрсетілімдер.
Пән аралық байланыс: дүниетану, өзін – өзі тану.
Күтілетін нәтиже:
• Ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады.
• Сөздік қоры молаяды.
• Жаттығуларды жасау барысында сөздерді буынға дұрыс бөлуге жаттығады.

1.Ұйымдастыр кезеңі. .
а) Сәлемдесу
ә) Психологиялық дайындық. Тренинг түрінде ( Жақсы көңіл – күй сыйлау)
- Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық.
б) Оқушыларды түгелдеу.
Балалар, «Білім еліне» саяхатқа шыққыларың келеді ме? Олай болса «Білім еліне» саяхатқа шығу үшін билет алуымыз қажет. Ол үшін балалар сендер өз білімдеріңді көрсетулерің қажет.
2. Үй тапсырмасын сұрау.

«Ой қозғау!»
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Жуан дауысты дыбыстарды ата.
4. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
5. Сөздің жуан айтылуы неге байланысты?
6. Сөздің жіңішке айтылуы неге байланысты?
7. Сөзде қанша буын болатыны неге байланысты?
8. Сыпайы сөздерді ата.
9. « Не деу керек?» өлеңін мәнерлеп оқы.
Ал, балалар сендер өз білімдеріңді өте жақсы көрсете алдыңдар. Білім еліне саяхатымыз басталды. Білім елінде көптеген кедергілер кездесуі мүмкін. Сендер ол кедергілерді тек өз білімдерің арқылы ғана жеңе аласыңдар. Балалар, біздің алдымыздан теңіз қарақшылары шықты. Біз олардың тапсырмасын орындаған жағдайда ғана саяхатымызды жалғастыра аламыз. Ал енді, қарақшылар бізге қандай тапсырма дайындады екен қарайық.
3. Жаңа сабақ.
Интерактивті тақтамен жұмыс. 60 – жаттығу (слайд)
Мына сөздерді буынға бөліп оқып, бағандағы тиісті сөздердің астына жазыңдар.
Ара қала аю
.-.. ..-.. .-.
Бала , оқы, ою, екі, шеге, ұя, жина, ию.
Бірінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді?
Бірінші буынында неше дыбыс?
Екінші буынында неше дыбыс?
Жалғыз дауысты дыбыс буын құрап тұр, ал жалғыз дауыссыз дыбыс буын құрай алады ма?
Екінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді?

Бірінші буынында неше дыбыс?
Екінші буынында неше дыбыс?
Үшінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді?
Бірінші буынында неше дыбыс?
Екінші буынында неше дыбыс?
Екі буынындағы да дыбыстар қандай дыбысқа жатады?
Балалар, сендер қарақшылардың бірінші тапсырмасын өте жақсы орындап шықтыңдар. Бірақ, алда екінші тапсырмамыз бар. Дайынбыз ба?
Жұмбақ. (слайд)
Қыста,
Шығарда тысқа,
Құлағы салпақ,
Құйрығы жалпақ,
Төбесi жайпақ,
Түктi маңдайы тайпақ,
Iшi мамық байпақ.
Қара орманды қаптадым,
Сөйтiп жан сақтадым.
(Бөрік)
Сұрақ.
-Бөрік дегеніміз не?
-Ол туралы не білесіңдер?
Бөрік– қазақтың ұлттық бас киімі. Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Оны ерлер де, қыздар да киеді.
Сендер қарақшылардың тапсырмасын өте жақсы орындадыңдар. Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз.
3.Оқулықпен жұмыс.

Бөрік мәтінін жазған Міржақып Дулатов. М.Дулатов – талантты қаламгер, қоғам қайраткері, ағартушы. ( слайдпен суретін көрсету.
Бөрік (М. Дулатов)
Кішкентай Нұрмаш бір күні басына әкесінің бөркін киіп, « Енді мен үлкен кісі болдым» деп ойлады. Әйтсе де бөрік олай ойламады. Үлкен кісі болғыш Нұрмаштың көңіліне қарамастан, дәл мұрнына түсті. Нұрмаш мұны да елең қылмай, қолына бір таяқ алып, аяқтарын маң – маң басып жүрді. Мұны мал қайырып жүрген Бекбай атай көріп қалып, айғай салды:
-Әй, бөрік! Сен неғып жүрсің? Біздің Нұрмашты қайда алып барасың?
Мәтінді «АС картасының» көмегімен түсіндіру.
«АС картасы»
Нұрмаш
Бөрік
Бекбай атай
1-2 баладан «АС картасына» сүйене отырып түсінік сұрау.
5. Сергіту сәті.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алтын жүзік менде жоқ.
Асыл киім менде жоқ.
Күміс белбеу менде жоқ.
Құндыз бөрік менде жоқ.
Екі қолым сенерім.
Аянбай еңбек етермін.
6. Дәптермен жұмыс.
62 – жаттығу
Мына сөздерді буынға бөліп оқып, бағандағы тиісті сөздердің астына жазыңдар.
алма орман қоян
..-.. ..-... ..-..
Астық, ұста, киік, әскер, әнші, пияз, ешкі.

Бірінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді?
Бірінші буынында неше дыбыс?
Екінші буынында неше дыбыс?
Екінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді?
Бірінші буынында неше дыбыс?
Екінші буынында неше дыбыс?
Үшінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді?
Бірінші буынында неше дыбыс?
Екінші буынында неше дыбыс?

7. «Есіңе сақта!» айдары
Бөрік– қазақтың ұлттық бас киімі.
8. Жаңа сабақты бекіту. Балалар, саяхатымыз аяқталмас бұрын мына сұрақтарға жауап беріңдерші.
Сөзде қанша буын болатыны неге байланысты?
1.Жалғыз дауыссыз дыбыс буын құрай алады ма?
2.Бөрік дегеніміз не?
3.Бөрік мәтініндегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
9.Бағалау.
Сергіту сәтімізде балалар бізде күміс белбеу жоқ,құндыз бөрік жоқ деген болатын. Сол себепті бүгін сабағымызға «өте жақсы» қатысқан балаларға – құндыз бөрік, «жақсы» қатысқан балаларға – құлақшын, « нашар» қатысқан балаларға- тақия беріледі
10. Үйге тапсырма. Бөрік мәтінін оқу. 62 – жаттығу.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, бөрік
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×