1. Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, Ұ дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін дамыту;
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту;
3. Оқушыларды партада дұрыс отыруға, сауатты, қатесіз таза жазуға тәрбиелеу;
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: Аквариум әдісі, ой қозғау әдісі, сұрақ - жауап, топтастыру, Венн диаграммасы, « Кубизм» стратегиясы Көрнекілігі: Әріптер, текшелер, суреттер, кеспе буындар, интерактивті тақта Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, әдебиеттік оқу
I. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды 3 топқа бөлу
II. Психологиялық дайындық
III. Үй тапсырмасы. «З дыбысы мен әрпі»
* «Дәрігер боламын» өлеңі
* Қазақстан – менің Отаным» өлеңі (жатқа айту)
*Сұрақ - жауап - Әріп дегеніміз не? - Дыбыс дегеніміз не? - Дыбыстар нешеге бөлінеді? - З дыбысы қандай дыбыс? - Неге З дыбысы дауыссыз дыбыс? - З дыбысы қандай санға ұқсас
IV. Жаңа сабақ. Жұмбақ Ұя, ұлу, ұшақтың Басын бастап берейін. Құс, жұмыртқа, бұтақтың Ортасында келемін. (Ұ әрпі) -«Ұя», «ұшақ», «ұлу», «ұршық» ( суреттерін көрсету) сөздері қандай дыбыстан басталып тұр? (Ұ дыбысынан басталып тұр)
Ұ ұ дыбысын хормен айту - Ұ дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? (Дауысты) - Жуан дауысты дыбыс па, жіңішке дауысты дыбыс па?(Жуан дауысты дыбыс) Ұ әрпінің жазбаша түрін, баспа түрін көрсету, дыбыстың айтылуына көңіл бөлу - Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгіленеді? - Дауысты дыбысты қызыл текшемен белгіленеді. Ұ әрпін ауада жазып көрсету, оқушылар ауада жазады.
V. Сергіту сәті
VI. Оқулықпен жұмыс (1 оқушы полотноға қызыл, көк текшемен ұршық сөзін жазады. Ал, қалған оқушылар алдарына жазады)
* Ғарыш, ғарышкер, ұшқыш туралы түсінік беру.
* Ғарышкерлер Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев туралы айтып өту
* Ұшқыш. Мәтінді оқып беру.
* Оқушыларға оқыту
VII. «Сөз құра» ойыны. Оқушылар буынға буынды қосып сөз құрап айтады.
VIII. Дәптермен жұмыс. Ұ ұ дыбысын жазу
IХ. Суретпен жұмыс. Ұзақ пен құмыра. Арт - терапия әдісі. (Оқушылар қимылмен көрсетеді)
Қарға су ішкісі келді. Аулада су құйылған құмыра тұрды. Су құмыраның түбінде ғана болды. Қарғаның тұмсығы жетпеді. Ол құмыраның ішіне тасты толтырды. Құмырадағы су көтерілді. Қарға суды ішті.
Х. Шығармашылық тапсырма «Сөзді тез оқы» ойыны
*шақ, ж*лдыз, қобы*з, то*ғай, қар*ығаш, *зақ.
ХI. Жаңа сабақты бекіту. Сұрақ – жауап - Қандай дыбыспен таныстық? - Ұ дыбысы қандай дыбыс? Ұ дыбысы жуан дауысты дыбыс па, әлде жіңішке дауысты дыбыс па?
*Венн диаграммасы бойынша дауысты және дауыссыз дыбыстарды салыстыру
*«Кубизм» стратегиясы. Кубиктің алты қырында ( Ұ, З, А, Б, И, Т) әріптері жазылады Оқушылар алдарына қай әріп түседі, сол әріпке сөз ойлап табады.
ХII. Сабақты қорытындылау. Оқушыларға жұлдызша беріп, марапаттау.
Ұ дыбысы мен әрпі
- Гулжамал
- 3 ақпан 2015
- 7077
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұ дыбысы мен әрпі, ұ жуан дауысты дыбыс
Ұқсас жаңалықтар:
Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү...Ю дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі. 1. Білімділігі. Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру, Ю әрпі шет тілдерінен кіріктірілген дауысты..."Ү" дыбысы мен әрпі
Білімділік: Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү әрпінің баспа және...И дыбысы мен әрпі
Пәні: Әліппе Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...Ж дыбысы мен әрпі
Атырау обл, Исатай ауданы, Жанбай селосы Х. Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Даулетова Тойгүл Мырзабекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.