Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын жақсарту мұғалімдерге жүктелген. Мұның өзі оқытудың тиімді әдістерін іздестіруді, сабақ сапасын жаңа деңгейге көтеруді талап етеді. Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердің алдында үлкен міндеттер тұр. Ол заман талабына сай, рухани дүниеге бай жас жеткіншектерді тәрбиелеп шығару. Бала өмірінде бастауыш сынып мұғалімінің алатын орны зор. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас ұланға білім беретін, оның ой – қиялын дамытатын, рухани дүниесін нұрландыратын бастауыш сынып мұғалімі. Кішкентай шәкірттер өзінің «Ана мектебінен» яғни отбасы мектебінен алғанын енді мектепте өзінің ұстазы арқылы әрі қарай дамытады. Сөйтіп, олар мұғалімнің көмегімен оқудың, жазудың ойланудың дағдыларын қалыптастырады. Осы жұмыстардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін пән «Сауат ашу» пәні болып табылады.
«Сауат ашу» пәні - бастауыш білім беру процесінде оқушыларға ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Пәннің негізгі мақсаты - оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту болып табылады. Сауат ашудың әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігіне байланысты міндеттері белгіленген. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту жұмыстары әліппе кезеңінің негізгі міндеттеріне жатады. Оқуға үйретуде: сөзге дыбыстық – әріптік талдау жасау, дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу, әртүрлі буынды сөздерді оқу, қысқа сөйлемдерді, шағын мәтіндерді оқу, әртүрлі дауыс ырғағындағы сөйлемдерді, байланысты мәтіндерді дұрыс, саналы түсіп, мәнерлеп, шапшаң оқу секілді жұмыстар жүргізіледі.
Оқу - өте күрделі психологиялық процесс. Бастауыш сынып оқу сабағында оқушының дағдысын қалыптастыру негізінде оқығанды қабылдау түсіну мүмкіндігін арттыру мақсатында көзделеді. Оқу - жазудың бірінші кезеңінде балаларды жай оқыту керек. Бірақ балалар өте жай оқыса, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді өзара байланыстыра алмай ақырында мәтінің мазмұнына түсінбей қалуы мүмкін. Сондықтан балалардың оқу шапқандығын арттыра түсуіміз керек. Есте сақтайтын бір нәрсе оқу шапшаңдығымен сөздерді таза қатесіз, әрі түсініп оқу қатар дамуы керек. Баланың түсінуі арта түссе, ол өзінен өзі шапшаң оқи бастайды. Оқушы берілген тапсырманы асықпай, орындап ұқыпты үйренуге жөн. Оқу процесінде де солай. Асығыс оқыған бала үнемі қате жібереді. Сауатты оқу - дағдысын қалыптастыру үшін оқушыны оқуға ынталандыру керек. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға ынталандыратын шығарманың бір түрі - ертегі. Ертегінің мәтіндері өте қолайлы, әрі қайыра оқытуға ынғайлы. Өйткені ертегішілерде бір – біріне ұқсас қайталанып отыратын тұстары кездеседі. Оқушыны түсініп оқуға төселдіріп оқуға олармен шығарманы оқымас бұрын дайындық әңгіме жүргізу. Балар үшін белгісіз, таныс өмірден жазылға әңгімені оқығанда балалар нақты ешнәрсені көзге елестете алмайды. Сондықтан мұндай жағдайда алдын ала әңгіме жүргізудің орны ерекше деп есептеймін
Сонымен оқушы дұрыс түсініп, әрі мәнерлеп оқыған сайын оқытудың мәні арта түспек. Мәнерлеп оқу бұл оқытудың әсіресе бастауыш сыныптар үшін мәні зор. Мәнерлеп оқыған оқушы оқуды жете меңгергендігін көрсетеді. Оқытудың шыңы оқушылардың мәнерлеп түсініп, сауатты оқуға үйрету деп білемін.
Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру
- Жумабай
- 6 қаңтар 2015
- 20993
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру
Ұқсас жаңалықтар:
І әрпі және дыбысы
Сауат ашу кезеңінде оқушылардың үйренетін шеберліктері мен дағдыларының шеңбері қандай болуы керек? Сауат ашу арқылы баланың танымдық белсенділігі,...Малта 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Малта» Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді түсініп оқу, мазмұнын баяндау 2. Рольге бөліп оқуға, әдеби тілде сөйлеуге, мәтін...Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру жолдары (баяндама)
Бастауыш мектепті бітірген оқушылар оқу жылдамдығын толық меңгеріп шығуы тиіс. Алайда бастауыш мектептегі төрт жыл ішінде олар тек қана оқу...Тасымал, М.Қуанышбеков, Сен бақытты ұлансың
Тасымал туралы меңгерту, өлеңді шапшаң, мәнерлеп және түсініп оқуға төселдіру, өлеңнің мағынасын ұғындару....Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны қалыптастыру
Қарағанды қаласы №23 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Лапиева Гулайым Қаппарқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.