Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
І кезең. Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фронталды тексереді).
«Көпір» (жеке жұмыс) тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары Сұрақтарға жауап бер:
1. Қандай тарауды оқып жатырмыз?
Ж: «Табиғат - менің өз үйім».
2. «Өзен» өлеңінің авторы кім?
Ж: «Өзен» өлеңінің авторы Ы. Алтынсарин.
3. «Торғай» әңгімесін жазған кім?
Ж: «Торғай» әңгімесін жазған Ж. Аймауытов.
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
1 - қадам (топтық жұмыс) - теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторлары:
(тақырып мазмұны бойынша кім? не?
қандай? қалай? нені? қашан? не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек) Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр:
1. Мұхтардың мектепке барғанына көп болған жоқ.
2. Ол мектептен үйге қайтып келеді.
3. Жауын сіркірей бастады.
4. Әлгінде мұғалима бүкіл сынып алдында мақтады.
5. Ол үстіне қылау жұқтырмай, аяғын тақ - тақ басады.
6. Ол үш - төрт баланың ұйлығып тұрғанын көрді.
7. Ол қақтың ішінде жүзіп жүрген күшікті көрді.
8. Қалжырап, үрейі ұшқан күшік жан ұшырып жүр.
9. Мұхтар шыдамады.
10. Ол балалардан қорықпай күшікті көтеріп алды.
11. Есік ашылғанда ол абдырап, не істерін білмей қалды.
12. Мұхтар бәрі неден, қалай басталғанын айтып берді.
13. Анасының жүзі жылып, мейірлене қарады.
2 - қадам (топтық жұмыс) - теория бойынша «Түсіну» критерийінің индикаторлары:
(неге? неліктен? себебі? не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) Себебін анықта.
1. Неліктен Мұхтардың киімі лас болды?
Ж: Себебі: Ол қақтың ішіндегі күшікті құтқарды.
2. Күшікті не үшін құтқарды?
Ж: Күшікке балалар тас атып, ол жан ұшырып, үрейленіп, аянышты халде еді.
3. Неге анасы ұрыспады?
Ж: Себебі: Баласының қайрымдылығына риза еді.
3 - қадам -(топтық жұмыс) теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторлары:
1. Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе1 - 3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
1 - 3) Венн диаграммасы арқылы адамның жаман және жақсы қасиеттерін салыстыр.
Жаман қасиет Ұқсастығы Жақсы қасиет
4) Тақырыптың басты идеясы неде?
А) Екеуі де адамға ортақ қасиет: жаман, жақсы.
Б) Қайрымдылық – жақсылық жасау, қорғау, ізгілікті іс, көмектесу.
4 - қадам -(топтық жұмыс) теория бойынша «Жинақтау» критерийінің индикаторлары:
Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны немесе сөзжұмбақты толтыр, немесе өзің құрастыр тағы с. с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады
Тақырыптың басты идеясын тірек сызба түрінде беріп, бос орындарға тиісті сөздерді қой.
Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады.
5 - қадам - (топтық жұмыс) практикада бекіту. Практика жүзінде «Қолдану» критерийіне сәйкес оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады
Әңгімені бөлікке бөліп ат қою.
1. Ұқыпты оқушы.
2. Мұхтардың күшікке көмегі.
3. Мейірімді ана.
Сөздік жұмыс.
Бәкене – аласа
Қақ – іркіліп қалған жауын суы.
6 - қадам (топтық жұмыс):
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір.
1. Мектептен келе жатып Мұхтар қандай оқиғаға тап болды?
Ж: Мектептен келе жатып Мұхтар балалар күшікті орталарына алып, жан - жағынан тас лақтырғанын көрді.
2. Мұхтар не үшін қуанды?
Ж: Анасы болған жағдайға ұрыспай мейірлене қарағанына қуанды.
3. Мұхтарға анасы не үшін ұрыспады?
Ж: Балалардан қорықпай кішкентай күшікті құтқарғаны үшін ұрыспады.
4. Мұхтардың орнында өзің болсаң қайтер едің?
Ж: Мен болсам.........
ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады.
Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
І деңгей (5 балл)
1 - қадам – (жеке жұмыс) теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторларына сәйкес
(тақырып мазмұны бойынша кім? не?
қандай? қалай? нені? қашан? не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады) Бос орындарға тиісті сөздерді жаз
1. Қайырымдылық - жақсы қасиет.
2. Ол кішіге қамқор болу, үлкенге көмектесу, ізгілікті іс жасау.
2 - қадам (жеке жұмыс): Практика жүзінде «ҚОЛДАНУ» критерийіне сәйкес (ІІ кезеңдегіге 5 - қадам қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) «Адасқан әріптерді» тауып, сөз құрастыр.
а қ и ы р ы д ы м қайырымды
қ м о қ р а қамқор
1 - аралық нәтиже:
Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю. К. Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса.
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)
1 - қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Түсіну»
критерийінің индикаторларына (неге? неліктен? себебі? не үшін?) сәйкес
сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады. Себебін анықта
1. Не үшін мәтін «Қайырымдылық» деп аталды?
Ж: Мұхтардың күшікке жасаған қамқорлығы туралы әңгімеленген.
2 - қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторларына сәйкес
(1. Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз) деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1 - 3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
Тақырыптың басты идеясын жаз.
3 - қадам (жеке жұмыс): Практика жүзінде «ҚОЛДАНУ» критерийіне сәйкес (ІІ кезеңдегіге 5 - қадам қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқасы орындалады)
Дұрыс жауаптарды белгіле жақсы қасиетті тап:
1. Өтірік
2. Ізгілікті іс
3. Ұрыншақ
2 - аралық нәтиже:
Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю. К. Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса.
ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)
1 - қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Жинақтау»
критерийінің қорытынды шығаруға бағытталған индикаторлары:
Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с. с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.
ІІ - кезең, 4 - қадамда «жинақтауға» берілген тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады.
Тақырыпқа сәйкес мақал - мәтелдің мағынасын аш.
1. Адам болатын бала алысқа қарайды.
2. Саналы адам сағынды сындырмас,
Санасыз адам жа5ынды тындырмас.
2 - қадам (жеке жұмыс):
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады. Ойлан!
Сен мұндай жағдайда не істер едің?
3 - нәтиже:
Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»- ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю. К. Бабанский).
Табиғат - менің өз үйім
- nurbanu62
- 8 желтоқсан 2014
- 3685
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Табиғат менің өз үйім тақырыптағы сабақ жоспары, бастауыш сыныпқа арналған
Ұқсас жаңалықтар:
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу ерекшелігі? Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас...Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мәтелдерде ой - пікір бейнелі әрі тұспалдап...Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Қазақ тілі, 2-сынып Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері...Еріндік және езулік дауыстылар
Еріндік дауыстылар еріннің дөңгеленуі арқылы жасалса, езулік дауыстылар езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалады....Үшөлшемді әдістемелік жүйе білім беру сапасын арттырудың тиімді құралы
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылындағы Абай атындағы № 3 орта мектебі Динара Болатбек...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.