Сайтқа кіру Тіркелу

Екі шыбын

Пәні: ана тілі 4 а сынып
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділігі:
Оқушыларға «Екі шыбын» өлеңінің мазмұнын меңгерту, мән - мағынасын ашу.
2) Дамытушылығы: Өздігінен жұмыс істеу арқылы ой - өрісін дамыту, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
3) Тәрбиелілігі: Еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: автор суреті, тірек - сызбалар, кеспе қағаздар.
Түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: ой шақыру, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
• Оқушылармен сәлемдесу.
• Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық сәт:
Мынау менің жүрегім
Елімді мен сүйемін
Жақсылыққа жақын боп
Әрдайым күліп жүремін.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Кім жылдам?
Сапарғали Бегалиннің «Қырдың жас түлегі» әңгімесін мазмұндау.
Шоқанның суреті және өмірі туралы жазу. Шоқан шын аты Мұхаммед Ханафия. Қазақтың ғұлама ғалымы, саяхатшы, этнограф. Небары 30 жастың ішінде көптеген ғылыми еңбектер жазып, Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеген. Ол тек Қазақстан бойынша ғана емес, Құлжаға (Қытай жерінде), Ыстықкөл өңіріне (Қырғыз елі) экспедицияларға қатысып, зерттеулер жүргізді.

Омбының кадет корпусын бітірген (1853 ж.), Петербург университетінің тарих - филология факультетінде лекция тыңдаған (1861 - 62 жж.). Арғы атасы – Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли (1741 - 1821) – Шоқанның туған атасы.

Уәлиханов жас күнінен тарихи өлең, жыр, аңыз, әңгімелерге ден қойып, соларға құлақ түріп өскен. Сөйтіп, табиғатынан алғыр, зерек баланың рухани бағыт - бағдары ерте қалыптаса бастайды.

Ш. Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арабша хат таниды. Дәстүр бойынша «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.

1. 3 - сыныпта Шоқан туралы қандай әңгіме оқығаныңды есіңе түсір? (Қырдан келген жас қазақ)
2. Анатолийға мінездеме бер. (Қолынан ештеңе келмейтін, мақтаншақ, жағымпаз).
3. Шоқанға мінездеме бер. (Өз елін, табиғатын сүйеді. Ол мінезімен сыйлы. Жақсы мен жаманды айыра біледі).
4. Әңгімеде Шоқан оқыған сынып неліктен түгелдей жазаланды?
Сыныптың тәртіпсіз іс - әрекетіне, бұл сыныптың балаларын түгелдей жазаланады. Жексенбі күндері бірде - бір бала үйлеріне бармасын деп бұйрық берді. Бұл қысым қыс ортасына дейін созылды.
5. «Қорқарың бар қораға кірме» деген сөзді қалай түсінесің?
Сужүрек, қорқақ, әлсіз, ынжық

ІV. Ой шақыру.
Ызыңдап ән салады,
Жұп - жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады.
Шыбын - жер жүзінде ең көп таралған тіршілік иелері. Шыбындардың тек бір ғана жұп қанаты болады. Басы шар немесе жартышар тәрізді, кеудесімен құрсаққа жалғасады. Олар қорегін жалайды. Шыбынның гессен шыбыны, це - це, қырыққабат шыбыны, қара шыбын, көк ет шыбыны, Вольфартов шыбыны, кірпі шыбыны немесе тахина, барылдақ шыбын, өлексе шыбыны және т. б. 100000 - нан астам түрі бар. Шыбындар сүзек, полиомелит, өкпе ауруы, оба, туляремия, паратиф, миаза індетті кеселдерін жұқтырады.

V. Жаңа сабақты меңгерту.
Балалар бүгінгі өтетін сабағымыз Ахмет Байтұрсыновтың «Екі шыбын» өлеңі.
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы дүниеге келіп, 1938 жылы дүниеден өткен.
А. Байтұрсынов – көрнекті ғалым, дарынды ақын, қоғам қайраткері. Ол Қостанай облысы Сартүбек деген жерде туған. Ол арап әрпі негізінде тұңғыш рет қазақтың әліппесін жазды. «Қазақ» деген атпен газет шығарды. А. Байтұрсынов ұлтшыл деген жаламен тұтқынға алынған. Ол жазықсыз жалаға ұшырады.
VІ. Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Тізбектей оқу.

VІІ. Дәптермен жұмыс
Шылауында - біреудің ырқында, жетегінде

VІІІ. Сергіту сәті
Қолды белге қояйық
Басты оңға бұрайық
Басты солға бұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Бір отырып, бір тұрып
Біз демалып алайық

Кестемен жұмыс.
1 - ші шыбын қандай?
Мұрнын көкке көтеріп, адамсып, маңғазданып күні бойы бар шаруаны жалғыз өзі атқарғандай, шаршап, шалдығып, мазалағанына ашуланады.
Мақтаншақ
2 - ші шыбын қандай?
Біреудің я қайратын, я дәулетін пайдаланып өзі жасамаған шаруаны өзі жасағандай біреудің ырқында, жетегінде жүруі.
Кішіпейіл

ІХ. Сабақты бекіту.
«Шыбын аулау» ойыны

1. Өгіз қайдан келе жатты?(Сабаннан)
2. Шыбынға кім кездесті?(шыбын)
3. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары оның қай кітабына енгізілген?
(қырық мысал)
4. Оның қандай мысалын оқыдық?(Аққу, шортан, Һәм Шаян)

Х. Үйге тапсырма беру.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Екі шыбынды сахналау
1 - ші шыбын
Көзіме күні бойы көрінбеп ең,
Келесің, сен қай жақтан?
2 - ші шыбын
«Жер жыртып күні бойы, шаршап келем,
Мазалап сұрап саған не керегі?
1 - ші шыбын
Адамды кейбір түрлі алып еске,
Қарасақ, ғибрат бар бұл кеңесте.
Біреудің я қайратын, я дәулетін
Өзімсіп жүретіндер бар емес пе?

ХІ. Бағалау.
Сабаққа белсене араласқан оқушыларды мадақтау, бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×