Сайтқа кіру Тіркелу

Абай. Ғылым таппай мақтанба

Сабақтың тақырыбы: Абай. Ғылым таппай мақтанба.
Мақсаты: оқушыларды Абай атамыздың өлеңімен таныстыру; негізгі ойды ашу, сөздік қорын, сыни ойлау қабілетін дамыту, диалог арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқуға деген құлшыныстарын ояту, өз бетімен білім алуға тәрбиелеу
Оқытудың нәтижелері:
1. Өлеңге ауызша өз ойлауынша талдау жасай алады;
2. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады.
3. Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.
Қамтылатын модульдер:
1 - модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс),
2 - модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3 - модуль – бағалау,
4 – модуль - АКТ пайдалану (видео ролик),
7 модуль - көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)
Қадамдар:
1. Үй тапсырмасын тексеру 2. Топпен жұмыс 3. Рефлексия 4. Бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті:
1. Ұйымдастыру, жайлы атмосфера орнату. 2. Оқушының зейінін сабаққа аудару
3. Топқа бөлу 4. Тапсырма орындау
5. Үй тапсырмасын тексеру. «Ортадағы қалам» ойыны арқалы сұрақтар беріледі:
Психологиялық ахуал туғызу
Мен бүгін өзіме жақсылық тілеймін
Мен бүгін саған жақсылық тілеймін
Мен бүгін бәріне жақсылық тілеймін / топта үлкен шеңбер құруға болады/
Оқушының іс - әрекеті Сабақтың барысы:
1. Дайындық кезеңі Ой қозғау
Оқу туралы, білімге шақырған кімдердің, қандай шығармаларын оқыдық соңы еске түсіру
1топ І. Жансүгіров «Күн шыққанда»
2 топ Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңдерін жатқа айту
3 топ жақсы іске не жатады, жаман іске нелер жатады
2. Автормен танысу.
А
Б
А
й
Өлең жазатын адам кім?
Батыл, ер сөздеріне мағынасы жуық сөз?
Республикамыздың бас қаласы?
Түнде аспанда не шығады?
3. Өлеңді 3 топқа бөліп оқыту, ортада жариялау.
Мағынаны ашу. Абай кім? «Жұпта талқылау» стратегиясы./ өз білетінін қағазға түсіру, көршісімен бөлісу, жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады/
Мұғалімнің кіріспе сөзі Абай Құнанбаев туралы толықтыру
Оқулықпен жұмыс
I міндетті деңгей сұрақ тапсырмалары:
INSEPT стратегиясын қолдану арқылы өлеңді іштей оқу барысында
V - білемін,- білмеймін,+ мені жұмбақтандырады,? Мені таң қалдырады белгілерін қойып отыру тапсырылады.
Сөздік жұмыс бекер мал шашу, өсек, талап, қанағат, рақым

Өлеңді талдау
- Біз нені білеміз? – Бұл өлеңнен қандай жаңалық аштым?
- Не түсініксіз болды?
Топтық жұмыс /тапсырмалар орындау/
Абай ата сөздері
Бес асыл іс Бес дұшпаның
Сергіту сәті. «Қара жорға» биі
ә) II алгоритмдік деңгей сұрақ тапсырмалары:. Мақал - мәтел жарысы
Ой толғаныс
Б) III эвристикалық деңгей сұрақ - тапсырмалар: «Синкуейн» әдісі.
«Бес жолды өлең» құру
Не? Ғылым
Қандай? Қызықты, қиын,
Не істеді? үйренді, ашты, оқыды
Не үшін? сырын білу үшін
Синоним білім
Рефлексия. Абай ата ағашына бүгінгі түйген білгендерін жазу.
Үй тапсырмасы. Өлеңді жатқа айту. Абай туралы деректер жинау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×