Сайтқа кіру Тіркелу

Асқар Алтай «Дегелеңдегі жарылыс»

Сабақтың тақырыбы: А. Алтай «Дегелеңдегі жарылыс» (слайдымен)
Сабақ мақсаты:
1. А. Алтайдың шығармашылығымен таныстыру; әңгімені оқыту, Семей полигоны, «Невада - Семей» қозғалысы туралы түсінік беру;
2. Ой - өрісі, сөздік қорларын кеңейту, тілді дамыту;
3. Дұрыс түсініп оқуға үйрету; өз еліне, халқына, жеріне азаматтық борыш сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Қолданылған әдіс - тәсілдер:
• Тізбекпен оқу;
• Рөлмен оқу;
• Іштен оқу;
• Теріп оқу;
• Шығарманы өз бетіңше аяқтау;
• «Авторлық орындық» стратегиясы
• Бейнеролик
• Оқуды бейне суреттермен сәйкес жүргізу
• Мәнерлеп оқудың үлгісін көрсету
• Сөздік жұмыс.
Қолданған технологиялар:
• Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
• Денсаулық сақтау технологиясы
• Жергілікті компонент қолдану
• ИКТ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырe кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Мәтінді оқу.
Аянға жазған хаттарын оқу.

ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
1) Бүгінгі оқитын әңгімеміз жазушы Асқар Алтайдың «Дегелеңдегі жарылыс» атты шығармасы. Слайд 1
Дәптерлеріне бүгінгі күн, сабақтың тақырыбын жазыңдар.
2) Автор туралы ақпарат. Слайд 2
Асқар Алтай – қазіргі жазушылардың ішіндегі ірі жазушылардың бірі, Семей өңірінде дүниеге келген.
Ол отыз жасында бірінші романын жазды.
Бүгінгі күнге дейін жазылған 2 романы, бірнеше повесі, 30 - шақты әңгімесі бар.
Асқар Алтай – өзінің туған жерінің, елінің қайғы - қасірет, мұңы туралы жазып жүрген жазушы.

3) Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтарының 98 бетін ашыңдар. Тақырыпты оқыңдар.
- «Дегелең» атты жер туралы не білесіңдер?
- Оқулықтағы суретке назар аударыңдар. Бұл ненің суреті? (бомба, жарылыс)
- Семей ядролық полигоны туралы не білесіңдер?
(балалардың жауаптары)
- Семей полигоны – әлемдегі ең ірі бес полигонның бірі.
Қырық жылдан астам уақыт ішінде мұнда 456 жарылыс болды. Бұл өңірде қатерлі ісік, қан ауруларымен сырқаттану жиіледі. Бұрын қазақ арасында болып көрмеген сұмдық сырқаттар көбейді.
Сол күндері алдына аса ізгі мақсат қойған «Невада - Семей» қоғамдық бірлестігі дүниеге келді. Слайд 3
Невада - Семей қозғалысын жетекшілік етті.
- Бұл туралы «Полигонға жол жоқ!» деп аталатын видеороликтен көре аласыздар.
Бейнеролик «Полигонға жол жоқ!» қозғалысы.
Бұл бейнероликте республикалық деңгейде өткізілген іс - шаралар көрсетілген. Ал, қарапайым адамдар, жеке балалардың тағдыры туралы Асқар Алтайдың әңгімесінен оқып білеміз.
І бөлігін (үзіндіні) оқу
● Мәтіннің басында кімдер туралы әңгімеленген?
● Бас кейіпкерді атаңдар
● Неге барлық бала оған қызыға да, қызғана да қарайтын?
ІІ бөлігін (үзіндіні) оқу
● Бұл үзіндіде не жайлы айтылған?
● Ауыл адамдарының күнделікті тіршілігі туралы. Олар мал бағып, шөп жинап, бала өсірген жайы бар.
ІІІ бөлігін оқу
●Үлкендер арасында қандай әңгіме шықты?
● Бұл хабарды халық қалай қабылдады?
● (үлкендер - үрейленіп, уайымдай бастады, балалар – мән берген жоқ)
IV бөлігін оқу
V бөлігін оқу
● Дегелең тауына ұлдар неге барды?
● Дегелең үстінде жарылған не нәрсе?
● Осы жарылыстың әсерінен Қажымұрат қандай жағдайға душар болды?

Сергіту сәті:
Көзге арналған жаттығулар орындайық.
• Көздерімізді қатты жұмып 1 - 3 санап, ашамыз.
• Қолымызды алға созып, саусағымыздың басына қарап тұрып, саусағымызды бірде жақындатып, бірде алыстатамыз.
• Саусақтың басына қарап, жоғары, төмен, оңға, солға қараймыз.
• «Шамшырақ» жаттығуы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×