Сайтқа кіру Тіркелу

Бақшада

Сабақтың тақырыбы: Машқар Гумеров «Бақшада»
Мақсаты:
Білімділік: Өсімдік аурулары жөнінде мағлұмат беру, оларды емдеу жолдарымен таныстыру
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту, сыни тұрғыдан ойлай білуге үйрету, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өсімдіктерді қорғауға, оларды күтіп баптауға, емдей білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Слайд, доп, 6 қалпақ, рефлексия
Пәнаралық байланыс: дүниетану, дене шынықтыру, өзін - өзі тану,
Оқытудың нәтижелері:
1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады
2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді
3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады
4. Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.
5. Өзін бағалап үйренеді

Қамтылатын модульдер:
1 - модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс)
2 - модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (6 қалпақ әдісі)
3 - модуль: Бағалау ( басбармақ арқылы)
4 - модуль: АКТ – ны пайдалану (интербелсенді тақта, видео)
7 - модуль: Көшбасшылық
Қадамдар:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Топпен жұмыс.
3. Рефлексия
4. Бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті:
1. Оқушының зейінін сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту
3. Топқа бөлу
4. Жаңа сабақты түсіндіру
5. Тапсырмалар беру
Оқушының іс - әрекеті:

1. Зейіндерін сабаққа аударады
2. Үй тапсырмасын орындайды
3. Түстер арқылы топқа бөлінеді
4. Жаңа сабақты меңгереді
5. Берілген тапсырмаларды топтасып орындайды
6. Кері байланыс. Басбармақтар арқылы сабақтар алған білімдерін көрсетеді

Сабақтың барысы
І – кезең: Қызығушылықты ояту (5 - 10 мин)
Психологиялық дайындық: Оқушылардың көңіл күйлерін анықтау үшін, оқушылар алдарындағы смайлинктердің тиістісін көтереді. Осылайша мен оқушылардың көңіл күйлерін анықтаймын.

Үй тапсырмасын тексеру: Модуль 2, әдісі Эссе жазу стратегиясы, әдісі «автордың орындығы»
2 - 3 оқушыдан Ғабит Мүсіреповтің «Ана құшағында»мәтіннің мазмұнын сұраймын.

Үй тапсырмасын бекіту: Модуль 2, әдісі «Серпілген сауал»
Ойын шарты: Ойын шарты бойынша, допты серпи отырып бір оқушыға лақтырамын, сол оқушы менің қойған сұрағыма жауап береді. Ойын осылайша жалғаса береді.
Сұрақтар:
1. Анасы Қайрошты қайда іздеп келеді?
2. Қайроштың досының есімі кім?
3. Қайрош неліктен анасымен бірге кетіп қалмады?
4. Егер сен Қайроштың орнында болсаң не істер едің?

ІІ – кезең: Мағынаны ашу (20 – 25 мин)
Миға шабуыл. Модуль 1, әдісі диалогтік оқыту
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Көктемде қай еңбектің қызу жүріп жатырған кезі?
- Ендеше, біз бүгін Машқар Гумеровтың «Бақшада» әңгімесімен танысамыз

Оқушыларды түстер арқылы топтарға бөлу (ақ, қызыл, сары, қара, жасыл, көк)
Таңдаған түстері бойынша қалпақтарын киді.
1 – тапсырма: Модуль 4, АКТ – ны пайдалану
«Ақ қалпақтылар»тобы
Мәтін бойынша ақпараттар, фактілер.
«Қызыл қалпақтылар» тобы
Мәтін туралы ішкі сезімдері, ойлары

«Сары қалпақтылар» тобы
Мәтін бойынша логикалық жағымды ойлары
«Қара қалпақтылар» тобы
Мәтін туралы логикалық негативті ойлары
«Жасыл қалпақтылар» тобы
Мәтін туралы шығармашылық ойлары
«Көк қалпақтылар» тобы
Анализ, синтез, бағалау процесін басқарады.

Сергіту сәті: «Қызыл өрік»

2 – тапсырма: Модуль 2, әдісі «Жас тілші», Модуль 1, диалогтік оқыту
Әр топтан бір – бір оқушыдан шығады. Бір оқушы тілші, қалған оқушылар студияға келген қонақтар болады. Тілші келген қонақтарға мәтін бойынша сұрақтар қояды.

Рефлексия: Оқушылар тақтадағы басбармақтарға сабақтан алған білімдерінің деңгейін стикерге жазып, тиісті басбармақтардың астына жапсырады. Сол арқылы оқушылардың бағалары шығады.

Бағалау:
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жасушаның құрылысы, қызметі және химиялық құрамы, тағамдардың құрамындағы з ...

Жасушаның құрылысы, қызметі және химиялық құрамы, тағамдардың құрамындағы з ...

Жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделігіне қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа баулу...
Я әрпінің жазылуы

Я әрпінің жазылуы

«Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ - сі Бастауыш сынып мұғалімі А. Абенова...
Абай. Ғылым таппай мақтанба

Абай. Ғылым таппай мақтанба

Сабақтың тақырыбы: Абай. Ғылым таппай мақтанба. Мақсаты: оқушыларды Абай атамыздың өлеңімен таныстыру; негізгі ойды ашу, сөздік қорын, сыни ойлау...
Үлек

Үлек

Міндеті: Білімділік: Мерсердің танымдық тәсілдерін қолдану арқылы оқушының әңгіме мазмұнын өздігінен түсінуге, белсенді зерттеулер жүргізе отырып,...
Аққу, Шортан һәм Шаян (4 сынып)

Аққу, Шортан һәм Шаян (4 сынып)

Мақсаты Мысал мазмұнын өмірмен байланыстыра талдау арқылы идеясын түсінуге мүмкіндік жасау. Міндеттері  Шығармашылық жұмыстарды оқушының таным...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×