3 - сынып
№ 1 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Қандай сан 5 - тен 8 есе көп болады?
2. 45 санын 9 есе кеміт.
3. 36 мен 4 - тің бөліндісін тап.
4. 8 бен 3 - тің көбейтіндісін тап.
5. Бөлінгіші – 32, бөліндісі – 4. Бөлгішті тап.
6. Бірінші көбейткіш – 6, көбейтінді – 30. Екінші көбейткішті тап.
7. Қандай санды 7 - ге бөлгенде 8 шығады?
8. 50 саны ойланған сан мен 5 - тің айырмасына тең. Ойланған сан неше?
9. 32 шығуы үшін қандай санды 4 - ке арттыру қажет?
10. Азайғышы – 61, айырмасы – 18 болғанда өрнектің азайтқышы нешеге тең болады?
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1. 46 мен 31 сандарының айырмасын 5 есе кеміт.
2. 60 пен 40 - тың қосындысын 5 есе арттыр.
3. 28 санын 12 мен 9 сандарының айырмасына көбейт.
4. 9 бен 5 - тің көбейтіндісін 36 - ға кеміт.
5. 24 санын 16 мен 8 - дің айырмасына бөл.
6. 54 пен 6 - ның бөліндісін 37 - ге арттыр.
№ 2 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Қандай санды 6 есе кемітіп, 4 санын шығарып алуға болады?
2. Қандай санды 6 - ға арттырып, 30 санын шығарып алуға болады?
3. Бөлінгіші – 54, бөліндісі – 6 болса, бөлгіш қандай сан болады?
4. Екінші көбейткіші – 7, көбейтіндісі – 42 болса, бірінші көбейткіш қандай сан болады?
5. 48 бен 6 - ның бөліндісін тап.
6. 9 бен 7 - нің көбейтіндісін тап.
7. Қандай саннан 25 - ті кеміткенде 30 саны шығады деп ойлайсың?
8. 8 санын 5 есе арттыр.
9. 35 санын 8 - ге кеміт.
10. 36 санынан 6 саны неше есе кіші екенін тап.
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 65 санын 14 пен 7 - нің айырмасының мәніне арттыр.
2) 21 санын 4 пен 3 - тің қосындысына бөл.
3) 35 санынан 24 пен 3 - тің бөліндісін кеміт.
4) 8 санын 3 пен 9 - дың көбейтіндісінің мәніне арттыр.
5) 6 мен 3 - тің қосындысын 24 пен 15 - тің айырмасына көбейт.
6) 22 мен 16 - ның айырмасын 7 есе арттыр.
№ 3 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Бөлінгіші – 50, бөліндісі – 5. Бөлгішті тап.
2. Көбейтіндісі – 27 - ге тең, бірінші көбейткіші – 3 - ке тең өрнектің екінші көбейткішін тап.
3. 965 санын разрядты бірліктерге жікте.
4. Төрттен бір бөлігі 6 болатын санды тап.
5. 45 пен 9 - дың бөліндісін тап.
6. 32 саны 8 - ден неше есе көп?
7. 54 санының 47 санынан нешеуі артық?
8. 52 саны шығу үшін 25 - ке нешеу қосу керек?
9. Қандай саннан 18 - ді кеміткенде 34 шығады?
10. Ойланған санды 8 - ге бөлдік. Сонда 11 шықты. Ойланған сан қандай сан еді?
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 81 мен 9 - дың бөліндісін 5 есе арттыр.
2) 91 мен 47 - нің айырмасын 29 - ға арттыр.
3) 38 санын 32 мен 8 - дің айырмасына арттыр.
4) 4 пен 5 - тің қосындысы мен 8 - дің көбейтіндісін тап.
5) 10 мен 2 - нің бөліндісін 7 мен 8 - дің көбейтіндісінің мәніне қос.
6) 7 мен 4 - тің көбейтіндісін 54 пен 6 - ның бөліндісінің мәніне кеміт.
№ 4 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. 48 саны 6 - дан неше есе көп?
2. 17 саны 50 - ден нешеге аз?
3. Бестен бір бөлігі 25 болатын санды тап.
4. 2857 санын разрядты бірліктерге жікте.
5. Ойланған сан 6 - дан 7 есе көп. Ойланған санды тап.
6. Қандай санды 7 шығу үшін 9 - ға бөлу керек?
7. Қандай санның бөліндісінде 7 мен 8 болады?
8. 60 саны ойланған саннан 6 есе артық. Ойланған санды тап.
9. 60 болу үшін 45 - ті қаншаға арттыру қажет?
10. Бөлінгіші – 60 болса, ал бөліндісі – 4 болса, бөлгіші қанша болмақ?
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 18 бен 14 - тің қосындысын 8 есе кеміт.
2) 27 мен 18 - дің айырмасын 5 есе арттыр.
3) 54 санын 25 пен 19 - дың айырмасына бөл.
4) 8 саны мен 0 мен 9 - дың қосындысын көбейт.
5) 36 санынан 36 мен 6 - ның бөліндісін кеміт.
6) 9 санын 9 бен 4 сандарының көбейтіндісіне арттыр.
№ 5 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Бөлінгіші – 18, бөліндісі – 9. Бөлгішті тап.
2. Бірінші көбейткіші – 7, көбейтіндісі – 42. Екінші көбейткішті тап.
3. 72 мен 9 сандарының бөліндісін тап.
4. 72 мен 9 сандарының айырмасын тап.
5. 32 саны 4 - тен неше есеге көп?
6. 832 санын разрядты қосылғыштармен ауыстыр.
7. 514 санын разрядты бірліктерге жікте.
8. 9 жүздік 7 ондықтан қаншаға көп?
9. Қандай саннан 37 - ні кемітсе, 14 саны шығады?
10. Ойланған санды 5 - ке бөліп, нәтижесінде 12 саны шыққан. Қандай сан ойланып еді?
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 6 санына 17 мен 9 - дың айырмасын көбейт. Көбейтінді қанша болады?
2) 48 санын 0 мен 8 - дің қосындысына бөліп, бөлінді нешеге тең болатынын тап.
3) 60 санын 4 пен 9 - дың көбейтіндісінің мәніне кеміт.
4) 38 санына 32 мен 4 - тің бөліндісін қос.
5) 6 мен 9 сандарының көбейтіндісін 72 мен 8 сандарының бөліндісіне кеміт.
6) 31 мен 27 сандарының айырмасы мен 7 мен 4 - тің қосындысының көбейтіндісін тап.
№ 6 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. 990 санының алдында қандай сан тұрады?
2. 40 пен 4 - тің көбейтіндісі нешеге тең?
3. 6000 санының 300 санынан қаншасы артық?
4. 817 - ні 1 есе арттырғанда не шығады?
5. 8 жүздікке 4 бірлікті қос.
6. 88 - ді 22 шығу үшін нешеге бөлу қажет?
7. Қандай санды 160 болу үшін 80 - ге арттыру керек.
8. Бөлінді 8 - ге тең. Егер бөлгіш 8 - ге тең болса, бөлінгіш нешеге тең болмақ?
9. 120 саны 2 - ден неше есе артық?
10. Теңдікте 1 шығу үшін қандай санды 90 - ға бөлу керек?
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 60 пен 5 сандарының көбейтіндісінен 150 - ді кеміт.
2) 20 мен 3 сандарының көбейтіндісін 178 - ге арттыр.
3) 63 пен 15 - тің қосындысын 6 - ға бөл.
4) 69 бен 23 - тің бөліндісін 19 есе арттыр.
5) 47 мен 2 - нің көбейтіндісіне 78 бен 6 - ның бөліндісін қос.
6) 95 пен 5 - тің бөліндісін 7 мен 8 - дің қосындысына кеміт.
№ 7 тапсырма[/color
Өрнектің мәнін тап.
1. 9 жүздіктен, 9 бірліктен тұратын санды жаз.
2. 6 жүздіктен 6 ондықты кеміт.
3. 689 саны 2 санынан қаншаға көп?
4. 45 саны шығу үшін 15 - ті нешеге көбейту қажет?
5. 720 саны шығу үшін қандай санға 200 - ді қосу керек?
6. 48 ондықтың 8 бірліктен қаншасы артық?
7. 300 саны шығу үшін қандай санды 5 есе арттыру керек?
8. Бөлінгіші – 80, бөліндісі – 80. Бөлгішті тап.
9. 17 - ні 3 есе арттыр.
10. 12 мен 4 - тің көбейтіндісін тап.
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 15 пен 16 - ның қосындысын 17 - ге бөл.
2) 95 пен 20 - ның айырмасын 25 есе кеміт.
3) 24 пен 12 - нің қосындысының үштен бір бөлігін тап.
4) 5 санын 56 мен 49 - дың айырмасына көбейт.
5) 24 пен 16 сандарының айырмасын 72 мен 9 - дың бөліндісіне көбейт.
6) 60 пен 5 - тің бөліндісін 49 бен 39 - дың қосындысына арттыр.
№ 8 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Теңдікте 2 болу үшін қандай санды 11 - ге бөлу керек?
2. 100 - ді белгісіз санға бөлген кезде 2 қалдықпен 7 саны шығу қажет. Белгісіз сан нешеге тең?
3. 51 саны 3 - тен қаншаға артық?
4. Қандай санда 7 есе 8 бар?
5. Әр қосылғыш 90 болғанда үш қосылғыштың қосындысын қалай табуға болады?
6. 58 - дің екіден бір бөлігін тап.
7. 210 санынан 5 ондық қаншаға кем?
8. Алтыдан бір бөлігі 5 - ке тең болса, ол қандай сан?
9. Бөлінгіші – 72, бөліндісі – 4 болса, ол өрнектің бөлгіші нешеге тең?
10. Азайғышы – 90, айырмасы – 37 болғандағы азайтқышты тап.
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 64 санын 6 мен 6 - ның көбейтіндісіне кеміт.
2) 17 санын 56 мен 7 - нің бөліндісіне арттыр.
3) 12 мен 8 сандарының айырмасын 7 есе арттыр.
4) 13 пен 17 сандарының қосындысын 5 есе кеміт.
5) 8 бен 4 сандарының көбейтіндісіне 16 мен 9 сандарының айырмасын қос.
6) 32 мен 8 сандарының бөліндісін 21 мен 7 сандарының айырмасының мәніне арттыр.
№ 9 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. 5 жүздіктен, 2 ондықтан, 3 бірліктен тұратын санды жаз.
2. 294 санын разрядты қосылғыштардың қосындысы ретінде көрсет.
3. Үш қосылғыштың қосындысы 400 - ге тең. Бірінші қосылғыш – 140, екінші қосылғыш – 200. Ал үшінші қосылғыш нешеге тең?
4. 650 санында неше ондық бар?
5. Қандай екі таңбалы санды 7 - ге бөлгенде 2 қалдық қалады?
6. 800 - ді 130 - ға арттыр.
7. 250 - ді 5 есе кеміт.
8. Белгісіз сан 170 - тің 30 - дан айырмасына тең. Белгісіз санды тап.
9. Тәуліктің үштен бір бөлігін тап.
10. 1 дециметр 1 метрдің неше бөлігі болып табылады?
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 63 пен 37 сандарының қосындысын 82 мен 77 сандарының айырмасына бөл.
2) 700 бен 350 сандарының айырмасын 70 - ке кеміт.
3) 650 мен 5 сандарының бөліндісін 13 пен 5 сандарының көбейтіндісіне кеміт.
4) 7 ондық пен 3 жүздіктің көбейтіндісін 1000 есе кеміт.
5) 80 санын 75 пен 5 - тің бөліндісінің мәніне кеміт.
6) 36 санын 90 мен 70 сандарының қосындысына арттыр.
№ 10 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. 370 - ті 60 - қа арттыр.
2. 800 - ді 2 есе кеміт.
3. 830 бен 30 сандарының қосындысын тап.
4. 20 мен 30 сандарының көбейтіндісін тап.
5. 400 - дің 720 - дан қаншасы кем?
6. 560 - ты 80 саны шығу үшін нешеге бөлу керек?
7. 60 саны ойланған саннан көп. Ойланған санды азайтқанда 8 шығу керек. Ойланған санды тап.
8. 80 мен 6 сандарының бөліндісінен не шығады?
9. 420 - ның жетіден бірін тап.
10. Үштен бір бөлігі 21 болатын санды ойлап тап.
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 29 бен 25 сандарының қосындысын 11 мен 5 сандарының айырмасына бөл.
2) 7 мен 9 сандарының көбейтіндісінен 25 пен 5 сандарының бөліндісін кеміт.
3) 330 бен 270 сандарының қосындысын 3 есе кеміт.
4) 90 мен 3 сандарының бөліндісін 6 есе кеміт.
5) 660 санын 120 мен 180 сандарының қосындысына кеміт.
6) 970 пен 880 сандарының айырмасын 40 - қа арттыр.
№ 11 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. 630 бен 9 сандарының бөліндісін тап.
2. 8 ондыққа арттырғанда 480 шығатын санды тап.
3. Ойланған сан 490 - нан 7 есе кем. Ойланған санды тап.
4. 6445 санында неше жүздік бар?
5. Жетіден бір бөлігі 90 болатын санды тап.
6. 3 санының квадраты неше?
7. 2 санының кубы неше?
8. 810 саны 90 - нан неше есе үлкен?
9. 8 жүздіктен, 4 ондықтан, 2 бірліктен құралған санды жаз.
10. 901 санын разрядты қосылғыштар арқылы көрсет.
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 70 пен 30 сандарының қосындысын 3 есе арттыр.
2) 350 мен 250 сандарының айырмасын 30 - ға кеміт.
3) 12 мен 3 сандарының көбейтіндісін 7 мен 19 сандарының қосындысына арттыр.
4) 630 бен 9 - дың бөліндісін 13 пен 5 - тің көбейтіндісіне кеміт.
5) 640 санын 720 мен 90 сандарының бөліндісіне бөл.
6) 210 мен 290 сандарының қосындысын және 24 пен 26 - ның қосындысын көбейт.
№ 12 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Ойланған сан 50 - ден 5 есе артық. Ойланған сан қандай сан болуы мүмкін?
2. Қандай санға 360 болу үшін 1 жүздікті қосу керек?
3. 30000 - ның ішінде неше ондық бар?
4. 300 - дің алтыдан бір бөлігін тап.
5. 306 бірлік ІІ класта және 7 бірлік І класта болатын санды тауып жаз.
6. 7 бірлік 4 - ші разрядта, 5 бірлік 2 - ші разрядта және 2 бірлік 1 разрядта болатын санды жаз.
7. Азайғышы – 300, айырмасы – 70. Азайтқышты тап.
8. Бөлінгіші – 90, бөліндісі – 5. Бөлгішті тап.
9. 32 санын 2 есе арттыр.
10. 630 санын 5 ондыққа кеміт.
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 160 пен 40 сандарының қосындысын 350 мен 310 сандарының айырмасына кеміт.
2) 700 бен 350 сандарының айырмасын 36 мен 2 сандарының бөліндісіне арттыр.
3) 60 пен 50 сандарының көбейтіндісін 2 есе арттыр.
4) 720 мен 8 - дің бөліндісін 45 - ке кеміт.
5) 40 санын 75 пен 5 сандарының бөліндісіне көбейт.
6) 680 мен 220 сандарының қосындысы мен 85 пен 55 - тің айырмасын бөл.
№ 13 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Қандай үш таңбалы санды 8 - ге бөлгенде 3 қалдық қалады?
2. 30040 санында неше жүздік бар?
3. 2 бірлік 6 - шы разрядта, 7 бірлік 4 - ші разрядта және 5 бірлік 2 - ші разрядта тұрған санды жаз.
4. 28 бірлік ІІІ - ші класта, 42 бірлік І - ші класта тұрған санды жаз.
5. 78 санын 1000 есе арттыр.
6. Қандай ойдағы сан 11 - ден 7 есе артық?
7. Егер бөлінгіші – 36 болса, ал бөліндісі – 3 - ке тең болса, бөлгіш нешеге тең болады?
8. Егер көбейтіндісі – 45 болса, екінші көбейткіші – 5 болса, белгісіз көбейткіш нешеге тең болуы мүмкін?
9. Қандай санды 4 - ке бөлгенде 12 саны шығады?
10. 480 теңдік болу үшін қандай санды 60 - қа арттырамыз?
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 1 мен 9999 сандарының қосындысын 100 есе кеміт.
2) 500 бен 150 сандарының айырмасын 360 - қа арттыр.
3) 100 бен 20 сандарының көбейтіндісін 1700 бен 200 сандарының қосындысына кеміт.
4) 2800 бен 100 сандарының бөліндісін 2400 бен 4 сандарының бөліндісіне арттыр.
5) 6000 санын 60 пен 70 сандарының көбейтіндісіне кеміт.
6) 810 және 9 сандарының бөліндісі мен 30 және 7 - нің көбейтіндісін қос.
№ 14 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. 45 бірлік ІІ - ші класта, 29 бірлік І - ші класта тұрған санды жаз.
2. 4 бірлік 5 - ші разрядта, 8 бірлік 3 - ші разрядта, 2 бірлік 1 - ші разрядта тұрған санды жаз.
3. 6402 санында неше жүздік бар?
4. Ең кіші алты таңбалы санды жаз.
5. Мыңды 4 есе кеміт.
6. Мыңды үш ондыққа кеміт.
7. Егер бөлінгіші – 400, бөліндісі – 50 болса, бөлгіш нешеге тең болмақ?
8. Егер азайтқышы – 270, айырмасы – 530 болса, азайғыш нешеге тең болмақ?
9. Қандай санды 90 - ға немесе 40 - қа бөлгенде екіншісі шығады?
10. 870 саны ойланған саннан 90 - ды алғанда шығады. Ойланған сан нешеге тең?
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 70 пен 80 сандарының қосындысын 75 пен 85 сандарының қосындысына арттыр.
2) 100 бен 36 сандарының айырмасын 8 бен 8 сандарының көбейтіндісіне кеміт.
3) 5 ондық пен 2 жүздіктің көбейтіндісін 1000 есе кеміт.
4) 9 жүздік пен 3 ондықтың бөліндісін 370 - ке арттыр.
5) 480 санын 360 пен 9 - дың бөліндісіне арттыр.
6) 320 мен 680 сандарының қосындысы мен 1000 және 750 сандарының айырмасын азайт.
№ 15 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. 70 бірлік ІІІ - ші класта, 112 бірлік ІІ - ші класта, 54 бірлік І - ші класта тұратын санды жаз.
2. 9 бірлік 4 - ші разрядта, 5 бірлік 3 - ші разрядта, 7 бірлік 2 - ші разрядта, 2 бірлік 1 - ші разрядта тұратын санды жаз.
3. Үш қосылғыштың қосындысы – 810. Біріншісі – 350, екіншісі – 190. Үшіншісі нешеге тең?
4. Қандай ең кіші үш таңбалы санды 9 - ға бөлгенде 4 қалдық қалады?
5. 4 санының кубын тап.
6. Сегізден бір бөлігі 12 болатын санды тап.
7. 75 ондық 50 бірліктен неше есе үлкен?
8. Бөлінгіші – 63, бөліндісі – 21 болса, бөлгіші қанша?
9. Азайғышы – 720, айырмасы – 470 болса, азайтқышы қанша?
10. 80 саны ойланған саннан 7 есе кіші. Ойланған санды тап.
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 240 пен 560 - тың қосындысын 180 - ге арттыр.
2) 600 бен 350 - дің айырмасын 5 есе кеміт.
3) 15 пен 4 - тің көбейтіндісін 18 бен 2 - нің көбейтіндісіне кеміт.
4) 72 мен 6 сандарының бөліндісін 72 мен 6 сандарының айырмасына арттыр.
5) 500 санын 3 ондық пен 5 ондықтың көбейтіндісіне арттыр.
6) 1 жүздік пен 1 ондықтың қосындысын және 1 жүздік пен 6 ондықтың айырмасын көбейт.
№ 16 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. 5 бірлік ІІІ - ші класта, 9 бірлік ІІ - ші класта, 105 бірлік І - ші класта тұратын санды жаз.
2. 6 бірлік 5 - ші разрядта, 2 бірлік 3 - ші разрядта, 7 бірлік 2 - ші разрядта тұратын санды жаз.
3. Қандай ең үлкен екі таңбалы санды 6 - ға бөлгенде 5 қалдық қалады?
4. 310 саны ойланған сан мен 70 - ті қосқанда шығады. Ойланған санды тап.
5. 8 санының квадратын тап.
6. Алтыдан бір бөлігі 12 - ге тең болатын санды тап.
7. Бөлінді 60 - қа тең. Бөлгіш те 60 - қа тең. Ал бөлінгіш ше?
8. 100 саны шығу үшін қандай санды 65 - ке бөлу керек?
9. Километрдің төрттен бірін тап.
10. 2356 санын разрядты қосылғыштардың қосындысы ретінде көрсет.
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 48 бен 42 сандарының қосындысын 19 бен 21 сандарының қосындысына кеміт.
2) 7 жүздік пен 20 ондықтың айырмасын 25 пен 4 - тің көбейтіндісіне арттыр.
3) 3 ондық пен 2 жүздіктің көбейтіндісін 12 мен 50 сандарының көбейтіндісіне кеміт.
4) 45 ондық пен 50 - дің бөліндісін 4 есе арттыр.
5) 720 санын 480 мен 6 сандарының бөліндісіне кеміт.
6) 2 жүздік, 2 ондықты 55 пен 55 - тің қосындысына бөл.
Ақмола облысы, Зеренді ауданы,
Қонысбай селосы, Абай орта мектебі
Сейтмағанбетова Жұпар Баймұқашқызы
Математикалық жатжазу 3 сынып
- Жұпар
- 14 қараша 2019
- 81544
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Математикалық жатжазу, 3 сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Бөліндінің мәнінде нөлі бар болатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазб ...
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Марта Жұмажанқызының...Тәулік. Математика
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: уақыттың жаңа өлшем бірліктері – секунд, жыл, ғасырмен таныстыру; уақыт бірліктерінің өзара қатынасы туралы...Математикалық жатжазу 4 сынып
4 - сынып № 1 тапсырма Өрнектің мәнін тап. 1. 8 бірл. ІІІ кл, 204 бірл. ІІ кл, 7 бірл. І кл тұратын санды жаз. 2. 7 бірл. 6 - шы разрядта, 3 бірл. 5...Математикалық жатжазу 2 сынып
Өрнектің мәнін тап: 1. Бір таңбалы сандар нешеу? Екі таңбалылар ше? 2. 10, 11, 238, 5051, 7002 сандарының қосындысын тап....7 санын қосу және азайту
ШҚО, Семей қаласы, «№ 22 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Мамырбекова Анар Серикказиновна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.