Тақырып: Отаным. Астана.
Отаным менің байтақ өлкем.
Мақсаты: Отан – Қазақстан, туған ел туралы түсініктерін кеңейту. Туған ел Отан туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Отанға, халқына деген сүйіспеншілікке оны қадірлей, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: Карта, суреттер, деңгейлік тапсырмалар, кеспе қағаздар.
Сабақ түрі: аралас, дамытушылық.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, ой қозғау.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақ мақсатымен оқушыларды таныстыру.
ІІ Психологиялық дайындық.
- Балалар бүгінгі сабақ ерекше өтпек. Себебі, бізге қонақ келіп отыр. Кәне, бәріміз орнымыздан тұрып, күлімдеп алғысымызды айтайық.
Барлығы: Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге
Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастайық.
Балалар, бізге қонаққа алтын балық та келіпті. Ол текке келмепті «Мен баяғыда шалдың көптеген тілектерін орындаған едім, бірақ кемпірі қанағат етпей мені ренжіткен еді. Енді сендер менің тілектерімді орындаңдар, сонда мен де сендердің барлық тілектеріңді орындаймын» - дейді.
Келісеміз бе, балалар?
ІІ Өткенді пысықтау. Олай болса алтын балықтың алғашқы тілегі үй тапсырмасы бойынша.
Сұрақ – жауап.
Жақсы балалар. Алтын балық үй тапсырмасы бойынша риза.
ІV Жаңа сабақ.
Ой қозғау. Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем
Мен оның қасиетті тілін сүйем
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
- Бұл өлең не туралы?
- Балалар, енді балықтың тағы бір тапсырмасы сөзжұмбақ шешкізу: «Отан», «Астана» сөздері шығады.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.