Сайтқа кіру Тіркелу

Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш

Сабақтың тақырыбы: « Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» 103 - 105 жаттығулармен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жер - су аттары бас әріппен жазылатынын ұғындыру. Өлеңді мәнерлеп оқу. Әңгімені түсініп оқу.
Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық. Сөздік қорын молайту, сөйлеу тілін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы.
Оқыту әдіс - тәсілдері: Сұрақ – жауап, семантикалық карта, ребус шешу.
Көрнекілік - құрал жабдықтар: Компьютер, слайдтар, бейне баян.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, өзін - өзі тану
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ бізге қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасып алайық.
- Қайырлы таң!
II. Психологиялық дайындық: 1. « Көбелек жаттығуы»
1 - Таңертең көбелек оянды, тартылды
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,
Азғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды.
2. Көңіл күй сыйлайық
Саған күннің шуағын,
Саған судың тазалығын,
Саған құлпырған жер бетін,
Саған көктемнің шуақты күніндей көңіл - күй сыйлаймын!!!
III. Үй тапсырмасын тексеру. « Екі соқа» мәтінінің мазмұның сұрау.
Венн сызбасын толтыру.
Ережені сұрау. ( Кісі аты - жөні, жер – су аттары бас әріптен жазылады)
IV. Қызығушылықты ояту. « Ой қозғау» сұрақтарға жауап алу. 9 - 13 слайд
1. Туған жерлерін қалай аталады?
2. Құмсайда қандай өзен - көлдер бар?
3. Біздің еліміз қалай аталады?
4. Қазақстанда қандай ірі өзен - көлдер бар?
V. Жаңа сабақ.
1. Күннің жадың жазып, көркем жазу жазып алайық.
Наурыздың он екісі.
Сс Сс Сс
Судың да сұрауы бар.
Оқулықпен жұмыс. 1. 103 - жаттығу. «Сырдария» өлеңін мәнерлеп оқып беремін. Содан соң оқушыларға оқытамын. 16 - 19 слайд
Өлеңнен кісі аттары мен өзен аттарын тауып жазу.
Тарас - Днепр Пушкин - Еділ
Әбділдә Тәжібаев – Сырдария
2. 105 - жаттығу. Тақтада орындау. Сөздерді оқыңдар. Бірінші бағанға кісі аттарын, екінші бағанға жер - су аттарын жазу.
Кісі аттары Жер - су аттары
Аружан Баянауыл
Үсен Арал
Ақбілек Маңғыстау
Қуаныш Көкшетау
Айдар Қызылжар
Алакөл
Хантәңірі
Түркістан
Іле
Ұлытау
VI. Сергіту сәті: « Еңбекшіл бала»
3. Ребус шешу арқылы мәтіннің тақырыбын табу.
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» мәтінімен жұмыс. Слайдты пайдаланып өзім оқып беремін. Содан соң оқушыларға тізбектей оқытамын. Ыбырай Алтынсарин туралы қысқаша мәлімет беремін.
4. Сөздік жұмыс.
Нанның уағы - нанның үгіні, қиқымы.
5. Сұраққа жауап берейік:
- Атасы немересіне нелерді байқатты?
- Немересі байқағандары жайлы не айтты?
- Атасы немересіне нені үлгі етті?
VII. Сабақты бекіту.
Еңбек туралы мақалды аяқта.
1. Еңбектің наны тәтті,.......... ( жалқаудың жаны тәтті)
2. Еңбек етсең ерінбей,.......... (тояды қарынын тіленбей.)
VIII. Сабақты қорытындылау. Семантикалық карта.
Сөздер Жер атаулары Су атаулары Кісі аттары Жануарлар аттары
Ақтөс
Жайық
Мұрат
Ақтөбе
Елек
Қарағанды
IX. Үйге тапсырма: 104 - жаттығу. « Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» мәтіннің мазмұның айту.
X. Оқушыларды бағалау. мадақтау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бас әріппен жазылатын сөздер. Жайлауда

Бас әріппен жазылатын сөздер. Жайлауда

Білімділігі: Оқушылардың жер - су атауларын бас әріппен жазуға жаттықтыра отырып, олардың оқу сапасын, таным аясын арттыру. Дамытушылығы: Оқушылардың...
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш

Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш

ШҚО, Семей қаласы, «Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33 ЖОББМ» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Каримова Толкын Тлеубековна...
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш

Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құмсай бастауыш мектебінің мұғалімі Нартаева Казина Жаксылыковна...
Біріккен сөздер

Біріккен сөздер

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер...
Бас әріппен басталып жазылатын сөздер. С.Көбеев «Екі соқа»

Бас әріппен басталып жазылатын сөздер. С.Көбеев «Екі соқа»

Сабақтың тақырыбы: Бас әріппен басталып жазылатын сөздер. С. Көбеев «Екі соқа». Сабақтың мақсаты: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×