Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауыш сыныпқа арналған сабақтар топтамасы

Сабақтар тізімі:
1. Математика. 1 - сынып Тақырыбы: Жақшалы өрнектер
2. Математика. 2 - сынып Тақырыбы: Жүздіктермен санау. Мың
3. Математика 3 - сынып Тақырыбы: Көбейтудің қасиеттерін қолдану
4. Өзін - өзі тану 2 - сынып Тақырыбы: Менің ұстазым

Сабақтың үлгісі:
Сабақтың тақырыбы: Менің ұстазым.
Сабақтың мақсаты: Балалардың «Білім», «еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, «сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу. Ұстазға деген құрметтеу көзқарастарын дамыту.
Міндеттері:
Ұстаздық әрі маман, әрі оқушыға жақсы дос, жанашыр, ақылшы екендігін түсіндіру. Ұстазбен өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту.
Тыныштық сәті
Топпен жұмыс.
Әр топтан ұстаз туралы жаттаған өлеңдерін оқиды.

«Ұстазға арнау»
Жанымды менің жайнатып
Баураған өзің мұғалім
Өзіңмен бірге таң атып
Өзіңмен күліп шығар күн!

Ақылшым асыл ұстазым
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен
Қамқор боп қалам ұштадың!

Маған ұстаз үйретті
Әліппесін өмірдің
Жан жүйемді билетті
Күйі шалқып көңілдің.

Күлімдеген, күнім деген
Қамқор болған ұстазым
Жаны жайсаң жайдары жан
Ұғындырған сөз мәнін.

Жайғанда арман құшағын
Өзіңе мен де ұқсармын
Жеткенше қайрат күш - әлім
Биікке самғап ұшармын.

Анамыздай аялап
Ақылшы болған ұстазым
Өзіңнің ғана еңбегің
Бүгінде биік ұшқаным.

Мектеп - кеме, білім теңіз
Барар жерге тез жетеміз
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.

Білімнің кәусәр бұлағын
Жүресің құйып санама
Біз үшін сенің мұғалім
Ұстаз да, ғалым, дана да

Сағыныш сазы толқытқан
Арнамақ сөздің мәйегін
Шәкірттерің оқытқан
Келіп тұр жолдап сәлемін.

Өмірдің ұғып тереңін
Өркен жайған қауышым
Қабыл ал жүрек сәлемін
Құлақта сенің әр үнің

Білім берген баршаға
Ұстазым менің шаршама
Әр жыл ұшып алдыңнан
Түлектер жатыр қаншама.

Жақсы оқып үздік атансақ
Ата - анамдай қуандық
Үлгілі із қалдырған
Жолыңызды қуармын

Күн болып күліп балаға
Ой жіберген санаға
Мың бір сәлем жолдаймыз
Ардақты абзал ұстазға.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Менің ұстазым

Менің ұстазым

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ұстаз — екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау. ә) Танымдық қабілетін арттыру. Мұғаліммен оқушы...
Сабақтар топтамасы (математика пәні)

Сабақтар топтамасы (математика пәні)

Жезқазған қаласы, «№21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Салықбаева Бану Жүкенқызы...
Менің ұстаздарым

Менің ұстаздарым

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Әуезов кенті, "Бақыршық орта мектебі" КММ Бастауыш сынып мұғалімі Сатимова Меруерт Бауржановна Пән: Өзін-өзі...
Ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі

Ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылы Қ.Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна ...
өзін-өзі тану

өзін-өзі тану

Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×