Сайтқа кіру Тіркелу

1 сынып. Сауат ашу. Тест

1 сынып. Сауат ашу. Тест №1 (Мамыр 2014)
1) Жуан сөзді белгіле.
А) Орман Ә) Кейіпкер Б) Кітап
2) Жіңішке сөзді белгіле.
А) Машина Ә) Көбелек Б) Түйеқұс
3) Буынға дұрыс бөлінген сөзді белгіле. р
А) Да - уыс - ты Ә) Дау - ыс - ты Б) Дауы - сты
4) Буынға дұрыс бөлінген сөзді белгіле.
А) Тың - айт - қыш Ә) Ты - ңайт - қыш Б) Ты - ңай - тқыш
5) Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
А) Кім? Кімдер? Ә) Не істеді? Қайтті? Б) Қандай? Қай?
6) Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
А) Неше? Нешінші? Ә) Не? Нелер? Б) Қандай? Қай?
7) Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
А) Кім? Кімдер? Не? Нелер? Ә) Не қылды? Не істеді? Б) Қандай? Қай?
8) Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
А) Кім? Кімдер? Не? Нелер? Ә) Не қылды? Не істеді? Б) Қандай? Қай?
9) Тасымалданбайтын сөздерді белгіле.
А) Өріктер, қант Ә) Бұлт, аталар Б) Өрік, қант
10) Тасымалданбайтын сөздерді белгіле.
А) Спорт, спортшы Ә) Бұлт, емен Б) Емендер, бұлттар
11) Кімдер? сұрағына жауап беретін сөзді белгіле.
А) Оқушы Ә) Оқушыға Б) Оқушылар
12) Қандай? сұрағына жауап беретін сөзді белгіле.
А) Үшінші Ә) Жуан Б) Жүгірді
13) Не істеді? сұрағына жауап беретін сөзді белгіле.
А) Оқыды Ә) Әдемі Б) Жеті
14) Заттың көп екенін білдіріп тұрған сөзді белгіле.
А) Апатайым Ә) Апатайларым Б) Апатайға
1 сынып. Сауат ашу. Тест №2 (Мамыр 2014)
1) Сұраулы сөйлемді белгіле.
А) Мерекеңіз құтты болсын! Ә) Мереке қашан болады? Б) Біз мерекелік шеруге қатыстық.
2) Лепті сөйлемді белгіле.
А) Туған күніңізбен құттықтаймын Ә) Туған күніңіз қашан болады
3) Қай сөйлем дұрыс құрастырылған?
А) Айбар отырғызды ағаш бірге атасымен.
Ә) Айбар атасымен бірге ағаш отырғызды.
Б) Айбар атасымен ағаш бірге отырғызды.
4) Айжан жазғы демалыста... барады.
А) сабаққа Ә) Астанаға Б) сырғанаққа
5) Алма ағашы қай кезде гүлдейді ( Тиісті тыныс белгіні тауып белгіле)
А) нүкте Ә) леп белгісі Б) Сұрақ белгісі
6) «Батыр» сөзіне мағынасы жуық сөздерді белгіле.
А) Зәулім, ізетті, қорқақ Ә) Ержүрек, батыл Б) Таза, көрікті, сұлу
7) Сөйлем неден құралады?
А) Дыбыстан Ә) Әріптен Б) Сөздерден
8) Мәтінге сай тақырыпты белгіле.
Жаз мезгілі. Орман іші салқын. Құстардың сайраған дауыстары естіледі. Тиін ағаштан ағашқа секіріп жүр. Орман іші көңілді.
А) Тиін Ә) Құстар Б) Ағаш В) Орман
9) Жуан дауысты дыбыстар қатарын белгіле.
А) а, о, ұ, ы Ә) а, о, ұ, ы, и Б) а, о, ұ, ы, у
10) Жіңішке дауысты дыбыстар қатарын белгіле.
А) ә, ө, ү, і, е, и Ә) ә, ө, ү, і, е Б) ә, ө, ү, і, е, у
11) Нешеу? сұрағына жауап беретін сөздерді белгіле.
А) Он төрт Ә) Сегізінші Б) Алтау
12) Қай? Сұрағына жауап беретін сөзді белгіле.
А) Шеткі Ә) Үшінші Б) Үлкен
Кері қайту
Ілмек сөздер: 1 сынып, сауат ашу, тест
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×