Қазақ тілі 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, жасалу жолдарын ажырата білуге үйрету.
2.Оқушылардың ойын жүйелі, жатық жеткізуге, интеллектуалды және эмоционалды белсенділігін арттыруға, жазу сауаттылығын дамыту
3.Инабаттылыққа, еңбекқорлық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылған әдіс тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, проблема тастау.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, музыка.
Көрнекілігі: Оқулық, суреттер, схемалар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Тілек гүлшоғын жасау.
2.Өткенді пысықтау.
Ой шақыру: «Көрші» ойынын ойнату.
1.Сөз таптарына нелер жатады?
- Зат есім дегеніміз не?
- Сын есім дегеніміз не?
- Сан есім дегеніміз не?
- Етістік дегеніміз не?
2.Сөйлем мүшелеріне нелер жатады?
- Бастауыш дегеніміз не?
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Тұрлаусыз мүшелерге нелер жатады?
3.Сөйлемнің тағы қандай мүшелері бар?
- Бірыңғай мүше дегеніміз не?
4.Сөйлем құра:Тал, терек, қайың.
3.Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту:1. Гүл + жан,Гүл + жайна,
Гүл + бақыт,гүл + десте
Күн + сұлу,күн + бағыс,күн +тізбе.
- Сөздерді топтасуына қарай қорытынды ереже шығару.
- Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады.
- Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
- Мысалы: Ақмарал, денсаулық, Айнабұлақ,
Қаратау, Алатау.
2.Оқулықпен жұмыс. Білімді тиянақтау,
226-жаттығу «ауызша»
Берілген сөздерді оқытып, сөз құрамына талдау.
Шаңсорғыш – шаң + сорғыш, балмұздақ - бал + мұздақ ,
ақбөкен – ақ + бөкен.
3.Дәптермен жұмыс. «Жинақтау тәсілі»
227-жаттығу. Сөйлемдерді оқып,біріккен сөздерді
«+» арқылы теріп жазу.
Тақтаға үш оқушы шығарып «Сыңарыңды тап ойынын» ойнату.
А)қырық-----------беу
Қызыл--------------түстік
Оң-------------------құм
Бел------------------аяқ
Ә)Қала аттары : Қызылорда
Кісі аттары: Айнұр
5. «Ой ашар»Сөздік диктант.
Бұзаубас, ақсақал, асқабақ, балық, Сарыағаш, ерекше, дәптер, Біржан, тас, балалар.
Ішіне «Біріккен сөз» / Сыртына»Жай сөз»
5.Өздік жұмыс. «Бес жолды өлең»
Тақырыбы Зат есім. Сын есім. Етістік.
Аққу ----------- ----------- -------------
Гүлжан ----------- ----------- -------------
Ақтабан ----------- ------------ --------------
Сөйлем құрау.
6.Топтық жұмыс.
Нұр.........
Ер............
Жан.........
Ақ.............
7.»Ой дамыту»Шығармашылық жұмыс.
1. Адамның ең үлкен бақыты--------------------------
2. Адамға күн қандай керек болса--------------------
3. Уақытыңды бос жібермес үшін---------------------
4. Дүниедегі ең тәтті нәрсе ----------------------
Ең жұмсақ нәрсе -------------------
Ең жарық нәрсе --------------------
8. Логикалық тапсырма.
«Он жылдан кейінгі ғаламшардың бейнесі»
9.Сабақты қорыту.
10.Үйге тапсырма 229-жаттығу.
Біріккен сөздің ережесін жаттау.
11.Білімдерін бағалау.
Біріккен сөздер
- Куралай
- 11 наурыз 2012
- 27799
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, ашық сабақ, бірікен сөздер
Ұқсас жаңалықтар:
Біріккен сөз
Біріккен сөз туралы ұғыммен таныстыра отырып, жаттығулар жұмысын жүргізу. Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ойлану қабілеттерін және сөздік...Біріккен сөздер
бастауыш сынып мұғалімі Актоты Исмагулова...Зат есімнің жасалуына жаттығу жұмыстары
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы № 4 Хромтау орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Касенова Жанагул Амангосовна...Біріккен сөз
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ы.Алтынсарин мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кожагалиева Айнур Набигалиевна...Біріккен сөздер
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.