1 - жүргізуші:
Оқу елге керек пе
Керексіз бе?
Болды дау....
Сар сап әлемге
Соғылды бір қоңырау.
Ол Ыбырай атаның
Қоңырауы болатын
Жарық етті әлемді,
Қараңғы еді дала тым
Жырын жаттап жатамыз.
Жалықпастан қыс - жазы.
Ұлы Ыбырай атамыз –
Ұстаздардың ұстазы.
Ұран тастар көп елге,
Кел балалар оқылық!
Деген көріп көңілге
«Ықыласпен тоқылық!»
2 - жүргізуші:
Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәт те келіп жетті.
1 - жүргізуші:
Армысыздар, ағайын!
Армысыздар мұғалімдер, аяулы жандар, білім іздеп инемен құдық қазғандар, құшақ жая қарсы аламыз сіздерді. Өлең оқып, би билеп, ән де бүгін айтылар.
2 - жүргізуші:
Армысыздар, аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
1 - жүргізуші:
Біз бүгін бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
2 - жүргізуші:
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан Толқын, Эльмира ұстаздарымызға
Хормен: «Мың алғыс!»
1 - оқушы:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым.
Арманым қонса қолыма
Арқаң деп сенің ұғамын.
2 - оқушы:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Егембердиева Аружанның орындауында «Ұстазым» әні.
1 - жүргізуші: Қасым Аманжолов ағамыз«Мектеп - кеме, білім - теңіз» деп тектен - текке айтпаған - ау, сірә. Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі – ұлы еңбек.
2 - жүргізуші:
Білім алды балалар.
Оқу сырын өзіңнен
Біліп алды балалар.
Жастың өсті санасы,
Елжірейді жүрегі.
Бастауышқа бар бала
Алғыс айтып жүреді.
І. Біліммен қаруланған қор болмайды.
1. оқушы Мадина:
Бастауыш бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
2. оқушы Азамат:
Мектеп – сенсің адалдықты үйреткен.
Мектеп – сенсің жамандықтан жиренткен.
Мектеп – сенсің жақсылықты ұран ғып,
Мектеп – сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.
3. оқушы Ұлдана:
Мектеп деген – білім кені, жыр кені
Мектеп деген – ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген – тәрбиеші адамға,
Мектеп деген – даналардың мекені.
«Пәндер айтысы» атты көрініс.
Лаура математика: Достар, жүріңдер, Ғылымға барып ақыл - кеңес алып, Даудың төрелігін сұрайық.
Ұлжан Ғылым: Бұл не айқай, бұл не шу?
Лаура математика: Ғылым аға, біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.
Ұлжан Ғылым: Ендеше баяндаңдар.
Лаура математика: - Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені адам баласына керегі мен. Мен есеп болмасам, адамдар сағатты, сауданы т. б. ғылымдар есебін қалай есептейді?
Сабина Ана тілі: Жоқ. Мәртебелі Ғылым, адам баласы Ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесі мәнін білмес еді.
Д. Еркебұлан Қазақ тілі: Қазақ тілі болмас дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қанша әріп барын білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.
Мадина Орыс тілі: Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса қалайша ол үштұғырлы тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінін аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?
Ақжігіт Дүниетану: Ал мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салты құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін.
Данияр дене тәрбиесі: Қымбатты достар! Барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға қалдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін, ең алдымен, дене қозғалысы, шымыр болу керек.
Ұлжан Ғылым: Өзін - өзі тану қайда? Ол неге үндемейді?
Исатай Өзін - өзі тану: Мен достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір - бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырмен әдеп сақтап тұрған жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайы, тәртіпті қадағалайтын өзін тану арқылы өзгеге үлгі болуға мүмкіндік бар деп сөзімді қорытамын.
Ұлжан Ғылым: Барлығыңның жауаптарыңды тыңдадым. Десек те, өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екендеріңді ескертемін. Адамдар таза ауада тынығады, дене үнемі қозғалыста болуы шарт, үш тілді меңгеру арқылы шетелдерде іссапарда болады, есеп арқылы білімдерін шыңдайды. Бәрің де бір - біріңмен тығыз байланысты ғылымсыңдар. Сондықтан «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп татулықпен тарасайық, достар!
1 - жүргізуші: Бізді болашаққа не бастайды?
Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы
Ата - ананың ақылы
Болашаққа деген сенім.
2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. Жан - жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.
Арманым боп аңсаған
Мәңгілік қалдым мекендеп
Өзіңе арнап жыр айтам,
Ардақтап сізді өтем деп.
ІІ. Ұстаздарға арнау
1 - оқушы Ә. Лаура:
Жұмысты ылғи қайсарды,
Көрмейміз мұндай жайсаңды.
Ұжымның мықты ұстазы,
Шолпан апайды айтсаңшы.
2 - оқушы А. Ақжігіт:
Айжамал апай тәрбиелікке оқытқан,
Санамызға қырын - сырын тоқытқан.
Ізгілік пен ізеттікке жетелеп,
Ақыл кенін болаттай ғып қорытқан.
3 - оқушы Сабина:
Сауле, Гүлнар апайлар орыс тілін танытқан,
Ойландырып ой - сананы дамытқан,
Баршаңызға тілеріміз жақсылық,
Арналады өлең атты шабыттан.
4 - оқушы Қ. Шыңғыс:
Әріп сырын үйреткен,
Шын көңілмен, жүрекпен.
Толқын апай керемет,
Сабақ берген біздерге.
5 - оқушы Т. Еркебұлан:
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға,
Тарап демде кетеді шаршауың да
Балбұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғаныңда солардың қоршауында.
6 - оқушы Д. Еркебұлан:
Ақылшым – асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың.
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұштадың.
Жалықпай үйреттің де балаларды,
Өмірге тарту еттің даналарды.
Ізгілікке жол ашып көрсетумен
Қара шашың қыраулап ағарады.
7 - оқушы К. Диас:
Мектеп – үйім, ұстаздарым – ата - анам,
Сенен өсіп сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім.
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
8 - оқушы Б. Нұрдәулет:
Ұстаздар жаққан шырақты,
Өшірмейік, балалар.
Бәрін - бәрін білесің,
Оқи берсең кітапты.
ІІІ. «Білімсіз күнің жоқ»
1 - оқушы Нұрбол:
Балам өсті дегенше,
Батыр өсті десейші.
Торғай екеш торғай да
Жаңбыр жауса баласын қорғайды.
2 - оқушы Алтынай:
Ата - ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің,
Анық достық қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
3 - оқушы Аружан:
Ұл таппас ана болмас, тұрарын айт,
Мал таппас бала болмас, құрарын айт.
Алты ұл тапқан ананы,
Ханым десе болады,
Кезек сыйласқан ағаны
Жаным десе болады.
Сондықтан үлкен тұрып,
Кіші сөйлегеннен без.
4 - оқушы Нұрбақыт:
Қойыңдаршы енді (ашуланып),
Әзілің жарасса атаңмен ойна деген,
Ал атаң шаршаса (күліп)
Апаңмен ойна деген.
5 - оқушы Альбина:
Есіңде болсын!
Екі қарияның ортасындағы
Бір бала дана болады.
Ал екі баланың ортасындағы
Бір шал бала болады.
6 - оқушы Ұлдана:
Жетер енді,
Жаманға айтқан ақылың,
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ ұрпақ
Жалын жоқ шоқпен тең.
7 - оқушы Ұлжан:
Жаман сөзден жақсы сөз дұрыс,
Жаманға айтқан сөзден
Жақсыға айтқан сөз дұрыс,
Ойсыз сөзден ойлы сөз дұрыс,
Айтылмай қалған сөзден
Айтылып қалған сөз дұрыс.
IV. Ел ертеңі көз алдымызда
1 - жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын жаңа бағдарламаны жариялады.
2 - жүргізуші:
Еліміз 2050 жылға дейін алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарынан орын алады деген.
1 - жүргізуші:
Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. Біздің ендігі міндетіміз, егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.
2 - жүргізуші:
Біздің мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
1 - жүргізуші:
Білімді адам қор болмайды дегендей, болашақ Қазақстанның ел ертеңі ортамызда.
Ортада: Менеджер, Мұғалім, Банкир, Ғалым, Экономист, Дәрігер.
Өлең оқу
Серғазықызы Мәдина «Қазақстан» М. Мақатаев
Жандарбек Зарина: «Туған жер» Қ. Аманжолов
Бектұр Ерасыл: «Туған өлкем» Қ. Жұмағалиев
Концерттік программа:
«Жаса, қазағым» Орындайтын Базарбай Азамат
Өзбек биі, орындайтын Бектұрсын Ұлдана
«Балалық шақ» орындайтын Әбдіжаппар Лаура
Келіншек биі, орындайтын қыздар тобы
Хор: «Сыныптастар - құрдастар» әні.
1 - жүргізуші:
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді анамызға.
Жақын тарттық біртіндеп бауыр басып,
Жүргеніңді ұнаттың арамызда.
2 - жүргізуші:
Сынып жетекшілерімізді ортаға шақырамыз.
Аюбаева Толқын апайымызды және Акенова Эльмира апайымызды.
Хор:
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
1 - жүргізуші:
Сөз кезегін бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі
Жексенбиева Шолпан апайға береміз.
2 - жүргізуші:
Сөз кезегін ардақты ата - аналарымызға береміз.
Бастауышым балбұлағым - Алдым сенен білім нәрін
- Акенова
- 3 мам 2014
- 16859
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауышым балбұлағым алдым сенен білім нәрін, бастауышпен қоштасу
Ұқсас жаңалықтар:
Рахмет, саған бастауыш!
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құмарлығын арттыру. Оқуға, білімді...Бастауышым – балбұлағым
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда, -...Бастауышым шамшырақ балғын бөбек балбұлақ
Сандугаш Аязбаева...Ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылы Қ.Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна ...Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік
Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым. Ұланың бүгі тойыңда, Арнайды саған бұл әнін....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.