Сайтқа кіру Тіркелу

Өзін-өзі тану сабағы

Мейрімділік жолымен
Мейірімділікті анадан үйрен.
Халық даналығы
Мақсаты: Балалардың «мейрімділік», «қайрымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- мейрімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту;
- мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: слайд, үнтаспа, бейнефильм, жүрекшенің үлгісі.
Шаттық шеңбері
Мұғалім балаларға шеңбер құрып тұруды ұсынады:
- Балалар, ортаға шеңбер құрып «Мейрімділік» өлеңі оқылады.
Мейрімділік
Әкел, досым, қолынды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет, кәне, соныңды
Баққа бірге кірейік,
Қол ұстасып жүрейік.
Мейірімділік белгісі –
Кел, қосылып күлейік.
Мұғалім оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады:
- Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы құндылықтарының бірі мейірімділік жайлы әңгімелесеміз. Адамдардың бір - біріне деген мейірімділігі - әдептілік белгісі.
Әңгімелесу
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру мен оның мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді.
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
- Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
- Адамзат ненің мейіріміне бөленген?
- Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:
«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер?
Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
«Мейірімділік» өлеңін оқу: (мұғалім)
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру
(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)
Сүйіспеншілік, қамқорлық, жарастық, ынтымақ, бауырмалдық, махаббат, ынтымақ, бірлік, достық.
Тыныштық сәті (Үнтаспадан арнайы әуен естіледі) Балаларға мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады.
Мұғалім: Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасайымыз.
Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз сол әлемге қарай қадам басайық. сүйспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан - дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір - біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді!
Қайтатын уақыт жетті, сиқырлы әлеммен қоштас отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді ашыңдар
Мәтінмен жұмыс «Сары тауық пен балапандары»
Мейірімділік қасиетінің мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады. Оқулықтағы мәтінді оқушы оқиды.
Сахналау Балаларға мәтін мазмұнын тереңірек түсіндіру мақсатында сахналау ұйымдастырылады.
Оқушылардың мейірімділік туралы пікірлері әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауаптары арқылы тыңдалады.
. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
. Күннің көзін неге ана жүрегіне теңеп отыр?
. Сендер үшін өмірде ең мейірімді жан кім?
Балалар жауабы тыңдалады.
Дәйексөз
Әңгіме мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөзбен түйінделеді.
Мұғалім тақтаға « Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.
- Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық, бәрі де адамдарға мейірімін сыйлайды. Мәпелеп, аялап бар жақсылығын мейірімін бәріне бірдей көрсетеді. Адамдар да дәл солай жасауы тиіс. Сондықтан да халық даналары «Мейірімділікті анадан үйрен» деген.
Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.
Сергіту сәті
Алақанмен сипағанда аялап,
Жақсы сезім қуанышың тасады.
Ақ көңілмен болар бейне саябақ,
Аялаған әр адамның құшағы.
Өзіммен - өзім «Жетімдер» фильмінен үзінді көрсету.
Балаларда қамқорлық, жанашырлық сезімдерін ояту мақсатында әңгіме ұйымдастыру. Фильмнен алған әсерлері жайлы сұрақтарға жауап алу.
Бөтен, танымайтын адамдар арасындағы мейіріділік және аға мен қарындас, бауырлар арасындағы мейірімділік жайлы әңгімелесу.
Өздеріңнің біреуге мейірімділік көрсеткен кездерің болды ма?
Балалар жауабы тыңдалады.
Жағдаяттарды талдау
Суреттер бойынша балалардың табиғатқа, заттарға, жан - жануарларға деген қамқорлық сезімдерін ояту.
Балалар біз бүгінгі сабағымызда адам бойындағы жақсы, асыл құндылықтарының бірі мейірімділік жайлы әңгімелестік. Қазақ халқы баланы жасынан тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, мейірімділікке, адалдыққа,
сыпайылыққа, кішіпейілдікке, ұйымшылдыққа, отаншыл болуға тәрбиелеген.
Көптеген мақал - мәтелдер, нақыл, тыйым сөздерді жиі айтып отырған.
Біздің оқып жатқан тарауымыз қалай аталады?
Балалар жауабы: «Адам болам десеңіз...»
Бұл кімнің өлең жолдары?
Бір оқушыға жатқа оқыту.
Қорытындылау
Балалар кімнің, ненің мейірімді екендігін мынадай сөздермен айтып жеткізедді:
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату - тәтті достарым мейірімді!
Жүректен жүрекке
Мұғалім: « Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады».- деп балаларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір - біріне деген жақсы тілектерін білдіреді. Балалар бәрі қосылып: «Балалардың мейірімді жүрегі,
Сіздерге бақыт, шаттық тілейді» - деп қонақтарға өздері жасаған жүрекшелерді ұсынады.
Үй жұмысы
Дәптерде берілген бос жолдарға «Мен мейірімді баламын» тақырыбында шағын әңгіме жазу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×