Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қосу мен азайту амалдарымен байланысты есептеу тәсілдерін қолдана отырып есеп шығару, өрнектерді салыстыру сияқты мәселелерді қайталау, есеп шығару мен байланысты білімдерін тексеру.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептеуге, ұлттық үрдістерге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Алған білімдерін жаттығу кезінде қолдана білу дағдыларын және өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі: ойын сабақ
Көрнекілік: Интерактивті тақта, слайд, ертегі кейіпкерлері, балықтар шаблоны
Сабақтың барысы
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
Математика сабағын,
Өте жақсы көреміз
Екі таңбалы сандарды
Азайтамыз, қосамыз
ә) Ертегілер елінен келген қонақтар.№2, 3 - слайд.
Түлкі: - Балалар, біз сендерден көмек сұрауға келдік!
Берілген тапсырмаларды орындап, балық ұстауға көмектесіңдерші!
Қасқыр: - Жақсылықтарыңды ұмытпаймыз!
«Су түбіне саяхат» бейне көрінісі. №4 слайд.
- Балалар, су түбіндегі көріністі тамашаладық. Су түбі тұнған балық екен. Өздерің қандай балықтарды білесіңдер? Атап көріңдерші!
- Сазан, жайын, бекіре, шортан, камбала, лақа, көксерке...
- Түлкі мен қасқырдың өтінішін орындаймыз ба, көмектесеміз бе?
Су түбіндегі әр балықтың тапсырмасын дұрыс орындасақ, біз оларды ұстап аламыз! Әр дұрыс жауапқа 1 балық. Ендеше сол балықтардың тапсырмаларын орындауға кірісейік!
ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең
1. Сөзжұмбақ шешу. №6 слайд.
Жауабы: «Ондық»
- Толық ондықтарды атаңдар.
2) «Золушкаға көмектес» ойыны. Әртүрлі екі таңбалы санға екі таңбалы санды ауызша қосу және азайтуға арналған есептер. Тапсырма дұрыс орындалса, Золушканың аяқ киімі табылады, дұрыс емес болса, басқа аяқ киім шығады. №8 слайд.
3) «Балық аулау» № 9 слайд
5 * 9
3+1 * 2
8 * 6
4+1*6
6* 2
9 - 1* 8
3+1* 2+2
3 * 5
10 *8
50 *80
40 * 60
70 * 20
40 * 70
70 * 30
90 * 20
4) Ұжымдық жұмыс № 10 слайд
5) Сергіту сәті. №11 слайд.
«Көз жанарыңды сақта» көзге арналған жаттығулар
- Біз сабақтың басынан аяғына дейін, интерактивтік тақтамен жұмыс жасайтындығымыздан, көзге арналған жаттығу артық болмас!
ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезең.
1. Ұжымдық жұмыс
а) Салыстыру.
Есептерді 3 - қатарға тең бөлеміз. Әркім өзінің қатарының есебін шығарады.
1 - бағаны – 1 қатарға, 2 - бағаны – 2 қатарға, 3 - бағаны – 3 қатарға.
1 - топ
(48+26) – 38 (84 – 16)+19
2 - топ
(77+13) – 46 18+ (80 – 27)
3 - топ
100 – (26+14) 100 – (63+27)
ә) «Алма жинау» ойыны. № слайд.
- Балалар, 1 – қатар 1 - топ болады, ал 2 - қатар 2 - топ, 3 - қатар, 3 - топ болады.
Алма ағашынан алмаларды теру. Қай топ бірінші болып алмаларды жинайды, сол топ жеңімпаз болады.
2. Бағалау. Қолдарындағы балық санына байланысты бағалау.
“5” – 5 балық
“4” – 4балық
“3” - 3 балық
- Балалар, балықты көп жинаған балаларға рақмет айтамыз!
4. Қонақтарды шығарып салу.
Түлкі: - Рақмет, балалар! Сендер нағыз доссыңдар!
Қасқыр: - Сабақтарыңды жақсы оқыңдар! Сау болыңдар, балалар!
5. Сабақты аяқтау.
Ойлан тап
- Базарова Роза
- 23 наурыз 2014
- 7052
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математика, ашық сабақ жоспары, сайыс сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Толық ондықтардан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру
Ақтөбе облысы, Темір ауданы Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Турмагамбетова Акслу...Жазбаша қосу және азайту
Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Утенова Гүлжанат Нұртайқызы...Қосындыдан санды азайту тәсілдері
Балапашева Жұмагүл Рахметовна Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебі...8 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері
Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: «78 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері». Сабақтың мақсаты: Білімділік: Екі таңбалы санға...Өткенді пысықтау
Кайдакова Жанат Бекболатовна «Сымбат» жеке мектебі Ақтөбе қаласы Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау Сабақтың мақсаты: Білімділік:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.