Тақырыбы: М. Мақатаев «Қарттарды сүйем»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға атақты ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясы - қарттар, олар – тірі шежіре, дана, ақылды екендігін ұғындыру;
Дамытушылығы: оқушылардың мәнерлеп оқуға деген ниет - ынтасын дамыту, тіл байлығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: қарттарды сүйе білуге, құрметтеуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ақынның суреті, мақалдар, суреттер. Әдістері: мәнерлеп оқу, әңгіме, оқулықпен жұмыс, салыстыру, ойын, өлең жазу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Көңілашар. 1. Оқушылардың назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Таң шапағы арайлап,
Дала нұрға боянды.
Балалардың барлығы,
Ұйқысынан оянды.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау, «Шеше мен бала» Ы. Алтынсарин.
1) 3 оқушы дайындаған көріністі көрсету
2) Сұрақ жауап:
А) Әңгімедегі кейіпкерлерді ата
Ә) Әңгімеде саған қай кейіпкер көбірек ұнады? Неге?
Б) Үлкен қыздың орнында сен болсаң, не істер едің?
Ойланып жауап бер: - Балалар, біз қандай үлкен бөліммен танысып жатырмыз?
- «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым».
- Дұрыс айтасыңдар, енді осы тарау бойынша қандай тақырыптармен танысып едік, кімнің есінде бар?
1. Ата ақылы/Сырбай Мәуленов/
2. Атасы мен немересі /С. Көбеев/
3. Шал мен балалар /С. Көбеев/
4. Апаның тілін алса егер… /Ж. Смақов/
5. Ата - әжеме хат /Ы. Алтынсарин/
6. Айтшы, әжетай/Ж. Смақов/
7. Ұшқан ұя/Б. Момышұлы/ т. б.
« Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей осы өткен тақырыптарымыздың барлығы үлкенді сыйлау, үлкенді құрметтеуге арналған екен.
Үй жұмысын қорытындылау: 1. Шығармадағы екі немесе бірнеше адамынын өзара сөйлесуі диялог деп аталады. 2. Көбірек жақсылық етуге шамаң келсін десең үнемді болу керек.
Жаңа сабақ: «Қарттарды сүйем» М. Мақатаев.
I. Ата, ана, бала туралы мақал - мәтелдер айту.
ІІ. Автор туралы түсінік беру
Суретін көрсету. М. Мақатаевтың бір шумақ өлеңімен бастау
Ақ қырау тұрған ақпанда
Ағаштар сырға таққанда.
Бозарып тұрып ақ таңда,
Есіңе мені алғайсың,
Есіңе мені алғайсың! Балалар, осы өлең шумақтары сендерге таныс па?
Естімесеңдер, бұл өлеңді жазған Мұқағали Мақатаев аталарың. Егер Мұқағали атамыз тірі болғанда ертең, яғни 9 – ақпан күні тура 83 жасқа толар еді.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың мақсаты: Мұқағали Мақатаев атамыздың өмірімен және Мұқағали атамыздың қарттарды құрметтеу, қадірлеу жайында жазған « Қарттарды сүйем»өлеңімен танысамыз.
Интеракивті тақтадан М. Мақатаевтың портретін, жұбайы Лашынның және балаларымен түскен суреттерін көрсету арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
———— 1931жыл 9 - ақпан
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы
- Атасы - Мақатай, әжесі - Тиын
- Әкесі - Сүлеймен, шешесі - Нағиман
- Жан жары – Лашын
- Қазақтың аса дарынды ақыны
- Алғашқы өлеңдерін 10жасынан жаза бастаған
- Қызы - Алмагүл, ұлдары - Айбар, Жұлдыз
Мұқағали атамыз әр түрлі тақырыпты жырлаған; туған жер, Отан, махаббат, достар, аға - қарындас, әке - шеше т. б. Мұқағали атамыз туралы кейінірек толықтай танысамыз.
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа - тұс келеді. Мұқағали 10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлең жазған. Ол өлең боп өмір сүрді. Өлең боп өмірден өтті. Яғни, 1976 жылы қайтыс болды. Оның: «Қарттарды сүйем», «Мен таулықпын», «Барлығы да сендердікі» деген өлеңдері бар. Мұқағали Мақатаевтын өзі оқыған олеңдерін үнтаспадан тыңдау.
ІІІ. Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.
Мына сұрақтарға жауап алу.
1) Өлеңнің авторы кім?
2) Ол туралы не білесің?
3) Мұрагер дегенді қалай түсінесің?
4) Өлеңге сүйеніп, қарт ұғымына мағынасы жуық сөздерді теріп жаз. Ол сөздерді «Күн шұғыласына» орналастыр. Ой толғау: Осы өлең неге бөлімнің соңына берілген деп ойлайсың?
ІV. Тізбектеп оқыту.
V. Шығармашылық жұмыс. Осы тақырыпқа байланысты 1шумақ өлең шығару. Мен дайын өлең жолдарын беріп, оқушыларға соны аяқтауды ұсынамын.
Бұрынғы біздің…….. (бабалар)
Қасиетті………(даналар)
Бабалардан бата………(алған)
Қазіргі біздің………(аталар).
Ой толғау: Мұқағали Мақатаветың Фариза Оңғарсыноваға шығарған өлеңдерін оқушылар жатқа айту арқылы Фариза Оңғарсынованы еске алу сәтін өткізу.
VІ. Дәптермен жұмыс. Өлеңді көшіріп жазу.
VІІ. Топтастыру. Ы. Алтынсарин, Абай Құнанбаев жане М. Мақатев шығармашылығы туралы біз не білеміз.
VІІІ. Қарттар үйі туралы біздін көз қарасымыз (пікір сайыс) Оқушылар: Бөбектерді қуантып,
Құрметтейміз қарттарды.
Жас ұрпақпыз талапты,
Жақсы оқимыз сабақты.
ІХ. Қорытынды. – Балалар, бүгінгі сабақта біз не үйрендік?(Топтастыру) Бағалау.
Х. Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге.
Қоңыраулатқан аспанды,
Найзағай шаншып өткенде.
Есіңе мені алғайсың
- деп артына мол мұра, өсиет қалдырған ақын өлеңімен сабағымызды аяқтаймын. Осындай әдемі өлеңдерімен ақын біздің есімізде мәнгі жатталып қалады. « Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына із қалдырған» деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали атамыз өлген жоқ. Ол бізбен мәңгі бірге, жырлары да мәңгі жасай береді. Олай болса, балалар, біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталмайды, әлі де болса өлеңдерін оқи, отыра талдаймыз.
Менінше бүгінгі сабақта оқушылар сабаққа өте жақсы қатысып отырды. Ал өздерің қалай ойлайсыңдар? Қанеки, бір - бірлеріңді бағалаңдар.
Рахмет, сендерге!
Үйге тапсырма:
1. Өлеңді жаттау
2. Қарттар үйі туралы мәліметтер жинақтау
3. М. Мақатаев өмірі және шығармашылығы туралы мәліметтер жинақтау.
Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.
Мұқағали Мақатев Мен қарттарды сүйем
- Сұлтанбей
- 20 наурыз 2014
- 16920
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қарттар үйі, пікір талас, әдеби кеш
Ұқсас жаңалықтар:
Бүгін менің туған күнім!
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Дәуітова Айнагүл Дәуітқызы...Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
Мұқағали Мақатаев (1931 - 1976)...М.Мақатаев Отан туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Каратаева Майя Исимкуловна...М.Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Смайлова Гулсима Зауегалиевна...«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК»
Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қойлық ауылы Мараимова Шарбану Укметовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.