Сабақтың тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға үй жануарларының пайдасы мен олардан келетін ауру түрлері туралы мәлімет беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру.
Тәрбиелігі: Өз ойларын жүйелі түрде жинақтап жеткізуге дағдыландыру. Ұлттымыздың салт - дәстүрімен таныстыру.
Көрнекілігі: Жан - жануарлардың суреттері, слайд, плакаттар, семантикалық карта.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, сайыс әдісін пайдалану
Пән аралық байланыс: Ана тілі, биология
Сабақтың барысы: I - Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу, жұрнал бойынша сыныпты түгелдеу 2. Сабаққа керекті заттарды реттеу 3. Сабаққа көңіл бөлу 4. Топқа бөлу
I - топ: Бастау тобы II - топ: Негізгі топ III - топ: Ғылыми топ
Психологиялық дайындық: Күн шуағын жинаймыз,
Достарымызға сыйлаймыз.
Реттік саны Жануардың атауы Өмір сүруі Қозғалысы Қоректенуі Түрі
Мұхитта Жерде Аспанда Ұшады Жүзеді Жүреді Ет Балық Өсімдік Балық Құс Сүтқоректі
1 Түйе
2 Бүркіт
3 Кит
4 Қасқыр
5 Аю
6 Қоян
7 Жылқы
8 Жолбарыс
9 Жапалақ
II Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру кезеңі
1 - кезең. Үй тапсырмасын семантикалық картаны толтыру арқылы тексеріледі.
Үй тапсырмасына ана тілі сабағынан өтілген «Үйшік» атты орыс ертегісі арқылы пысықтау.
1. Рөлге бөліп ойнау
2. Кейіпкерлерді атау
3. Әр кейіпкердің қай жануарлар тобына жататындығын анықтау
Мысалы: Қосмекенді – бақа,
Сүтқоректі – түлкі, қасқыр, аю
Кемірушілер – тышқан
Жыртқыш аңдар – қасқыр, түлкі
2 - кезең. Сұрақ - жауап
1. Сүтқоректі жануарлар туралы біз не білеміз?
I - топ
Жабайы аңдар мен малдар төлдерін емізіп, сүтпен қоректендіреді. Сондықтан оларды «Сүтқоректі жануарлар» деп атайды.
II - топ
Жер бетінде тек сүтқоректілердің ғана денесін түк (жүн) басқан. Қыстың суық айларында кейбіреулерінің жүні қалыңдайды. Сүтқоректілерді «жылықандылар» дейді. Себебі олардың денесі кез – келген ауа райында, термос сияқты, біркелкі температураны сақтап отырады.
III - топ
Жер үсті сүтқоректілерінің төрт аяғы болады. Ал теңіз сүтқоректілерінің аяқтарының орнында – жүзбекқанаттары бор. Көк кит – ең үлкен сүтқоректі жануар.
3 - кезең. Жабайы жануарлар деп неге атаймыз?
II - Топ
Жануарлардың бір тобы – жабайы аңдар. Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген.
I - топ
Жабайы жануарлар – Жолбарыс, қасқыр, түлкі, аю, т. б
III - топ
Жабайы жануарлардың кейбір түрлері қыстың күні қысқы ұйқыға кетеді. Мысалы: аю бар жинаған қорегін табанның майы арқылы сақтайды, сондықтан аю ұйықтап жатып табанын жалайды.
4 - кезең. Жыртқыш жануарлар туралы біз не білеміз?
I - топ
Мысық, ит, ақкіс сияқты аңдарды құстарды аулап, ұстап жейтін жануарларды жыртқыш жануарлар дейміз
II - топ
Жыртқыштар жемін аңдып, бақылап, үлкен жылдамдықпен қуалап аулайды. Олар – арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі, жапалақ т. б
III - топ
Жыртқыш жануарларды «дала санитары» деп те атайды. Себебі жыртқыш жануарлар жемін қуалаған кезде олардың ішіндегі ең әлсізі, ауруы артта қалып жыртқышқа жем болады. Сол арқылы аңдардың ауруы басқаларға жұғуынан сақтанып қалады.
Сергіту сәті: Керекті сөздерді тауып қою
1. Бау - бақша
2. Үй жануарлары
3. Қосмекенділер
4. Жабайы жануарлар
5. Құстар
6. Бунақ денелілер
7. Жапырақтар
8. Шірінділер (тыңайтқыштар)
9. Сүтқоректілер
10. Балдырлар
Жақсы балалар ( қой, ешкі, түйе, жылқы, сиыр) бұларды бір сөзбен не деп атаймыз?
Үй жануарлары:
Дұрыс балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Үй жануарлары.
Олай болса біз үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды атаймыз. Оларға: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы жатады. Үй жануарларын барлығымыз білеміз, иә, олар барлығымыздың үйімізде бар.
Үй жануарларының қоректенетін қорегі не?
Шөп, су, жем. Оларға қамқор болуымыз керек.
Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Олардың пайдасы өте көп, үстіміздегі киім, ішіп - жеп отырған азығымыз, тағамымыз осының бәрі төрт түліктен алынады.
Қой - төрт - түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Аяғымызға киетін байпағымыз, киіз үй жабындылары, еденге төселетін киіздер бәрі де қойдың жүнінен жасалады.
Ешкінің түбіті, терісі, сүті, еті өте пайдалы, оның әсіресе терісі мықты болады.
Ертеректе ешкі терісінен сусын құятын (ыдыс жасалған, оны мес деп атаған
Сиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар өте көп. Олар: құрт, ірімшік, май, қаймақ, айран, сүзбе, т. б. сиырдың еті де дәмді болады.
Жылқы мінсе көлік, сойса ет. Жылқыны көлік ретінде де пайдаланады. Оның еті өте дәмді қазы - қарта, жал - жая, қымыз адамға өте пайдалы, емдік қасиеті бар.
Түйенің сүті шұбат деп аталады. Шұбат әрі сусын, әрі тамақ, емдік қасиеті де бар. Түйеге ертеде жүк артып, көшіп - қонған кезде өте керек көлік ретінде пайдаланған. Өзге жануарлардан ерекшелігі шөлге, аштыққа төзімді.
Ойын (коммуникативтік, үйретуші»3 минут
Енді балалар «Төлін тап» ойынын ойнап көрейік. Тақта бетінде үй жануарлары мен олардың төлдері берілген. Олар бір - бірінен адасып қалған, соларды енелерімен қауыштыру керек.
I - Топ
(Суреттен балалар айтқаннан кейін төлдердің өз енелерінің қасына орналасуын сызба арқылы көрсетеміз: жылқы - құлын, сиыр - бұзау, қой - қозы, ешкі - лақ, тұйе - бота)
II - Топ
- Өте жақсы балалар, төлдерді енелерімен қауыштырып болдық, енді төрт түлікке байланысты мақал - мәтелдер айтайық
1. Түйенің бурасы жақсы,
Сөздің турасы жақсы.
2. Алып анадан туады,
Тұлпар биеден туады.
3. Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.
4. Қойшы көп болса
Қой арам өледі.
- Ал енді осы жануарлардың даусын ажырата былейік
III - Топ
Ал ендеше «Ізденіуші» топ бізге қандай жаңа мәліметтер береді екен?
1. Қымыздың пайдасы туралы мәліметті осы тақырыпты ізденіп жүрген оқушы Мекенбай Ақнұрды тыңдап корейк
2. Мал сүтінен жасалатын құрттар тақырыбын ізденуші Мәжит Әділеттің мәліметтерен тыңдайық.
3. Қонақ күтуге байланысты салт - дәстүрлер жинағын жинап жүрген Тәжіхан Аружанның қонақтарға арналған атаулы табақ түрлері туралы мәліметін тыңдайық.
Сергіту сәті: 3 мин (релаксациялық)
Көздеріңді жұмып, денелеріңді босаңсытыңдар, бос ұстаңдар.
Өздеріңді құспын деп елестетіңдер – ұша жөнеліңдер!
Алдарыңнан көкпеңбек теңіз кездесті, кеуделеріңе теңіздің толқындарыннан салқын самал соғады. Өте биікте ұшып жүрсіңдер. Алдарыңнан жап жасыл алып ағаш кездесті. Сендер сол ағашқа жайлап қоныңдар.
- Ала балалар осыдан қандай әсер алғандарыңды айтып көріңдерші.
4. Төрт түлік малдың пайдасымен бірге кейбір зиянды жақтарыда бар екен. Сол туралы «Балалардағы ішек – құрттар» туралы мәліметті жинақтаушы оқушыларымыз Нышанбай Береке және Боранов Жанасылдың үй жануарларынан адамға жұғатын құрттар туралы мәлімет алайық.
Сабақтың қорытындысы: Біз осы сабақтан не үйрендік?
1. Қандай жаңа мәліметтер алдық?
2. Мені не таңғалдырды?
3. «Венн диограммасы» арқылы жабайы және үй жануарлардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу.
Үйге тапсырма: Өздерің тұрған жерде кездесетін үй және жабайы жануарлардың тіршілігіне сипаттама беріп, жазбаша түрде дәптерге жазу.
Бағалау: Әр топ бір – бірін бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, қосымша мұғалім оқушыларды ынталандыру сөздермен мадақтау.
Жабайы және үй жанаурлары
- Сұлтанбей
- 20 наурыз 2014
- 34889
- 0
- 100
Ілмек сөздер: бастауыш сынып, жабайы аңдар, үй жануарлары
Ұқсас жаңалықтар:
Жан-жануарлар атауы
Жан-жануарлар атаулары кесте түрінде берілген. Жабайы аңдар, үй жануарлары: қой, ешкі, түйе, сиыр, жылқы...Жабайы жануарлардың тіршілік мекені
Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсінік беру. Оларды орманда мекен ететіні жөнінде айту. Балалар үй жануарлары және жабайы жануарларды ажырата...Үй жануарлары
«Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен...Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты: Оқушылар алған білімдеріне түсінік беру. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін тексеру, тапсырмаларды орындау, жануарлар жайлы кеңірек...Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп – интернатының бастауыш сынып мұғалімі Байетова Нұрлыгүл...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.