Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер.
Мақсаты: Дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік беру. Етістіктерді тауып оларды ажырата білуге үйрету. Тілін сөздік қорларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, түрлі - түсті суреттер
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, іздену, өзіндік
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 374 - жаттығу
ІІІ. Өткенді пысықтау:
Етістік деген не?
Сұрақтары?
Мысалдар келтіру.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
Етістіктердің дара және күрделі түрі болады.
Дара етістік бір сөзден тұрады: келді, оқыды, көрді.
Күрделі етістіе екі, үш сөзден құралған: келе жатыр, оқып отыр, көріп жүр.
Ү. Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс.
374 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Етістердің астын сыз. Оларды өзара салыстыру. Не байқадың?
Жаңбыр жауды. Жаңбыр жауып тұр. Қос аққу ұшты. Қос аққу ұшып барады. Айнұр кітап оқыды. Айнұр кітап оқып отыр.
376 - жаттығу күрделі етістікке айналдырып жаз.
Үлгі:
Дара етістік
Күрделі етістік
ұшты
ұшып барады
Ережені оқу. Хормен оқу, талдау.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
377 - жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құр, олардың қайсысы дара және күрделі етістік екенін айт.
Өсіп тұр, биледі, емдеп жүр.
378 - жаттығу. Дара мен күрделі етістіктерді салыстырып, дәлелде, мағына ерекшеліктерін байқа.
Көздеді, ойнап жүр, келе жатыр, көрді, тоқып жатыр, шомылды.
ҮІІ. Бекіту.
Дара етістік деген не?
Күрделі етістік дегеніміз не?
Суретке қарап сөйлем құра. Сөйлемнің ішіндегі күрделі етістіктің астын сыз.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
379 - жаттығу сурет бойынша әңгіме құра.
Дара және күрделі етістіктер
- kenje T
- 25 ақпан 2014
- 68673
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілі, дара және күрделі етістік
Ұқсас жаңалықтар:
Дара және күрделі етістік
Мақсаты А) Білімділік: Етістік туралы берілген білімді толықтыру, ол заттың әр алуан іс - әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы екендігі,...Дара және күрделі етістік
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ә. Болғанбай атындағы негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қызылбаева Бактыгуль Тлеуғабылқызы...Дара және күрделі етістіктер
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Т. Жүргенов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бурамбаева Мейрамгул Бердибаевна...Дара және күрделі етістіктер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп- гимназиясы Есмурзаева Лазда Абсадыковна...Дара дәне күрделі етістік
Павлодар облысы, Екібастұз қаласының №26 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Батаева Үміткен Еркінқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.