Сайтқа кіру Тіркелу

Ақша қар

Сабақтың тақырыбы: Ақша қар. Зейнолла Шүкіров
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіру, қыс мезгілінің ерекшелігін әңгімелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың көркем сөйлеуін, өз ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелілік: Табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, СТО стратегиялары
Көрнекілігі: тақырыпты сурет, Ақынның портреті, қағаз қар қиыршықтары.
Өтілетін орны: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
а/ Оқу құралдарын түгендеу, оқушыларды орналастыру.
ә/ Писхологиялық дайындық.
Ана – тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!- деп ақын Қадыр Мырза Әли жырлағандай, ана тілі сабағын бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
- Мағжан Жұмабаев кім?
- «Балапан қанат қақты» әңгімесін оқыту.
әңгімені мазмұндау, өз бетінше аяқтау(3 - 4 оқушыдан шығармашылық жұмыстарын жинап алу)
Өткен сабақ бойынша білімдерін тиянақтау мақсатында тест сұрақтарына жауап алу.
Тест
1. Жылдың қай мезгіліне байланысты шығармалармен танысып жатырмыз?
а) Күз
ә) Қыс
б) Желтоқсан
2. Қыс айларын ата?
а) қыркүйек, желтоқсан, қазан
ә) желтоқсан, қаңтар, ақпан
б) қаңтар, наурыз, мамыр
3. Қазір қай ай?
а) қараша
ә) желтоқсан
б) қыс
4) Мағжан Жұмабаевтың қандай шығармасымен таныстық?
А) қыс
ә) Балапан қанат қақты
б) Ақша қар
5) Балапан жылы жаққа неге келе алмады?
а) Анасынан айырылып қалды.
ә) Қанааты қатып жеткен жоқ еді.
б) суыққа тоңған соң...
6) Балапанның халі сендерде қандай көңіл күй туғызды?
а) Қорқынышты
ә) аяаушылық
б) мейрімділік
Бүгінгі өтетін сабағымыз да қыс мезгіліне қатысты.
III. жаңа тақырыпты түсіндіру.
1/ Қызығушылықты ояту.
а/ Ой ашар. Жұмбақ шешу.
Қанттай ақ,
Мамықтай ұлпа.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (Қар)
2/ Қарға байланысты жаңылтпаш оқу.
а/ Бұл қар –
ә/Қырбық қар құрғақ па,
Сұр қар Құрғақ қар құрғақ па?
Сұр қар - Қырбық қар да құрғақ
Кір қар. Құрғақ қар да құрғақ.
Үстінде ойнама,
Үстіңді бұлғар.
- Балалар, жаңылтпаштардан қардың қандай түрлері бар екенін білдік?
(Сұр)
(Кір) қар
(Қырбық)
(Құрғақ)
Сергіту сәті:
II. Мағынаны таныту.
- Қарға байланысты оның түрлерімен таныстық. Енді бүгінгі күнді, тақырыпты жазайық.
- Желтоқсан айының оны
Сынып жұмысы
Ақша қар. Зейнолла Шүкіров
(Өлеңді оқымас бұрын, оның авторымен танысып алайық)
Зейнолла Шүкіров ( 1927 – 1979)
Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Бөген қыстағында дүниеге келген. Бастауыш білім алғаннан кейін қатты науқастанған. Бірақ төсек тартып жатканымен, мүгедек халіне ерлікпен, төзімділікпен төтеп беріп, қайсар жас өздігінен білім алған. Сөйтіп бар өмірін жазушылыққа арнаған. өмірінің соңына дейін жазушылық қаламын қолынан түсірмей, оңдаған кітап ұсынды.
Мәтінмен жұмыс:
1. Өлеңді оқып беру.
2. Оқушылардың іштей оқуы, тыныс емес сөздерді түртіп алу. Түсінік беру.
3. Өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқу.
4. Сұрақтарға жауап беру.
Тақтаға жазу. Топтастыру.
Ақ мамықтай Ақ жібектей

Ақ тауықтың Қар қандай? Ақ қанатты көбелек
жүніндей
ақ көрпедей
Суретпен жұмыс
- Қандай қар жауыпты?
- Тау - тас, сай - сала не жамылған?
- Ауыл қандай.
Бес жолды өлең «Қыс»
1. Не? Қар
2. Қандай? Ақ, суық
3. Неғылды? жауды, еріді, ұшқындауы
4. Қар биыл қалаң жауды
5. Табиғат
Тапсырма. Топтастыру.
I қатар
Қысқы ойын түрлері
II қатар
Қысқы табиғат
III қатар
Қысқы киімдер
IV қатар
Қысқы адам еңбегі
Қорытындылау: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жерін сықырлап келіп қалды.
Қыстағы мерекелер: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні,
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні, 1 қаңтар - Жаңа жыл.
Үйге тапсырма: «Ақша қар» өлеңін жаттау, сурет салу.
Бағалау: Оқушыларды қар қиыршықтарымен бағалау.
Ақ қар - «5»
Көк қар -«4»
Кері қайту
Ілмек сөздер: ашық сабақ, ақша қар
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×