Сабақтың тақырыбы: Буынға бөлейік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөздердің бір буыннан да, көп буыннан да тұратынын білдіру.
Дамытушылық: Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатының түсіндіру. Буындық белгіні қол жаттықтыру дәптеріне жаздыру, балалардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, сауат ашу пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.
Әдісі: ойын, көрнекілік талдау, сұрақ - жауап, түсіндіру, қайталау, жазу.
Көрнекіліктер: суретті үлгі құралы – қыз баланың суреті, текшелер, ойын, дәптер, қалам.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру
1. Писхологиялық дайындық
Балалар, сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жақсы тілектер тілейік. Сендер өз аттарынды білесіңдер ғой. Ал қандай дыбыстан басталып тұрғанын білесіңдер ме?
Мысалы:
Менің атым – Алтын,
Аспанымыз ашық болсын.
Менің атым - Альбина,
Бәріміз дос болайық.
Менің атым – Арсен,
Мамаларымыз аман болсын.
Менің атым – Арлен,
Көңіліміз шат болсын.
ІІ. Тақтадағы суретке ат қою, қыз баланың есімі – Сара.
- Енді, Сара сөзі неше буыннан тұрады екен, ойлап көрелік. Са - ра.
- Бірінші буынын кім айтады?
- Бірінші буыны Са.
- Екінші буыны – ра.
- Дұрыс. Екі буыннан тұрады. Себебіекі дауысты дыбысы бар. Дауысты дыбыс жеке өзі ғана бір буын құрай алады. Мысалы, А - ша.
ІІІ. Ойын: «Жоғалған буын».
Балаларды екі топқа бөлу.
- Мен бірінші буынды көрсетемін, сендер жоғалған буынды табасыңдар.
Ойынның шарты: жылдам ойлап, келесі буынды табу. Қай қатардағы топ бұрын аяқталса, сол топқа бір - бірден ойыншық қойылады.
- Ал, енді ойынымызды бастайық:
Үй, -, бө - - не, қар -, сауыс -, тыр -,
кө -, тор -, бүр -.
Ойын соңында жеңімпаз топқа түсті жалауша беріледі.
ІV. Сергіту сәті:
Қане, қане, тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Бишілерше бұралып,
Дөңгелене билейік,
Домбыраны қолға алып
Әжем айтқан ертегіні
Күйшілерше шертейік.
Әсем әуен сазымен
Өнерді біз жалғайық.
V. Сөйлем құрастыру.
- Балалар, енді мына сызбаға қарап сөйлем құрастырайық. Сөйлемдегі сөздердің санын тор көзге хазайық
қарлығаш
ұя.
VI. Қол жаттықтыру жұмысы.
VII. Тақтаға текшелермен екі сөз жазып, әрқайсысын буындық белгімен белгілету. Мысалы: «Сара» сөзі текшемен былай жазылады: көк, қызыл, көк, қызыл.
VIІI. Дәптермен жұмыс.
- Мына сызбаның көшірмесін дәптерге түсірейік.
- Бұл өрнек неше торкөзден құралған?
- Енді осы өрнекті қолымызды үзбей, сатылап көшіреміз.
IХ. Буындардан сөз құрау.
- Енді әуе шарларына жазылған буындардан сөз құрау: Ұ - зақ, көкек, қар - лы - ғаш, тор - ғай, тыр - на, боз - тор - ғай.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
Ұзақ – жыл құсы. Торғай шырылдады. Тырна ұшып келді.
Сабақты қорыту. Буын туралы білімдерін тиянақтау.
Х. Қорытынды: «Сөз өзгеру» ойыны. Буынға әріпті қосу арқылы жаңа сөз шығару.
та
ша
са
қа
то
до
Алдарындағы әріптер қалтасынан қажетті буын, әріптерді тауып, сөзді құрастырып, оқи біледі.
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы
Ащысай ОЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі
Кабиева нагима Рашидовна
Буынға бөлейік
- Венера1
- 14 сәуір 2020
- 59906
- 0
- 100
Ілмек сөздер: сауат ашу, буын, бастауыш сынып, буынға бөлу
Ұқсас жаңалықтар:
Б дыбыс мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға б дыбысы мен әрпін таныту, б дыбысының әріптік таңбалануын, айтылу мен жазылуын таныстыру. Б әрпі бар сөздер...Сауат ашу. Қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты: сауат ашу пәнінен алған білімдерін пысықтау. 1. Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы түсініктерін тиянақтау. Сөзді буындап, тұтас...Буындардан сөз құра
Сабақтың тақырыбы: Буындардан сөз құра...С дыбысы және әрпі
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №12 бастауыш сынып мұғалімі Жағалбай Рысгүл Сүлейменқызы...Буын және тасымалды қайталау.
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Бестерек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаева Зауре Тюлюбайқызы 2 сынып қазақ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.