Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс - әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Бірінші — баланың қабілеттер бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.
Екінші — адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін оындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы — ол баланың өзін - өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.
Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар әр сабақта өтілетіндей ұйымдастыру қажет. Ал қазір дәстүрлі сабақ пен шығармашылық сабақтың айырмашылығын көрсете кетейін:
Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері
Дәстүрлі сабақ Шығармашылық сабақ
Сабақ мақсаты:
А) мұғалім үшін: жаңа материалды беру;
Ә) оқушы үщін: жаңа білімді меңгеру. Сабақ мақсаты:
А) мұғалім үшін: оқушылардың жаңа нәтижеге бағытталған іс - әрекетін ұйымдастыру;
ә) оқушы үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу
Сабақтағы іс - әрекет түрі
А) мұғалім үшін: жаңа сабақты түсіндіру;
ә) оқушы үшін: жаңа материалды тыңдау, есте сақтау. Сабақтағы іс - әрекет түрі
А) мұғалім үшін: оқушының шығармашылық іс - әрекетін ұйымдастыру;
ә) оқушы үшін: жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау.
Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге міндетті. Сабақ құрылымы жағдайға байланысты жоспардан ауытқиды, өзгермелі.
Сабақ тақырыбына көзқарас — кітапта баяндалған идеяға негізделген бір көзқарас. Сабақ тақырыбына көзқарас — мәселеге мамандардың түрлі көзқарасы.
Ана тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс - тәсілдерді өз сабағымызда қолданамыз:
1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
2. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.
3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
5. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.
6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.
7. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша,
тірек сөздер арқылы)
8. Өлең, мақалдар құрастыру.
9. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.
10. Кейіпкерге мінездеме беру.
11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу, мүсіндеу.
12. Рөлге бөліп оқыту.
13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)
14. Диалог - ертегі.
15. Образға кіру.
Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог - ертегі, жұмбақ - мақалдар құрастыру.
І тапсырма «Талдау және қиялдау»
Бастауыш сынып оқушыларының ой - санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 3 - сыныптың «Қамқорлық» әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ - жауап алынады.
— Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)
— Екі бала жайында не айтасыңдар?
Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.
Жантас
Мейірімсіз, қатыгез, жаман,
әдепсіз, ешкімді аямайды,
балапанды азаптады
Қожа
Қайырымды, мейірімді, қамқорлы,
жақсы, әдепті, жаны ашитын
Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?
— Осыны оқи отыра қандай көңіл - күйді бастан кешірдіңдер? (Жантасқа
ызаландық, ренжідік т. б.)
— Балапанды аядық, көмектескіміз келді.
— Қожаның ісіне қуандық.
— Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді?
— Кездескенде не деп айтар едіңдер?
— Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?
— Осы бойынша қандай мақал - мәтелдер айтар едіңдер?
— Қандай сурет салар едіңдер?
— Қалай мүсіндер едіңдер?
Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады. Оқушының дамуы біртіндеп жаңа сапаға көтеріле береді.
1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді.
3. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты.
4. Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
5. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын.
6. Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
7. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын.
8. Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
9. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын.
10. Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
11. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата… аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Айымжан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметкалиева Жақсылық Қазезқызы...
Тіл сабақтарында жаңа технологиялар арқылы оқушы шығармашылығын арттыру

Тіл сабақтарында жаңа технологиялар арқылы оқушы шығармашылығын арттыру

Бүгінгі жас ұрпаққа жан - жақты білім беру, тәрбиелеу әр бір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан оқушының жеке...
12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазм ...

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазм ...

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мүғалімі Гүлдана Бауыржанқызы...
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау

Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау

Астана қаласы, № 63 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Асемгул Казымбековна Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау....
Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі

Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі

Қызылорда облысы Қазалы ауданы №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сансызбаева Алтынкул Мұхтарқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×