Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты:
Білімділік:тОқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға үйретіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар, слайд - шоу.
Барысы:
Мұғалім:
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын Әліппе оқулығы болса, міне, бүгін сол Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Әліппе бітіру тойларыңыз құтты болсын! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата - аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын!
1 - жүргізуші:
Көз салып қараңызшы боймызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
2 - жүргізуші:
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достассақ,
Әліппемен қоштассақ,
Өсті білім, бойымыз.
Құтты болсын тойымыз.
3 - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық!
Бүлдіршінің ортада
Қане қарсы алайық!
Оқушылар музыкамен ортаға кіреді.
1 - жүргізуші:
Ассалаумағалейкүм, халайық!
2 - жүргізуші:
Армысыздыр қонақтар!
3 - жүргізуші:
Енді біз өзіміз оқып, өзіміз жаза аламыз. Бұл әрине, Әліппенің арқасы.
1 - жүргізуші: Достарым біздің мектептегі ең алғаш күндеріміз естеріңде ме?
2 - жүргізуші: Әрине есімізде, оны қалай ұмытасың
М: Қане соны бір есімізге түсірейікші (осы жерде видео көрсетіледі)
М: Ал балалар енді менің сұрағыма жауап беріңдерші, қазір сендер ойынды тастап, білім жолын таңдағандарыңа өкінбейсіңдер ме?
Балалар: ЖООООҚ
1 - жүргізуші: Керісінше біз өте қуаныштымыз!
2 - жүргізуші:
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.
Мұғалім:
Іші толы әріпке
Білімдіге жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
Олай болса, қымбатты Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен:
Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: Арлан
Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаңа.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
А - ны айтқанда дауысымыз дірілдеді
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем,
Сөз оқимын айырып әріпті енді.
1 - жүргізуші:
Әліппе деген даңғыл жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
ХОР. «Әліппе» әні
1 - жүргізуші:
Кешегі сәби балаңыз
Жарады міне қараңыз
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
2 - жүргізуші:
Мектебімнің есігін
Қыркүйекте ашқанбыз
Оқушы болып мектепке
Қуанып қадам басқанбы
2 - жүргізуші: Нұрдаулет жүрші менің Гүлайым апайға сұрақ қойғым келіп тұр.
Апай, бізді көргенде өзіңізіздің әліппемен қоштасу кезіңіз есіңізге түсіп отырған болар, айтып беріңізші
1 - жүргізуші: Бізге айтар тілегіңіз
2 - жүргізуші: Әттең Нұрдаулет, мен апаймен құрдас болсам ғой, қазір мектеп директорының сыныптасымын деп мақтанып жүрер ме едім.
М: Сен оған ренжіме сенің де сыныптастарыңнан директор, ғалым, мұғалім, дәрігер сынды атақты тұлғалар шығады.
Видео (Директор мен мама)
2 - жүргізуші: ОООЙ неткен сұмдық директор болу қиын екен ғой
1 - жүргізуші: Сен қорықпа біздің мектепте Гүлайым апайдай директор бар. Ол кісі біздің метепті бір алақанында ұстап тұр. Барлық ұстаздар мен оқушылар біздің директорды қатты сыйлайды
2 - жүргізуші: Уфффф айтпесе мен болашағымыз не болар деп шошып кеттім.
1 - жүргізуші: Н
Барлық әріп бағалы
Айтсақ әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды.
Мұғалім:
Ал, қане, мына көпшілікке әріптердің сырын ашайық балалар!
А - әрпі. А. Аружан
Менің үшін жақсы адам
Артық көрем басқадан,
Апа, ата сөздері
Қайсы әріптен басталған?
Н - әрпі. Назым
Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпінеде қарашы.
Ғ - әрпі. Газиз
Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп?
Р - әрпі. Жарқын
Қырларда құр - деші,
Жайылып жүр - деші.
Ал енді өзің - ақ
Р - р - р - р - деші.
О - әрпі. Олжас
О - кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп.
М - әрпі. Мөлдір
Түйе өркешіне қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
С - әрпі. Сара
Білезікке қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
В - әрпі. Ислам
Қосылса 13 арасы
Қандай әріп қарашы?
Ы - әрпі. Асель
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз Бәрінің атын не дейміз?
І - әрпі. Батырхан
Ірімшікті жедің ғой
Тәтті екен дедің ғой
Оның аты біз жазған
Қайсы әріптен басталған?
З - әрпі. Абылайхан
Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.
Ү - әрпі. Жайнагүл
Үйрек десе - бірінші,
Бүйрек десе - екінші.
Бұл қай әріп екенін
Біреу айтып берсінші.
Г - әрпі. Алмагуль
Егіз десе - екінші,
Сегіз десе - үшінші
Бұл қай әріп екенін
Өзің қарап түсінші.
Ө - әрпі. Жаннур
Өрікте сөздің басында
Бөрікте б - ның қасында.
Бұл қай әріп көріңдер,
Енді айтып беріңдер.
П - әрпі. Ислам
Ата - анаңмен барып сен
Пілді көрдің парктен
Осы атаулар зер салшы
Басталған қай әріптен
Әліппе: Арлан
Көп рахмет балалар,
Менен білім алыңдар
Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтанам.
ХОР. «Балдырған» әні
1 - жүргізуші:
Қане келе қойыңдар
Мұнда ғажап ойын бар
Қане қайда әріптер
Мұнда бәрін алып кел
Әліппенің тойында
Әркім құмар ойынға!
Мұғалім:
- Ал ендеше аналар да отырмай, ойын ойнайық.
1 ойын: Дәретхана қағазынан көйлек жасау
2 ойын: Кітаптың үстінде үрленген шарды бір жерден екінші жерге жеткізу.
«Достарым» ән Жаннұрдың орындауында
Газиз
Білім алып мектепте
Талай пәнді оқимыз
Гүлмира апайдың айтқанын
Зердемізге тоқимыз.
Жайнагуль
Әліппе – білім анасы
Әліппе – кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған
Адамның бар ма баласы.
Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
«А» деген ол - аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол - әкелер ғой салмақты,
«Б» деген ол - балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Әліппе: Арлан
- Ал, достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын Ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық!
Мұғалім:
Ана тілі ортаға келіңіз!
Ана тілі: Жаннур
Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам
Түсіндірір бәріне
Ана тілі мен болам.
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
- Саламатсыңдар ма, балалар! Мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін!
Мұғалім
- Әліппе біз сізбен қоштаспай тұрып, сізбен бірге өткізген күндерімізді көрсеткіміз келеді. Тақтаға назар аударсаңыз.
- Ой қандай керемет, рахмет
Әліппе: Арлан
Әліппенің бетін жарық ет
Ұл - қызды түгел білімді ет
Келесі оқу жылына
Аман - есен түгел жет.
- Ал, мен енді сендермен қоштасамын. Қош болыңдар балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
Хормен:
- Қош сау бол, Әліппе!
ХОР «Рахмет саған әліппе»ән
М:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
1 - жүргізуші:
Баланың да тілегі,
Дананың да тілегі,
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
2 - жүргізуші:
Арманмен алыстарға аттанарда
Жас оралар іркіліп жанарларға
Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкелер мен аналарға
(Мектеп басшылары мен ата - аналарға сөз беріледі.)
Мұғалім:
- Уақыттарыңызды бөліп қунышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп - көп рахмет! Қош сау болыңыздар!
Қош бол, сүйікті Әліппем
- Саруарова
- 11 ақпан 2014
- 9348
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әліппемен қоштасу ертеңгілігі, сценарий, бастауыш сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Қош бол, сүйікті Әліппем
Қымбатты аталар мен ақжаулықты аналар! Бүгін 1 - сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр. Міне, бүгін біз барлық ғылымның...Рахмет саған, Әліппе!
Мақсаты: 1. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тексеру 4 айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлерімен жан - жақты білімдерін ата -...Қош бол сүйікті, Әліппем!
Мақсаты. 1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен...Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Сахиева Ләззат...Әліппемен қоштасу (сценарий)
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.