Сайтқа кіру Тіркелу

Қыс ата. Ә.Тәжібаев

Сабақтың тақырыбы: Қыс ата. Ә. Тәжібаев
Мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының ақыны Әбділда Тәжібаевтің шығармаларын оқып үйренуге баулу.
Тәрбиелік: табиғатты түсіне білуге, табиғаттың әсемдігін бағалауға, ұйымшылдыққа баулу.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Типі: білімді толықтыру.
Көрнекілігі: Ә Тәжібаевтың портреті.
Техникалық жабдықтар: интерактивті тақта.
Әдісі: СТО стратегиясы, проблемалық сұрақтар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.(Күннің реті, оқушы саны сұралады.)
а) Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақтар бойынша тест жұмыстары.
1. Ә. Тәжібаевтың өтілген шығармасы.
а. Толағай.
ә. Балықшының баласы
б. Түркістан.
2. Сыбызғышы әңгімесінің басты жағымды кейіпкері.
а. Тайыр.
ә. Асан.
б. Жаңыл.
3. Қайыққа мінсең ескегін ұста... Қай шығармадан алынған.
а. Әке алақаны.
ә. Нағыз малшы.
б. Ескек.
4. Ақ күріштің атасы Ы. Жақаев қай жерден?
а. Ақтөбе.
ә. Қызылорда.
б. Орал
5. Кейіпкер деп...
а. көркем шығармадағы негізгі ойды
ә. көркем шығарманың мазмұнын.
б. шығармадағы көркем бейнені айтады.
6. ‘ ‘Байлық тұмасы” өлеңінің авторы...
а. М. Айтқожина.
ә. Ф. Оңғарсынова.
б. Т. Молдағалиев
7. Жолбарыспен алысқан батыр кiм?
а. Қабанбай
ә. Толағай.
б. Наурызбай.
8. Қазақстан таулары.
а Алатау, Қаратау, Алтай.
ә. Гималай, Тянь - шань, Альпі.
б. Алатау, Орал, Гималай.
9. Ақжайық өзені қай облыста орналасқан?
а. Батыс Қазақстан
ә. Шығыс Қазақстан
б. Солтүстік Қазақстан.
10. Ф. Оңғарсынова қашан қайтыс болды?
а. 2011ж.
ә. 2012ж.
б. 2014ж.
- Жақсы, балалар, біздер тест арқылы үй тапсырмасын тексеріп алсақ, қазір жұмбақ шешейік.
1. Қыста бар да жазда жоқ. /қар/
2. Құлағы мен көзі жоқ.
Жоқ тіпті қол мен аяғы
Бірақ ғажап өнерпаз
Мәнерлеп ою ояды. / аяз/
3. Қанаты жоқ - ұшады
Аяғы жоқ - жүреді
Аузы жоқ - ұлиды. /боран/
4. Көлге жапқан қақпақ.
Сіресіп тұр қаттақ. / Мұз/
Жұмбақ шешулерін табу үшін ойын ойнаймыз яғни аққала құрастырамыз. Аққаланы қай жыл мезгілінде құрастырамыз? Қыс мезгілінде. Біз қыс туралы кімнің өлеңін оқып едік? Абай атамыздың. Дұрыс. Абай атамыздың өлеңін кім мәнеріне келтіріп оқып береді?
Дұрыс, ендеше бүгінгі өтететін тақырыбымыз. Қыс ата деп аталады. Авторы Әбділда Тәжібаев.
Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Қызылода қаласында дүниеге келген. Көптеген газет - журналдарда, баспада жауапты қызметтер атқарған. Алғашқы өлеңдері: Сыйлық, атты жинақта жарияланған. Ақынның Аралдар, Кешеден бүгінге, Жартас, Көне қоңырау( Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған), тағы басқа көптеген
жыр жинақтары және зерттеу кітаптары жарық көрген.
Өлеңді мәнерлеп оқып шығу.
Сөздік жұмыстары: Домбығу - үсіп кету.
Пейілді – мейірімді.
3 топтың оқушылары сұрақтарды алу. 1 - топтың оқушыларына автор туралы не білесіңдер?
тағы қандай шығармасын білесіңдер?
Өлеңді мәнерлеп оқу. Ақын қысты кімге теңеп тұр?/мейірімді адамға, қамқор атаға, балалардың досына.
2 - топ Өлең бойынша қыс туралы сурет салу.
3 - топ Қыс туралы өз ойларынан өлең шығару.
Сергіту сәті: Өлең айту
Қорытындылау
Қар жауады
Өзен, көлдер қатады
Боран болады
Балалар коньки, шаңғы тебеді.
Шана тебеді. Аяз болады Адамдар үйлеріне от жағады.
Абай Әбділда
Венн диаграммасы арқылы өлеңдерді салыстыру
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту
Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×