Сайтқа кіру Тіркелу

Жаңа жыл мерекесі

Өту барысы:
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.
Жүргізуші:
Жаңа жыл бірлік береке берсін елімізге
Береке ырыс келсін жерімізге.
Ұлу жылын кең пейілмен қарсы алайық
Қуаныш шашу шашсын төрімізге
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан жылқы жылы мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Кешімізді жақсы көңіл - күймен бастайық.
Ән: Ертегілер әлемі
Жүргізуші:
Жаңа жыл – ең қызықты, қуанышты, ерекше мереке. Неге десеңіздер? Өйткені бұл күні жер шарымызды Ертегі аралайды. Ертегі әр елдің шыршасына саяхат жасайды. Бүгін де біз Ертегімен бірге саяхат жасаймыз. Жер шарының Жаңа жылын бірге атап өтеміз. Олай болса бәріміз бірге мүлгіген қалың орманға саяхатқа барайық.
Жүргізуші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар..
Ертегімде сан қилы
Қызық - қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Жиналыпты келісімге
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка ойналады.)
Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап, билеп - ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Қоян:
Амансыз ба, аю паң!
Аю:
Жаңа жылдың алдында Жылды қарсы алайық
Тойды еске алдым да Би билеп, ән салайық.
Ұйқымды ашып, сергідім Жаңа жылдың тойында
Ұйықтамаймын мен бүгін! «Жан салайық» ойынға!
Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана қутыңдап түлкі келеді.
Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян:
Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі:
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян:
Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Аю, қоян, түлкі 6ipre билей, жөнеледі. Осы кезде орталарына тиін келеді
Тиін:
Тра - ля - ляй! Тра - ля - ляй!
Өнершіл аңдар - ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге 6ip сәлем.
Бәpi:
Сәлем, тиін!
Жақсы - ақ биі!
Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр:
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық
Бәpi: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Би: «Шоқ қыздар»
Бәрі Жаңа жылдарыңызбен!
Жүргізуші:
Жарайсыңдар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/
Жүргізуші:
Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар:
Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып,
қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан:
Пай - пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін - ай! Үйге алып кетсем бе екен?
(Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді.)
Жүргізуші:
Мыстан кемпір! (Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды) Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!
Мыстан: /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді, Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып.
Туу! Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын - ай, жұлынбайды ғой.
(Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да)
Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей - ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!
(Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.)
Жүргізуші:
Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізді шырқап, атамызды шақырайық!
Ән:«Ақ таяғын таянып» жырланады.
Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кipгici келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным - ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым - ау, не айтып тұрсың! Қарашы, біз тойға келдік! Кәне, балалармен амандасайық. Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға, бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін, Асау желмен жарысқан
Қандай әсем жырларың Аталарың сендерге
Асаулармен алысқап, Шаршап келді алыстан.
Балалармен амандасады/
Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. / Ақшақар басын көтермей тұрады./
Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/
Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен - ақ өзімнің таяғыммен жағамын - дейді.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Жүргізуші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Жүргізуші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
/сөйтіп жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып алады/
Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/
Жүргізуші: Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық.
Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақпақарды қасына шақырып, шыршаны жаққызады.
Ән:«Шырша жыры» жырланады.
Ақшақар ойыны «Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойын ойналады.
Балалар
1. Жылдың әнін бастайын,
Аяз - Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
2. Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
3. Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
4. Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
5. Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
6. Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
7. Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды
8. Қалып едік сағынып,
Шыршаларға шам іліп
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Тақпақтар 0 - 1 - 2 сыныптар
«Кім тез пиманы киеді»- деген ойын ойналады.
Аяз - Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip қуантып, тастадыңдар.
Жүргізуші: Аяз Ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?
Аяз - Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Жүргізуші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз - Ата: Иә, сол кілт шығар.
Жүргізуші: Аяз Ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз - Ата: Қап, әттеген - ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға Мыстан кіреді.)
Мыстан: А - а, бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)
Аяз - Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіn қалды.
Мыстан: Ойбай - тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз - Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз - Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.
Аяз - Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз - Ата: А - а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ, Аяз - Ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін.
(Осы кезде мыстан қалпына келеді)
Балаларға жұмбақ жасырады.
Қыста ғана болады, Терезеге қонады,
Ұстасаң қолың тоңады. Әсем ою ояды.
(Қар) (Қырау)
Тікен, тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)
Мыстан: Жарайсьңдар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Тақпақтар 3 - 4 сыныптар
Ән: Нак - нак
Орындайтын: 3 «Б» сынып оқушылары
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсің - дер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, балалар! 2019 - ші жаңа жылға арналған мерекеміз де аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Солтүстік Қазақстан облысы
Қазақ мектеп - гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Байлина Арай Елубайқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×