Сайтқа кіру Тіркелу

Отбасы. (Сөз).

Сабақтың тақырыбы: Отбасы. (Сөз).
Сабақтың мақсаты:
Дамытушылық: Оқушылармен отбасы жөнінде әңгімелесу, олардың отбасындағы баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер, отбасының суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа зейіндерін аударамын.
Сабаққа қажетті оқу - құралдарын дайындатамын.
Баланың партада дұрыс отыруын қадағалаймын.
ІІ. Өткенді қайталау:
Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ұғымдарын, түсініктерін пысықтау. Астана қаласы туралы әңгімелету. Қазақстанның қалалары туралы сұраймын.
Сергіту сәті
Көжегім тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші.
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Кіріспе әңгіме.
Оқулықтың 8 - бетіндегі суреттерді тірек ете отырып, оқушыларды әңгімеге тарту. Оқушылардың ынтасын арттырып, қызығушылығын ояту үшін мынандай өлең жолдарын оқып беремін.
Анаң - үнің жүрегің
Әкең - өмір тірегің
Сен - бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын.
Әжең - асыл ардағың
Атаң - дана қорғаның
Сен - бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын.
Оқулықпен жұмыс:
Оқулықтағы суреттер бойынша оқушыларға сөйлемдер құратамын. Әнұранды жатқа айтқызамын.
Дәптермен жұмыс:
Оқушыларға дәптердің партада қалай орналасатыны туралы айтып, түсіндіру. Жәй қарындашты және қаламды қалай пайдаланып, қалай ұстау керектігін айту.
Дәптерде берілген суреттерді боятамын.
Дәптердің 4 - бетіндегі тапсырмаларды орындау. Жазу жұмысы кезінде оқушылардың саусақтарын шынықтыру.
«Менің туыстарым» ойынын ойнатамын
Олардың қызметі, тұратын жері туралы әңгімелетемін.
ІҮ. Сабақты қорыту:
Оқушылардың орындаған жұмыстарының дұрыстылығы мен ұқыптылығына қарай сәйкес белгілерді боятамын.
Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қоямын.
Бүгінгі сабақтан қандай білім алдың?
Нені үйрендік?
Ү. Үйге тапсырма: Суреттермен жұмыс жасау.
ҮІ. Бағалау - мадақтау:
Кері қайту
Ілмек сөздер: Әліппе, 1-сынып, Отбасы
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×