В дыбысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «В» дыбысының ұяң дауыссыз дыбыс екенін және орыс, тілдерінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру, білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Тақырыпты игере отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, білімдерін айқын жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Әр түрлі әдістерді пайдалана отырып пәнге қызығушылығын арттыру, сыйластыққа, ұжымшылдыққа жұмылдыру.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, сызбалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:
а) Сәлемдесу.
б) Оқушылардың зейінін сабаққа аударту.
2. Үй тапсырмасын сұрау: 32 бет, 3 жаттығу.
3. Жаңа сабақ:
Плакатпен жұмыс: - Балалар, бүгінгі сабағымызда бота бізге бір тапсырманы жіберіпті. Сол тапсырманы біз орындасақ, бүгінгі біздің тақырыбымыз белгілі болады. Қанекей, барлығымыз назар аударайықшы!
Шарты: Тақтаға әріптері түсіп қалған сөздері бар суреттер ілінеді. Оқушылар жоқ әріпті тауып, жазады. Суреттің ортасында сұрақ белгісі тұрады. Барлық сұрақтың жауабы табылғаннан кейін, сұрақ белгісі алынып тастап, белгісіз әріп ілінеді.
Ережемен жұмыс: Балалар біз бұл сұрақтың жауабын таптық. Белгісіз әрпіміз «В» екен. Ал енді балалар біз сендермен «Нені білемін» деген жерге «В» дыбысы туралы нені білетінімізді жазайық. Балалар, «В» - ұяң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында кездеседі. «В» дыбысы орыс және шет тілдерінен енген сөздерде қолданылады. Біз оны дауысты дыбыстардың көмегімен ғана дауыстап айта аламыз. Ол сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Мысалы: вагон, аквариум, диван.
Көркем жазу: - Ал енді балалар мен тақтада сендерге «В» әрпінің бас және кіші әрпін жазамын. Сендер соны дәптерлеріңе жазып шығыңдар.
Жаттығумен жұмыс:
2 - жаттығу. Оқушыларға жаттығудың берілгенін оқу, салыстыру жұмыстарын жүргізу. Сөздерді оқып б мен в дыбыстарының айқын айтылуында өзгешеліктеріне көңіл бөлу. Оқушыларға бірнеше сөздерді қатыстырып сөйлем құратқызу. Мысалы: Біздің команда волейбол ойынынан жүлделі орынға ие болды.
4 - жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу. Жұмбақтың шешуі болып тұрған сөзі ауызша буынға бөлу. Жұмбақты бірнеше рет оқып, жатқа жазу. Оқушыларға сөйлем құратқызу.
Еңкейіп барып
Асап алады.
Шалқайып қалып
Шаша салады.
(Экскаватор)
Мысалы: Экскаватор жер өңдеуде қолданылатын техниканың бір түрі.
Мәтінмен жұмыс:
5 - жаттығу. Оқушыларға мәтінді оқытқызу. Волейбол ойынын ойнап көргендері барма екенін сұрау. Ойын туралы мәлімет беру. Волейбол ағылшын тілінен аударғанда – ұшатын доп деген мағынаны білдіреді. Бұл ойында екі команда бір - бірімен жарысқа түседі. Ойын командасының арасында топ құрылады. Ойын басталғанда қарсылас команда допты ұрып, тордан өткізіп, доп жерге тисе, команда ұпай жинайды. Ал енді балалар волейбол ойыны туралы түсінгенімізді айтып көрейік.
Шығармашылық жұмыс:
3 - жаттығу. Оқушыларға сурет бойынша, керекті сөздерді қолданып әңгіме құрастыртқызу.
Керекті сөздер: «Ваня, базардан, иті Сивка, сатып алды, ескерту жасады, жол ережесі». «В» дыбысы кездесетін сөздердің астын сызу.
4. Сабақты бекіту: Оқушылардың бүгінгі тақырыпта алған білімдерін тиянақтау, қорытындылау.
Сұрақтарға жауап беру:
В дыбысы қандай дыбыс?
В дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?
В дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтір.
5. Қорытынды: Оқушылардан сабақта нені білгенін, нені үйренгенін және нені білгісі келетінін жазғызу.
6. Үйге тапсырма: 1 - жаттығу.
7. Бағалау: Оқушылардың бүгінгі сабақта алған білімдерін бағалау.
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Красноярка ауылы,
№25 орта мектебінің бастауыш пәні мұғалімі
Бекешева Бигул Қойшықызы
В дыбысы
- Бигуль
- 31 қаңтар 2014
- 21343
- 0
- 0
Ілмек сөздер: В дыбысы, 3 сынып, сабақ жоспары, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Ц дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ц ц дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: 1. Ц ц дыбысы мен әрпін танытып дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру. Сөздерді дұрыс буынға бөліп...Ө дыбысы мен әріпі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...Ь дыбысы мен әрпі
Сабақтың міндеті: 1. ь дыбысы бар сөздерді буынға бөлдіріп үйрету, ь дыбысының жіңішкелік белгісі екенін меңгерту...И дыбысы мен әрпі
Пәні: Әліппе Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...Ц дыбысы мен әрпі
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Л. Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Имашева Венера Жоломановна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.