Сайтқа кіру Тіркелу

Қыс. Жуан дауысты дыбыстар.

Сабақтың тақырыбы:Қыс. Жуан дауысты дыбыстар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жуан дауысты дыбыстарды меңгертіп, ажырата білуге үйрету; оқушыларды өлеңді шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдіру; әдемі, таза, сауатты жазуға үйренеді;
Дамытушылық: Сөйлеу әрекеттерін, ой-өрісін дамытады; Берілген сұраққа тиянақты жауап беріп, тіл байлығын, сөздік қорын молайтады; танымдық қабілеттерін дамытады;
Тәрбиелік:Оқушыларды сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын қолдану;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, еңбекке баулу Көрнекіліктер: Слайд, мультфильм, суреттер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сыбаққа даярлықтарын тексеру
II. Психологиялық дайындық
Сабаққа біз даярмыз,
Жалқаулықты қоямыз.
Үздік оқып әрқашан,
Кілең бестік аламыз
III. Миға шабуыл
1. Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз)
2. Әріп дегеніміз не? (Көреміз жазамыз)
3. Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз)
4. Дауысты дыбыстар қалай айтылады? (Созылып айтылады)
5. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? (Қысқа айтылады)
6.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?(жуан және жіңішке)
7.Жуан дауысты дыбыстар қандай?(а,о,ұ,ы )
IV.Жаңа сабақ.
Мультфильм көру.
-мультфильм не туралы? (Қыс)
- Дұрыс, қыс деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
Ассоциация.
-Қыс қалай түседі?
Оны білу үшін біз бүгін Қадыр Мырза Әлидің «Қыс» өлеңімен танысамыз.
Өлеңмен таныспас бұрын автор туралы біліп алайық.
Автор жайлы Ақын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. Кейін көп жерлерде еңбек етті. Қадыр атамыздың көп шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді.Қадыр Мырза Әли көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп.
«Жаңғалақтар» (1960);
«Кішкене қожанасырлар» (1961);
«Данышпан» (1961);
«Ноян-қоян» (1962);
«Алуан палуан» (1963);
«Сабақ» (1964)
Оқулықпен жұмыс:
А)Өлеңді оқып беру;
Ә)Оқушыларға дауыстап оқыту;
Б) Тізбектеп оқу;
Сөздік жұмысы:
Себелеп - жоғарыдан төмен қарай тоқтаусыз жауу.
-Өлең не туралы?
-Далада қар жауып тұрған кезді бақылап көрдіңдер ме?
-Өлеңде ол қалай суреттелген?
-Сендер қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
Сергіту сәті:
- Маша мен аю қалай ойнады?
– Сендер де ойнағыларың келе ме?
-Ендеше, казір қолдарымызға ақ қағазды алып, умаждап қар добын жасап, бір-бірімізге лақтырамыз.
Дәптермен жұмыс: Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан арылып,
Әдемі етіп жазайық!
- Өлеңде ең көп кездескен жуан дауысты дыбыс қандай?
- Аа
Көркем жазу
Аа-әрпінің элементтерімен таныстыру,ауада жазғызу. Аа- әрпін дәптерге жазғызу
Аа
Аяз
қар
1 тапсырма:
Өлеңнің алғашқы екі жолын көшіріп жаз, дауысты дыбыстарды ата.
2 тапсырма:
Суреттегі заттардың атауларын жаз.
Сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
3 тапсырма:
Қ...р, қ...с, б...ран, т...ман, сырғ...нақ . Көп нүктенің орнына дауысты дыбыстарды қойып жаз.
Сергіту сәті:
Аяққа шаңғы ілеміз,
Қолға таяқ аламыз.
Оңға қарап, солға қарап,
1,2,3 деп сырғимыз
4 тапсырма: Есептеп шығарайық, сөз тіркесін құрайық:
қыс + орман = қысқы орман;
қыс + киім = қысқы киім;
қыс + демалыс = қысқы демалыс;
қыс + ойын = қысқы ойын.
Сабақты қорыту:
- Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Не білдік?
- Не істедік?
- Сендерге сабақ ұнады ма?
Бағалау:
Үйге тапсырма: 20 бет 27-жаттығу
Рефлексия
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×