Дүниетану 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктерге қамқорлық жасау, қорғау жайлы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1. Оқушылардың білімін тереңдету, нығайту, қорытынды жасау.
2. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін, тіл байлығын, шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл - ойын дамыту
3. Табиғатты құрметтеуге, аялай білуге үйрету, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, Қазақстанның қызыл кітабы,
плакат, семантикалық карта, слайд, гүлдер, карточкалар
Сабақтың түрі: Таным сабақ
Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану пәні.
Барысы:
I. Психологиялық дайындық
- Терең дем алайық, жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдер
- Бұл таңғажайып жарық, жүрегімізде тыныштық, сүйіспеншілік әкеледі.
- Керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі!
- Түрлі - түсті күлтелері құлпырып тұр.
- Бұл сендердің аталарың, әжелерің, әкелерің, аналарың. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек – сен.
- Бұл жай гүл емес, ол - сүйіспеншілік гүлі - табиғаттың бір бөлігі.
- Ендеше дүниетану сабағынан табиғаттың бөлігін оқып, үйренуді жалғастырайық.
Биылғы жылы еліміздің егемендік алғанына 21 жыл толуына байланысты
елімізді көгалдандыру мақсатында «Жасыл ел» бағдарламасын жалғастырайық.
- Балалар сабақтағы көңіл - күйлерің қандай?
- Біз дүниетану сабағына жасыл түсті таңдадық, себебі мақсатымыз: «Өсімдік әлемін қорғау. Адамзаттың денсаулығын нығайту».
- Олай болса еліміздің қалаларын гүлдендіруге ат салысайық. Ол үшін
өсімдік туралы қаншалықты білетінімізді өткен тақырыпты сұрау арқылы тексерейік.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үш топқа бөлініп тапсырма орындау.
І - топ 1. Өсімдік топтарын анықта.
- Ұқсастығы:
- Айырмашылығын тап.
2. Өсімдік өсу үшін не қажет?
1 - оқушы. Ағаштар, бұталар, шөптер, су өсімдіктері.(әр топтағы өсімдіктерді
атайды.)
2 - оқушы. Ұқсастығы: өсімдік тобы, айырмашылығы: сабағы - жуан, жіңішке,
қатты, жұмсақ, біреу, көп; жапырағы - жалпақ, қылқанды. Гүлдері
түрлі түсті болып келеді.
3 - оқушы. Өсімдік өсу үшін ауа, жылу, жарық, қорек қажет.
ІІ - топ 1. Оқы, өсімдік түрлерін белгіле, түсіндір. Семантикалық картамен жұмыс
- Ұқсастығы:
- Айырмашылығын түсіндір, дәләлде.
2. Өсімдіктердің жабайы және мәдени өсімдік деп аталатын себебі неде? Мысал келтір.
1 - оқушы тақтада белгілеп, түсіндіреді.
Айырмашылығы: өсу ортасы әртүрлі.
2 - оқушы. Жабайы өсімдіктер өздігімен өседі. Ал мәдени өсімдіктерді адам өзі өсіреді. Оларға егістікте, бау - бақшада өсетін өсімдіктер жатады.
ІІІ - топ 1. Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
- Ұқсастығы:
- Айырмашылығын түсіндір, дәлелде, мысал келтір.
2. Өсімдіктің тіршілік ортасын ата.
1 - оқушы. Өсімдіктер бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық болып бөлінеді.(әр топтағы өсімдіктерді атау)
2 - оқушы. Өсімдіктер далада, тауда, шалғында, суда өседі.
Айырмашылығы: өмір сүру ұзақтығында
Өсімдіктің маңызы қандай? (ойқозғау)
Оқушылардан күтілетін жауап:
- таза ауа
- баспана
- қорек
- тағам
- жиһаз
- дәрі - дәрмек
- демалыс орны
Әр топ жауап берген сайын картадан қалаларға гүл жапсырады.
Сергіту (қимылмен)
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Қызыл - жасыл гүлдері
Көздің жауын алады
Үзіп - жұлмай бекерге
Аялайық біз оны!
- Дұрыс айтасыңдар балалар, өсімдік туралы жақсы меңгеріпсіңдер. Бүгінгі жаңа сабағымызда өсімдікті қорғаудың қаншалықты маңызды екендігін оқитын боламыз.
III. Жаңа сабақ.
Сабағымыздың тақырыбы: «Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж»
1. Мұғалімнің түсіндірмесі
Өсімдік - тіршілік тірегі. Өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.
Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана. Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады.
Адамның түрлі іс - әрекеттері өсімдікке әсер етеді. Тікелей әсері - орманды кесу. Кешенді әсері - ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін егістіктерді, бау - бақшаны, егістіктерді жояды. Ойланбай істелетін іс - әрекеттері - шаруашылық саласында, демалыс кездерінде байқамай өрт шығып, өсімдіктерге зардабын тигізеді. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттің 70%- зы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Арал теңізі, Қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктер, оларды сақтау туралы айтып өту.
2. Тізбектей оқу
3. Әр топқа жеке тапсырма беру
Топтық жұмыс.
1. топ. Өсімдіктердің адам мен жануарларға қандай қажеттілігі бар? Мысал келтір, дәлелде
2. топ. Адам өз әрекетімен өсімдік әлеміне қалай әсер етеді?
3. топ. Өсімдікті қорғау үшін қандай шара қолданылады?
Бекіту.
І топ «Табиғатты аялайық» шығармашылық жұмыс
ІІ топ « Жасыл ел» сурет салу, қорғау
Тыйым салынады!
- Ағашты кесуге, сындыруға болмайды.
- Отты көрсең сөндір!
- Қалдық заттарды тастама!
- Ластауға болмайды.
- Табиғатты тиімді пайдалану керек!
Бір тал ексең, он тал ек.
ІІІ топ «Таза болса табиғат, аман болар адамзат»
Пайдалы және улы өсімдіктер, маңызы. Ізденіс жұмыстары бойынша әңгімелеу.
1 - оқушы. Қазақ жерінің осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік түрі бар.
2 - оқушы. Өсімдіктер пайдалы және улы болып келеді. Емдік қасиеті бар өсімдіктерге шырғанақ жатады. Оны ыстық - суық болып ауырғанда емдік дәрі ретінде қолданады.
3 - оқушы. Шетен - Оның жемісін бауыр, бүйрекке іш жүргізуге пайдаланады.
4 - оқушы. Арша – қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы.
5 - Ащы мия - асқазан ауруы, түрлі жараларға қолданады. Улы дәрі. Абайлап қолдану керек.
Өсімдік әлемін сақта!
Тиімді пайдалан!
Улы өсімдіктен сақтан!
Қорытындылау.
Ойын. Табиғаттан нені үйрендім? Тақтада бейнелеу.(22 слайд)
- Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді салу)
- Мен судан тазалықты үйрендім (суды салу)
- Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім (гүлді салу)
- Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағаштың суреті)
- Мен табиғаттан қайырымдылықты үйрендім (құсты бейнелеу)
- Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті бейнелеу)
- Міне балалар, білімдеріңмен еліміздің бірнеше жерлерін гүлдендірдіңдер.
Ең көп еңбек сіңірген топты атау, бағалау.
Үйге тапсырма: 128 - 129 бет әңгімелеу, сурет салу.
Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж
- Жадыра К.С.
- 7 қаңтар 2014
- 28963
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж, дүниетанудан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Өсімдік - тірі организм
Мақсаты: а) Білімділік: Өсімдік тірі табиғат екенін дәлелдеу. Өсімдіктің мүшелері, олардың атқаратын қызметі, өсімдікке қажетті жағдайлар туралы...Өсімдік - тірі организм
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...Өсімдіктердің тіршілігі туралы білімдерін бекіту
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтмағанбетова Жұпар Баймұқашқызы...Дәрілік өсімдіктер
Астана қаласы №5 гимназияның биология және география пәнінің мұғалімі Құрманқұлов Марат Сағынтайұлы...Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді? Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігі туралы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.