Әдебиеттік оқу 3 - сынып
Тақырыбы: Көжек (ертегі)
Мақсаты: Оқушыларды мәнерлеп оқуға жаттықтыру, қызығушылығын ояту, ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, негізгі ойды анықтай білуге, түсінгенін жүйелі түрде баяндай білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушының таным белсендігін арттыру, шығармашылық қиялын жүйелеу, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, жан - жануарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнектілігі: мақал - мәтел, суреттер.
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық.( тақтаға табиғат бейнеленген сурет ілінеді)
Балалар, мына суреттің үйге берілген тапсырмаға қатысы бар ма?
Дұрыс, кәне өткен тақырыпта қандай өсімдік аты берілген?
- Киелі өсімдік екенін қай жолдардан білуге болады?
- Бізді қоршаған табиғатқа қастандық жасауға бола ма?
Бүгінгі сабағымызда да табиғатпен, ондағы өмір сүретін адамдар, жан - жануарлар жайлы болмақ.
2. Ой ашар. Жұмбақ шешу.
Тақырыптың атын мына жұмбақ арқылы табайық.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
...... екен өзінің
- Жақсы. Сонымен бүгінгі ертегіміз «Көжек» деп аталады.
- Балалар, сендер білісіңдер табиғаттағы адам сияқты жан - жануар, құстар, жәндіктер де өз балаларын күтіп бағады. Дегенмен де тірі табиғатта баласын күтпейтін аң, құсты білесіңдер ме?
- Дұрыс, ол көкек пен қоян.
Сергіту сәті.
Ендеше осы бүгінгі ертегіміздің мазмұнын болжап көрейік.
Не туралы деп ойлайсыңдар?
- Жақсы. Енді мына мақалға назар аударыңдар.
«Туған жердей жер болмас,
Туған жердей ел болмас»
- Кәне, кім мағынасын ашып береді.
- Осы айтқан ойымызды мәтін мазмұнымен салыстырайық. Кітабымызды ашып, тізбектей оқимыз.
- Балалар, әр сөйлемді оқыған кезде мағынасы таныс емес сөздердің астын сызып отырасыңдар.
- Жақсы. Алдымен таныс емес, мағынасы түсініксіз сөздерді талдайық.
Пұштиған - бұл кішкентай деген мағынаны береді.
Бір шыбын жанды - қорыққан деген мағына.
- Енді ертегідегі кейіпкерлерді алайық.
Осыдан соң әр топқа сұрақтар беріледі.
1 - топ: Ертегіден қандай ой түйдің? Бізді неге үйретеді?
2 - топ: Осы ертегідегі туған жерге деген сүйіспеншілікті неден көруге болады?
3 - топ: Шаруаның ісіне қандай баға беруге болады? Ол дұрыс істеді ме?
- Өте жақсы.
Енді өздерің іштей бір оқып шығыңдар.
- Осы ертегіден көжектің қатты қорыққан жерін қандай сөздермен берген?
- Шаруа көжектің анасының істеген ісін дұрыс еместігін қандай сөзден көруге болады?
- Сонымен бұл ертегіден түйгенімізді бір - бір сөйлеммен қорытындылайық.
- Үйге туған жер туралы мақал - мәтел жаттау. Осы ертегідегі көжектің суретін салып келу.
Бағалау.
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
№11 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Асанова Бақыт Қырықбесовна
Көжек
- Бақыт
- 8 қыркүйек 2019
- 22482
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Әдебиеттік оқу 3 сынып, көжек туралы ертегі, бастауыш сынып
Ұқсас жаңалықтар:
М. Дулатов «Қыс»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №84 Т. Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ширинкулова Лаура Садвакасқызы...Аңқау арыстан
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер. Аңқау арыстан Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі түрлерімен таныстыра отырып, ертегіні түсініп оқу, ертегі кейіпкерлерінің іс...Құстар айтысы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Ақсүмбе аулы С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бөріқұлақова Ботакөз...Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: - ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; - ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;...Кімнің мекені жақсы?
Сабақтың тақырыбы: Кімнің мекені жақсы? Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды өздеріне таптырып, өз ойын өз сөзімен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.