Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: 10 көлеміндегі санға 4 - ті қосу және саннан 4 - ті азайту тәсілдерімен таныстыру. Қосылғыштардың біреуі 4 болып келген жағдайдағы санның құрамы жайлы түсінік беру.
2. Дамытушылық: Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал - мәтелдер айту арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру, есептеу дағдылары арқылы білімдерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбекке баулу, ынтымаққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.
Сабақтың түрі: Ойын элементтері араласқан аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Сандар, оқулық, әртүрлі дидактикалық
материалдар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру. Жұмбақтар шешу:
Оқушылармен амандасу. Жұмбақтар шешу арқылы санын табу. Сол санға байланысты топқа бөлу. Қолдарына парақша беру. Парақшада сан жазылып тұрады, сол сан бойынша сан жазылған топқа отырады. Әр топ өздері отырған топтың саны туралы санамақ айтады.
ІІ. Өтілгенді пысықтау. Жаңылтпаштар айту:
Мұғалім айтқан жаңылтпашты қайталау арқылы өткенді қайталау.
1. 4 санын қосу және азайту 1 - ден 10 - ға дейін санау және кему ретімен атау.
0 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
0, 3, 6, 9, 10, 7, 4
Математикалық диктант. Қол тақтамен жұмыс.
ІІІ. Жаңа сабақ. Мақал - мәтелдермен жұмыс:
Сөздері түсіп қалған мақалды тауып, мағынасын талдайды. Көрнекілікті пайдаланып, 10 көлеміндегі санға 4 - ті қосу, азайтуды оқушыларды қатыстыра отырып, демонстрациялап көрсету.
ІV. Дәптермен жұмыс. Санамақтар жарыса оқылады.
1. Жақсы ұмытпай қайталаған оқушыларды шығарып қосылғыштарының бірі 4 болатын қосындыларды жазып өрнектің мәнін тапқызу.
1 + 4 = ---------- 3 + 4 = --------- 4 + 5 =
5 – 4 = ---------- 7 – 4 = --------- 10 – 4 =
2. Ауызша кестені толтыру.
□ 4 5 6
□ + 1 8 9 10
V. Сергіту сәті:
Қане, сапты түзейік
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
3. Тапсырманы орындайық.
10 см
5 см
4. Есепті шығар.
Шарты:
Анарда 10 дәптер.
Асанда -?, 4 дәптер кем
Шешуі: 10 – 4 = 6
Жауабы: Асан 6 дәптер алды.
5. Логикалық тапсырма.
9 – 4 < 8 – 1
VІ. Парақшамен жұмыс. Ертегі кейіпкерлерін атап, қай ертегі екенін табу.
10 - 3=
6 - 4=
9+4=
8 - 4=
2+6=
3+4=
VІІ. Сабақты қорытындылау.
Әр топ жұмбақ, жаңылтпаш, мақал - мәтел, ертегі, санамақты қайталау арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
VІІІ. Бағалау.
Әр топ ұпай саны есептеліп, сол оқушылары мадақталып, оқушылар білімін бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма
4 санын қосу кестесі
- bakytgul
- 27 тамыз 2013
- 10982
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сабақ жоспары, бастауыш сынып, математика, 4 санын қосу кестесі
Ұқсас жаңалықтар:
5 саны мен цифры
Сабақтың мақсаттары: 1. 5 саны, 5 цифрымен таныстыру. Оқушыларды 5 - ке дейінгі санауға, қосуға, азайтуға үйрету....4 санын қосу және азайту
Бастауыш сынып мұғалімі Усмантаева Мутабар...Бір таңбалы сандарға ауызша көбейту және бөлу
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бөріқұлақова Ботакөз...8 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері
Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: «78 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері». Сабақтың мақсаты: Білімділік: Екі таңбалы санға...2 санын қосу және азайту
Тақырыбы: 2 санын қосу және азайту Авторы: Шотыбасова Анар Асановна Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы Ы.Алтынсарин атындағы № 19 орта мектебі Білімі:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.