Сайтқа кіру Тіркелу

С.Сейфуллин «Наурыз»

Мақсаты: 1) Өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру, мәнерлеп оқуға үйрету. С. Сейфулиннің өмірімен таныстыру.
2) Өлеңдегі ойды жеткізе білу қабілеттерін дамыту, танымдық ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
3) Табиғат өзгерістерін түсіне білуге, қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын
Көрнекілігі: тірек - сызба, С. Сейфуллин суреті, ребус, Наурыз көрінісі,
Венн диаграммасы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
М. Дулатовтың «Наурыз» өлеңін жатқа сұрау. Шығарманы оқыту «Наурыз»
ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру
Өлең не жайында екен?
Наурызда қандай өзгерістер болады екен?
Жыл басы, Жан - жануарлар ұйқысынан оянады,
Ұлыстың ұлы күні,
Көктемнің алғашқы айы, Күн мен түн теңеледі

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
Ендеше балалар бүгін біз «Наурыз» туралы алған білімімізді одан әрі кеңейте түспекшіміз
- Биыл қандай жыл келіп тұр? (Ұлу)
- Сендер қазақша жыл аттарын айтып беріңдерші
Бүгін біз С. Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңімен танысамыз.
С. Сейфуллин – қазақтың көрнекті ақыны, драматург және қоғам қайраткері.
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді таспадан тыңдату.
- Оқушылардың шумақтап оқуы.
- Сұрақ - жауап
- Өлеңде не жайында айтылған
- Көктемде қандай өзгерістер болады екен?
Тапсырмалар
Наурыз тойын барлық мұсылман халқы тойлайды екен. Наурызда әр түрлі ұлттық ойындар ойналады, түрлі өнер көрсетеді.
Ендеше сендер де екі ауыл жастары болып бөлініп, наурыз тойына қатысасыңдар.
І. Сәкен ауылы. ІІ. Міржақып ауылы
Ендеше тойымызды әнмен бастайық.
«Наурыз» туралы ән
Келесі кезекте ақындар сайысы
«Көктем», «Наурыз» туралы өлең шығару.
2. Енді ортаға палуандарымызды шығарамыз.
«Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар» - демекші біз білімімізбен сынасамыз. Ребус шешу. (наурыз көже)
Наурыз көже туралы айта кету.
3. «Орамал тастамақ» ойыны.
Өлеңде адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын (кейіптеуді) қайтеді? деген сұрақ бойынша жауап беру.
Жаз → құшақтайды, беттен сүйеді
Су → жүгіреді, асығады, күледі
Құстар → шаттанады, жырлайды
Мал → жадырайды, жаңа жылды қарсы алады.
4. «Бәйге» ойыны
Ұяшықтарды ашып сұрақтарға жауап беру
V. Бекіту
Венн диаграммасы
С. Сейфуллин М. Дулатов
«Наурыз» «Наурыз»

VІ. Қорытынды
Қыдыр атаның батасы
Ұлыс оң болсын!
Қайда барсаң жол болсын,
Қадамың басқан оң болсын!
VІІ. Үйге тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқу
VІІІ. Бағалау
Мақтау, мадақтау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×