Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Кедей
Мақсаты:
Білімділігі: Мәнерлеп оқу арқылы өлеңнің ( мазмұнға байланысты) мазмұнын ашады. Поэзияға қызығушылығын арттыру.
Сыни ойлау: Өлеңдегі оқиғаны өз түсінігімен жеткізе білуге дағдыландыру.
Топтық міндет: Топтық жұмыс арқылы меңгерген ақпараттарын қажеттілігіне жарата білуге, өз пікірін еркін білдіріп, дәлелдеуге үйрету.
Бағалау: Өзін өзі бағалау( топ басшылары арқылы)
Қолданылған стратегиялар: Венн диаграммасы, 5 жол өлең, Ұқсастық пен даралық, көрнекілік, БҮҮ, салыстыру, " Елес жетелеу"
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау сабағы.
Көрнекіліктер: Семантикалық карта, үнтаспа, слайдтар, суреттер.
Сабақтың барысы.
Үй тапсырмасын тексеру. 3 бөлік арқылы сурет салу.
Галлерияны шарлау.
І бөлік Күлпаш пен Қали
ІІ бөлік Күлпаштың зары
ІІІ бөлік Әке мен бала
Әр топ өз суретін қорғайды.
Қызығушылығын ояту.
Үнтаспадан үзінді тыңдау.
Бейшараның бөз көйлегі жырым - жырым, қолдары қарғаның тұяғындай қап - қара, ерні тілінген....
М Әуезов (Ананың арашасы)
Үзіндіде кімнің өмірі суреттелген? Жаңа тақырыпты шығарып алу.
Мағынаны тану.
Семантикалық карта толтыру.( Автор өмірінен)
Оқулықпен жұмыс.
"Кедей" өлеңін мәнерлеп оқу.
"Елес жетелеу" стратегиясы.
Көз алдарыңа не елестеді?
Топтық жұмыс.
І топ І шумақты оқиды. Тірек сөздерді жазады. Осы сөздер арқылы өлеңнің мазмұнын айтады.
ІІ топ ІІ шумақты оқиды. Тірек сөздерді жазады. Осы сөздер арқылы өлеңнің мазмұнын айтады.
ІІІ топ 2 мәтінде қандай жыл мезгілдері берілген? Тақырыпта сәйкестік бар ма?
І шумақ тірек сөздер - күзгі түн, ызғар, қырау, бұлт, қараңғы ел ұйқыда т. б.
ІІ шумақ - ұзақ түн, иттен басқа, жаурау, талай жас т. б.
ІІІ топ І әңгімеде қыс қатаң кедей өмірі
ІІ әңгімеде күз ызғарлы, жағымсыз солай болған. БҮҮ кестесін толтыру.
І топ "Күлпаш" пен "Кедей" өлеңдерін салыстыру
ІІ топ Авторларды салыстыру.
Бейімбет Майлин
Сұлтанмахмұт Торайғыров
ІІІ топ 5 жолды өлең құру.
Ой қозғау.
- Осындай өмірге біздер қалай жеттік?
- Қандай көтерілістерді білесіңдер? ("Ұлт азаттық", "Желтоқсан")
"Ұқсастық пен даралық" стратегиясы арқылы салыстыру.
Әдебиет теориясы.
Жанры
Идеясы
Бағалау.
Өздерін өздері бағалау.( топ басшылары арқылы)
Үйге тапсырма. " Кедей" өлеңін жаттау
Кедей
- райко
- 28 шілде 2013
- 6123
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сыныпқа сабақ жоспары, кедей Сұлтанмахмұт Торайғыров, әдебиеттік оқу
Ұқсас жаңалықтар:
С. Торайғыров «Кедей» өлеңі
Сабақтың мақсаты: СТО технологиясын қолдана отырып, дамыта оқыту сабағын ұйымдастыру....Күлпаш
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Б Майлин туралы түсінік беру. Күлпаш әңгімесін талдап мазмұнын ашу. Оқыған әңгіме туралы өз пікірін айту, оны дәлелдей...Оқышы, дана Абайды
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік жалпы білім беру орта мектебі Сангожина Шолпан Советовна...Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам!
Пәні: әдебиеттік оқу Тақырыбы: Жарасқан Әбдірашев. Алматы – бас қалам, Жас қала - Астанам Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер....Сәкен Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ташетова Гулбаршын Бактияровна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.