Сабақтың тақырыбы: Бала Мәншүк
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: М. Хакімжанова туралы қысқаша мәлімет. Мәншүктің ерлігі туралы оқушылардың түсініктерін тереңдету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сабақ тақырыбын өздігінен талдай білуін, Мәншүктің ерлігі туралы ойларын тұжырымдай білуін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды шағын топтармен жұмыс істеуге, сол сияқты сыйластық дағдыларын қалыптастыруға, топ мүшелерін оқу материалдарын дұрыс меңгеруге, бір – біріне достық көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты игеру сабағы.
М. Хакімжанова туралы қысқаша мәлімет:
М. Хакімжанова 1906 жылы 16 қарашада Қостанай облысының Қызыл шоқ ауылында дүниеге келген. Ол мектепті бітіргеннен кейін Қазақ педагогика институтының жанынан рабфакты оқып, «Әйел теңдігі»журналында жауапты хатшы болып қызмет жасады. Отбасы жағдайымен Орынбор облысына көшіп барып(1934 ж.) Бірнеше жыл аудандық «Екпінді» газетінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.
М. Хакімжанова соғыс жылдары Кеңес Одағының Батыры М. Мәметованың өшпес ерлігін жырға қосып, «Мәншүк»поэмасы ақын еңбегінде үлкен бір белестерге жетті. Ақын өмір бойы өз өлеңдерінің алтын арқауы – аналық сезімді жырлап өтті.
М. Хакімжанованы барша жұрт құрмет тұтып, ел анасындай ардақтайтын.
Ақын апамызға «Қазақстан халық жазушысы»құрметті атағы, орден, медальдары берілген.
Тамаша ақын, әзиз жүректі, аяулы жан Мариям апамыздың асыл бейнесі халық жадында әрқашан сақталады.
Бүгінгі сабағымызда осы М. Хакімжанова апамыздың жазған «Бала Мәншүк»атты әңгімесіне тоқталамыз.
Мәншүк туралы қысқаша тоқталып, таныстырып өтейін:
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Орда ауданы,— 1943 ж. қазанның 16 - ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес одағының Батыры (1944). Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Ата - анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медикалық институтында оқып жүрді.
1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-ші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.
Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т. б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков - Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді
I. Мәншүктің ерлігі туралы түсініктер алу, алған білімдерін дәлелдеу.
II. Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын эссе арқылы жеткізеді яғни
«Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Нені білдім?» материалды талдау.
Қажетті материалдар: Мәншүктің суреті, слайд, А4формалы қағаз, маркерлер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру. Ә. Нұрмағанова «Шығыс шынары»
Оқушыларды соғысқа қатысты сөздер бойынша 4топқа бөлемін.
1 - топ.«пулеметшілер», 2 - топ. «мергендер», 3 - топ. «атқыштар», 4 - топ. «жауынгерлер».
(Топтардың аттарын үшбұрыштанған қағаздарға маркермен жазып қоямын)
Ой сергіту(3мин)
«Өзгертулерді тап»ойыны.(Байқағыштыққа баулу)
Үй тапсырмасын тексеру:
I. Топтық жұмыс(4мин) Оқушылар үйде орындаған тапсырмаларын бір - біріне
оқып береді.
II. Жариялау.(2мин) Бірнеше оқушы үй тапсырмасын бүкіл сыныпқа оқып береді. Қалған оқушылар пікір айтып, баға лайды.
Жаңа тақырып бойынша жұмыс:(15 мин)
Ой қозғау: Бар білгендерін жазбаша жазу тапсырылады.
Жеке жұмыс:(5мин) Оқушылар өтілетін тақырып бойынша(Мәншүк және соғыс туралы) «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Не білдім?»кестесін өз беттерімен толтырады.
Топтық жұмыс(3мин) Оқушылар өздері не жазды, соны топ ішінде талқылайды, талдайды.
Сыныптық жұмыс(3мин). Әр топтан бір - бір оқушы шығып, өз беттерімен сыныпты таныстырады.
Қорытындылау:(2мин)
Шешуші кезең
I. Тапсырма. Мәтінді үш бөлімге бөліп оқыту.
Бірінші абзацты топ ішінде оқып, оқушылар бір - біріне сұрақтар қойып, өз - өздерін тексереді.
II. Оқушыларға мәтіннің екінші бөлімін яғни екінші абзацты оқытып, бір - біріне сұрақтар қояды.
III. Соңғы бөлім үшінші абзацты оқытып, жұптасып, бір - біріне сұрақтар қояды.
IV. Жеке оқушылар мұғалімге сұрақтар беріп, өз ойлары мен тұжырымдарын айтады.
Кім шапшаң? ойыны.
«Сандықта» алдын ала дайындалып қойылған сұрақтарға тез жауап беру тапсырылады.
- Шығыстың қос шынары кімдер?
- Ә. Молдағұлова туралы не білесің?
- Жерлес батыр аталардан кімдерді білесіңдер? Біздің оқып отырған мектебіміз кімнің атында?
- Қ. Смағұлов туралы қандай деректермен танысып едік?
- Ұлы Отан соғысы қашан болған еді?
Топпен жұмыс: Төрт топқа төрт түрлі сұрақтар беріледі. Оқушылар топ ішінде берілген сұрақтарды талқылайды.
Жариялау. Әр топтан бір - бір оқушыдан шығып, өз ойларын сыныпқа айтады. Басқа оқушылардың сұрақтарына жауап береді.
Дәптермен жұмыс: Оқушылар дәптерлеріне Мәншүк туралы алған білімдерін жазып алады.
Бағалау: Оқушылар «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Нені білдім?»кестесінің бөлімдерін толтырады.
Жариялау. Әр топтан бір оқушыдан тұрып, өздерінің жұмысын сыныпқа оқып береді. Ал қалған жұмыстарын жинап алып тексеремін.
Үйге тапсырма: Әңгімені оқып, түсініп келу. Мәншүк туралы ізденіп, өлең жаттап, әңгімелер оқып келу.
Кері байланыс:
- Сабақты жақсы түсіне алдыңдар ма?
- Сабақ ұнады ма?
- Бұл сабақтың сендер үшін мәні болды ма? Оны өмірде қалай қолданасыңдар?
Бала Мәншүк
- Ақөрік
- 11 шілде 2013
- 14371
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, ана тілі, бала Мәншүк, бастауыш сынып, Хакімжанова, Мәншүк Мәметова
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлы даланың батыр қыздары
Кеңес Одағының батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің биік тұлғасын суреттеу арқылы - ұлтын сүйетін, еліміздің өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды...Ер есімі - ел есінде
Мақсаты: Балаларды ҰОС батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы ерліктерімен таныстырып, отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу,...Қос жұлдыз
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін...Бала Мәншүк
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, «№3 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Қазиева Гүлмираның...Бала Мәншүк
Сандугаш Аязбаева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.