Сайтқа кіру Тіркелу

Күн - жарық пен жылудың көзі

Сабақтың тақырыбы: Күн - жарық пен жылудың көзі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Күн - Жерді қоса есептегенде 8 ірі планетадан тұратын Күн жүйесінің орталығы, жарық пен жылудың көзі екендігі және оның Жердегі маңызын түсіндіру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың түсінік қабілетін, білім білік дағдысын, машығын дамыту.
3. Тәрбиелігі: Оқушыларды белсенділікке, ұқыптылыққа, қызығушылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, карта, үлестімелер, интерактивті тақта т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, көрнекілік, ойын. практикалық жұмыстар т. б.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру:
ә) Үй тапсырмасын сұрау:«Жер - ғарыш денесі»
Сабақтың міндеттері: Күн қуатын қалай пайдаланатынын мысал келтіріп түсіндіру.
Базалық білім: Күн - қатардағы жұлдыздардың бірі, лаулап, жанып тұрған газ шар. Ол басқа жұлдыздарға қарағанда жақын орналасқан.
Тірек білім: Оқушылардың ғарыш және аспан денелері туралы түсініктері.

Жоспары:
1. Өткен сабақ бойынша оқушылардың білімін тексеру.
2. Күн - жарық пен жылудың көзі екендігі жайындағы әңгімелеу.
3. Оқулықпен жұмыс.
4. Мәтін бойынша сұраққа жауап алу.
5. Оқушылардың жауаптарын қорыту.
6. Үй тапсырмасын қайталау.

1.- Галактика дегенді қалай түсінесіңдер?
2.- Қандай аспан денелерін білесіңдер?
3.- Жұлдыздар деген не? Шоқ жұлдыз деп нені айтады?
4.- Жұлдыздар неге кішкентай болып көрінеді?

4. Жаңа мағынаны таныту.
Ғарыш туралы алған білімдерін пысықтау. Күн әлемдегі миллиондаған жұлдыздардың бірі. Басқа жұлдыздар сияқты Күн де от болып жанып тұрған газ шар.
Күннің беткі қабатының температурасы 6000 - градус, ал оның түкпірінде одан да ыссы, 1000000 - градус – қа дейін барады.
Күн сәулесі мен жылуы болмаса Жер бетін қара түнек басып, тіршілік атаулы жойылып кетер еді.
- Күн көкжиектен қай маусымда биік тұрар еді? (Жазда)
- Күннің ең төмен тұратын кезі қай маусым? (Қыс)
- Қазір адамдар Күннің қуатын қалай тиімді пайдаланып келеді?

5. Оқулықпен жұмыс.(Оқушыларға оқыту)
«Күн - жарық пен жылудың көзі»
6. Деңгейлік тапсырма.
1 - деңгей.- Күннің басқа жұлдыздарға ұқсастығы неде? Күннің бетіндегі және түкпіріндегі қызуы қандай?
2 - Басқа жұлдыздарға қарағанда Күн неге үлкен?
- Жер Күннен қанша километр қашықтықта?
3 - деңгей – Күннің жарығы мен жылуының Жер беті үшін маңызы қандай?
6. Қорытындылау.
7. Бағалау.
8. Үйге тапсырма: «Күн жарық пен жылудың көзі» оқып, түсініп келу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адамның ғарышты зерттеуі. Ғарыш туралы түсінік

Адамның ғарышты зерттеуі. Ғарыш туралы түсінік

Мақсаты: Күн жүйесі, оның ғаламшарлары, ғарыштық денелер туралы түсініктерін қалыптастыру; оқушыларды ғарыш әлемін зерттейтін ғылым – астрономиямен...
Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру

Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру

Тақырыбы: «Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру.» Мақсаты: а) ғарыш, ғарышты игеру деген ұғымдармен таныстыру. Әлемдегі тұңғыш ғарышкер туралы, Қазақстанның...
Күн - жарық пен жылудың көзі

Күн - жарық пен жылудың көзі

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылы, Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухамбеткалиева Самал...
Жаратылыстанудан тест тапсырмалары

Жаратылыстанудан тест тапсырмалары

Тақырыпты қайталауға арналған тест тапсырмалары. 5 – сынып Жаратылыстану...
Сусыз тіршілік жоқ

Сусыз тіршілік жоқ

КММ Академик О. А. Жаутыков атындағы № 1 қазақ орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Омарова Гүлнар Жакановна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×