Сайтқа кіру Тіркелу

Осы шақ

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Осы шақ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды осы шақ етістіктерімен таныстыру, осы шақтағы етістіктер іс - әрекеттің
сөйлеу сәтінде болып жатқанын білдіретінін ұғындыру, сұрақтары мен, жалғауларын таныстыру; сөйлеу дағдысын жетілдіру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың білім, білік дағдысын, сауаттылығын, тіл байлығын, ой - өрісін, берілген тапсырмаларды өз беттерімен түсініп орындау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды белсенділікке, қызығушылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақты көрнекілігі: Табиғатты бейнелейтін
суреттер, кестелер, сызбанұсқалар, плакаттар, үлестірмелер, интерактивті тақта, оқулық т. б.
Сабақтың түрі: Топпен жұмыс.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, көрнекілік, ойын, топпен жұмыс, т. б.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру: Оқушы назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру: 24 - жаттығу.
Ереже сұрау.
Интерактивті тақтамен жұмыс..
3. Жаңа сабақ: Жаңа сабақты отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерін қатыстырып сөйлем құраудан басталады.
Мен партада отырмын. Мен кітап оқып отырмын.
Дана далада жүр. Айжан институтта оқып жүр.
Сен тақта алдында тұрсың. Ол күліп жүр.

Осы құраған сөйлемдердегі етістіктерді талдау барысында бұл етістіктер сөйлемдерде іс - әрекеттің қазір яғни сол мезетте болып жатқанын білдіретінін байқату.

Оқулықтан 25 - жаттығуды орындату арқылы осы шақ етістіктері туралы түсінік қалыптастырылады.

Мыс: Қайрат қайрақ қайрап отыр.
Қайрақпен балта қайрап отыр.(етістіктердің астын сызып, оларға сұрақ қой)
Оқушыларды түсті қағаздар арқылы топтарға бөлу.
(Жасыл, қызыл, көк)

1 - топ. Жасыл түс. (қағаз)
Осы сөйлемдегі етістіктерді жекеше түрде жікте.
2 - топ. Қызыл түс. (қағаз)
Осы сөйлемдегі етістіктерді көпше түрде жікте.
3 - топ. Көк түс. (қағаз)
Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда.
(Оқулықтан ережені оқытып, таныстыру)

4. Оқулықпен жұмыс:
«Ой қозғау» әдісі.
1 - топ. Жасыл түс. (Жұптық жұмыс)
26 - жаттығу. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жазу.
Етістіктерді тауып, оларға сұрақ қой. Дәлелдеу. 2 - топ. Қызыл түс. (Шығармашылық тапсырма).

27 - жаттығу. Берілген сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жазу.
_________ _________ ________ ойнап жүр.
_________ _________ ________ жинап жатырмын.
_________ _________ ________ жаттап отыр.
3 - топ. Көк түс. ( Шығармашылық диктант)
Берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазу.
Жерге киіз төселген,... көрпе жайды. Оқып жүрсің...?
Осы кезде Қуаныш... Қалекең келе қалды. Ерттеулі аттың қасына... тұр. Аттың тұяқтары тасқа тиіп шақ - шақ... тұр.
Керекті сөздер: соң, бе, пен, келіп, етіп.
Етістіктердің астын сызып, сұрақ қой.

Ұжымдық жұмыс.
28 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдау жасау. Баяндауыштың осы шақта тұрғанын дәлелдеу.
5. Шығармашылық жұмыс
30 - жаттығу. Берілген сурет бойынша әңгіме құрап, етістіктердің астын сызып, сұрақ қой. (Оқытып, тексеру)

6. Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақта не үйреніп, не түйдік?(сұрақ - жауап)
7. Бағалау.
8. Үйге тапсырма. Өткенді қайталау.
29 - жаттығу. Ереже жаттау(Осы шақ)
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×