Сайтқа кіру Тіркелу

Не деу керек? Буын

1 класс. Ана тілі.
Тақырыбы: Не деу керек? Буын.
Мақсаты: 1. Оқушылардың өлеңді саналы түсініп оқуын меңгерту, шапшаң оқуға төселдіру;
Буын жайлы білімдерін кеңейту
2. Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, таным белсенділігін арттыру, сауатты көркем жазуын қалыптастыра түсу, әдеп әліппесін бойына дарыту.
3. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, сөздік – көрнекілік.
Түрі: саяхат сабақ.
Көрнекілік: кесте, суреттер, сыпайы сөздер.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Таза көңілмен
Күнімізді бастайық.
Бүгін қандай күн? Аптаның қай күні? Қандай ай? Қай мезгіл? (Сұрақтарға жауап алу.)
Көркем жазу. Р р ра ро ир ор
Рақмет айтамыз
Ата менен анаға.

Қызығушылығын ояту:
Балалар, біз бүгін «Сыпайы сөздер» еліне саяхатқа шығамыз. Саяхатта әр түрлі елдерге барамыз. Ол елдерге баратын көлікті таңдап аламыз. Көліктерге билет алу үшін тапсырмалар орындауымыз қажет. Қане, көлік түрін таңдадыңдар ма?
Балалар көлік таңдайды. Саяхатқа автобуспен шығамыз.
Сыпайылық дегеніміз сәлем беруден басталады. Ендеше бірінші баратын еліміз «Сәлем бере білейік» елі. Ол үшін үй тапсырмасын тексереміз. Үйге берілген тапсырма «Көрші атам» өлеңін мәнерлеп оқу.
«Сәлемдесе білеміз бе?» ойыны.
Суреттер көрсету ата, әже, апа, құрбы, аға.
Сәлемдесу түрлерін атау. Автобуста өзін қалай ұстау керектігі айтылады.
«Рақмет» елі. Оған бару үшін ұшаққа мінеміз. Билет алу үшін тапсырма орындау қажет. Жаңа сабақ.

Ойын «Буынға бөле білеміз бе?» Суреттерді көрсету, сөздерді буынға бөлу.
Та-уық, гүл, ал-ма, кө-бе-лек, қас-қыр, түл-кі, ти-ін. Оқушылар қорытынды жасайды сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Сергіту сәті.
Келесі баратын еліміз «Кешіріңіз». Билет алу үшін бұл сөздің мағынасын қалай түсінетінін тексеру. Билетті пойызға аламыз.
Тақтада 58 – жаттығуды орындау. Буынға бөліп жазу. А-па, ә-же, а-та, кө-ке, ше-ше,
yа-ға-шы, жи-ен.
Келесі ел «Рұқсат па?» Кемеге мінеміз.

Суретпен жұмыс.
Балалар, суреттен нені көріп тұрсыңдар? Ата жолдан неге өте алмай тұр деп ойлайсыңдар? Абзал жолдан қарияны қалай өткізді? Абзал қандай бала?
- Кішіпейіл бала.
«Кім жылдам?» ойыны. 59 - жаттығу. Мақал – мәтелдерді оқу. Әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын бар екенін айту.
«Жарайды, мақұл» еліне бару үшін қайыққа отырамыз.
«Не тәтті?» әңгімесін еске түсіру.
Көзге арналған жаттығу жүргізу.
Ой қозғау. Оқушылар осы елдегі сөздерге қарап «Не деу керек?» өлеңі не туралы деп ойлайсыңдар?
Балалар өз ойларын айтады.
- Қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?

Сыпайы сөздер
Рұқсат па? ----------------- Кешіріңіз
Сәлеметсіз бе? ---------- Сау болыңыз
Өтінемін ------------------- Ғафу етіңіз

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Мазмұнын талдау, сұрақтарға жауап беру Мақалдың мағынасын түсіндіру.
«Әдептілер» еліне бару үшін балалар ат арбаны таңдады.
Қорытынды. Балалар, біз әдепті адамдар тұратын елге келіп жеттік. Бұл елдің адамдары сыпайы сөйлеп, өздерін әдепті ұстайды. Сіздер де солар сияқты «Рақым етіңіз», «Кешіріңіз», «Айып етпеңіз», «Өтінемін» деген сияқты сыпайы сөздерді жиі айтуға тырысыңыздар. Осындай сөзді көп пайдаланған оқушы әдепті болып шығады.
Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

Бағалау.
Үй тапсырмасы. «Не деу керек?» мәнерлеп оқу. Мақалдарды жазу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×