Сайтқа кіру Тіркелу

Әдепті сөз. Ә.Табылды

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға ақын жайлы қысқаша мәлімет беріп, мәтінді түсініп, дауыстап, мәнерлеп оқыту арқылы оның идеясын ұғындыру;
ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру, олардың есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениеттерін сөздік қорын молайтып, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Б) тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке
баулу арқылы кішіге қамқор, үлкенге ізетпен қарауға тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, іздену, топтастыру
Сабақ көрнекілігі: Әдібай Табылды суреті, интерактивті слайдтағы материалдар, кеспе қағаздар;
Сабақ барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Сәлем саған, Алтын күн!
Сәлем саған, көк аспан!
Сәлем саған, достарым!
Сәлеметсіз бе, ұстазым!
Мұғалім: Әрбір адам Оқушы - туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ Оқушы - үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің Оқушы - тірлік, терек, адамдық
Әрбір сөзің Оқушы - шындық, бірлік, адалдық
Осы жақсы қасиеттерді бойымызға дарыта отырып, оқушы қандай болу керек деген сұраққа сөзжұмбақ шешу арқылы жауап іздеп көрейік. Өткен тірек - білімімізге шолу жасайық.
(оқушылар сөзжұмбақ шешеді)
Сонда балалар оқушы қандай болуы керек екен?
Әдепті
«Әдептілік» әдепті сөзінен басталады
Ендеше жаңа сабағымыздың тақырыбы
Ә. Табылдының «Әдепті сөз» әңгімесімен танысамыз.
Тақтамен жұмыс
ІІ. Жаңа сабақ: Әдепті сөз
Ә. Табылды туралы мәлімет беру;
Мәтінмен жұмыс
Оқулықтың 34 - бетін ашып, тақырыпқа назар аударамыз.
а) мұғалімнің мәтінді түсіндіруі
ә) мәтінді мәнерлеп оқу
б) тізбектей оқыту
- мәтіндегі негізгі ойды ата
- әдептілік
Топтық жұмыс ұйымдастырылады.
1 – топ: Мәтіндегі туыстық атауларды теріп жаз
2 - топ: Мәтіндегі өнегелі сөзді тауып оқы
3 - топ: Әдептілік туралы мақал - мәтелдер айт
4 - топ: Әдептілік туралы көрініс көрсету
Әдепті сөз туралы білдік. «Әдеп» сөзіне мәндес сөздермен танысамыз.
Сергіту сәті.
ІІІ. Бекіту
Мәтіннің «Әдепті сөз» деп аталу себебін айт
Асан ата немересіне неліктен «Әділет ағаңа» ұқса деді?
Әдептілік, имандылық, инабаттылық деген сөздердің мағынасын қалай түсінесің?
IV. Қорыту:
Әдепті бала мектепте....
Әдепті бала көшеде......
Әдепті бала үйде......
Осы берілген тапсырманы оқушылар өздері жалғастырып аяқтайды
«Әдеп» сөзін қорыта келе, осы сөздерді жадымызда сақтап, сөйлеген сөзімізде, өмірде қолдана біліңдер!
V. Үйге тапсырма: «Әдепті сөз» әңгімесі 34 бет. Әдептілік туралы мақал - мәтелдер жинақтау
VI. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×