Сабақтың мақсаты:
1. Судың адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
2. Дүниетанымын, ой - өрісін,, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3. Салауатты өмір салтына, табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: сызбалар, карта, ертегі, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, тыйым сөздер, Вени диаграммасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық даярлық
1. Ой шақыру
2. – Балалар адам өміріне не қажет?
(тірек сызба сызылады)
- ендеше осы аталған 5 жағдайдың қайсысы шөл далада келе жатса керек болады?
(су)
- Бүгінгі сабағымызда осы суға байланысты.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Өзен және көлдер туралы түсінігін айтқызу
2. Картамен жұмыс
3. Өз ауылындағы өзен жайлы жазып келген әңгімелерін оқыту.
ІІІ. Сергіту минуты.
1. Жылт - жылт етеді
Жылғадан өтеді. (су)
2. Өзі судан жаралған,
Бірақ судан қорқады. (мұз)
3. Көзге көрінгенмен
Бірақ қолға қонбайды (газ)
ІҮ. Өткенді бекіту. Су туралы өткенді Венн диаграммасы арқылы қорыту.
Ү. Жаңа сабақ
1. Мақсат қою
А) Сусыз тіршілік жоқ
В) Су тапшылығы
С) Лас судың денсаулыққа әсері
2. Кіріспе әңгіме
А) тіршілік құбылысының бәрі судың қатысуымен жүреді. Адамның денесі 30 - дан 90 пайызға дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адам денесінде 50кг су бар. Оның мөлшері 17 кг кемісе адам өледі. Адамға ауа қандай қажет болса, суда сондай қажет.
Ә) Ауыз су тапшылығы - әлеуметтік проблема. Біздің планетамызда су көп. Бірақ жер шарындағы 60 тұратын халық тұщы судың болмауынан зардап шегуде. Біздің елімізде су жеткілікті.
Б) Олай болса, біздің еліміз суды қалай пайдаланады?
Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздан су бүлінуде. Суда улы заттар өте көп.
Біздің ауылымыздағы өзенге тұзды су мөлшері көп қосылып ағып жатыр.
3. Судың ластану жолдары, денсаулыққа әсері.
Сызбамен жұмыс.
4. Ластанған суды тазарту жолдары.
5. Оқулықпен жұмыс тізбектей оқу
ҮІ. Топтық және деңгейлік тапсырмалар
І топ. Су туралы мақал - мәтелдер, тыйым сөздер жазу.
ІІ топ. Суды қорғау тақырыбына әңгіме жазу
ІІІ топ. «Аралдың сырқаты» ертегісінен көрініс көрсетеді.
ҮІІ. Сабақты қорыту.
1. Су туралы ойлар
2. Лас судағы улы заттарды айту
3. Ережелер: 1. Қайнамаған суды ішпе
3. Суды ластама
4. Суды малтып үйрен
4. Суды қорғау заң және стандарт жайлы айтып өту.
5. Ата – бабамыз «Бұлақ көрсең көзін аш» деп өсиет айтқан. Бұл суды таза ұстау, қорғау деген сөз.
Балалар гигиенаға, экологияға көп көңіл бөліп атсалысу бәріміздің міндетіміз.
ҮІІІ. Үйге тапсырма. «Суды тазарту» тақырыбында әңгіме жазу
ІХ. Білімдерін бағалау.
Суды қорғау
- Жайдар
- 13 сәуір 2013
- 11494
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ашық сабақ жоспары, суды қорғау, дүниетану, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Судың қасиеті
Су туралы мағлұматтар беру. Тәжірибелер жасау арқылы судың қасиеттерін анықтау. Су туралы тыйым сөздер үйрету....Өзен және көл. Суды қорғау
1. Су туралы алған ұғымдарын нақтылау, тереңдету. 2. Судың қасиетін, маңызын меңгерту. 3. Судың табиғаттағы тіршілік көзі екендігін түсіндіру....Табиғаттағы су айналымы
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Индира...Суды қорғау
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов атындағы орта мектебі бастауыш класс мұғалімі Искакова Шаригул Садуакасовна...Суды қорғау
Қызылорда қаласы № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Берекенова Роза Құрбанбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.