Тақырыбы: Мектеп (сурет бойынша әңгіме құрату)
Мақсаты: Сурет бойынша сұрақтарға жауап ала отырып балаларды сөйлету. Балаларды серуенге ертіп шығып мектептің сыртқы көрінісімен, мектеп ауласымен, ішімен таныстыру. Мектеп қызметкерлері жайында түсінік беру.
Көрнекіліктер: суреттер.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
- Қазір бізде көркем әдебиет сабағы. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып оқушы ережеге сай отырамыз.
Психологиялық сәт.
Күнде ерте тұрамын,
Ерте тұру ұраным.
Тапсырмамды орындап,
Мектепке бет бұрамын,
Елден бұрын сімірем
Күннің аппақ шуағын.
Мектепке серуен.
- Мынау бірінші қабат. Онда асхана, тіс дәрігерінің кабинеті, дәрігер кабинеті, спорт зал, киім ілгіш, дене шынықтыру мұғалімдерінің кабинеті бар. Мектепке кіре берісте күзетші, қараушылар отырады. Мынау кіре берістегі тұрған ҚР - ның туы, ал мынау елтаңба.
- Мектептің екінші қабатында директор кабинеті бар. Онда іс қағаздарды жүргізуші отырады. Осы қабатта физика, компьютер, география, өзін - өзі тану, кітапхана бар. Кітапханада көптеген кітаптар бар. Оны жоғарғы сынып оқушылары оқып пайдаланады. Ал мынау бугалтерлер отыратын кабинет. Олар мұғалімдерге ақша есептесе, сендерге тамақ беретін ақшаны есептейді. Мына жерде аудармашы, әлеуметтік педагог отырады.
- Үшінші қабатта біздің кабинет және 1 – 4 – сыныптар кабинеті бар. Сонымен бірге осы қабатта химия кабинеті, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлар отыратын кабинеттері бар.
- Төртінші қабатта жоғарғы сыныптар оқиды. Мұнда психолог, биология, тарих, орыс тілі, алғашқы әскери дайындық, директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасарлары отырады. Мектепте әр пән бойынша сабақ беретін мұғалімдер, директор және оның орынбасарлары, бастауыш сынып, даярлық сынып жетекшілері, ас пісіретін аспаздар, дәрігерлер, бугалтерлер, аудармашылар, әлеуметтік педагог, тазалықшы, электрик сияқты мамандар жұмыс істейді.
Дидактикалық ойын.
«Қай зат жоқ» ойыны.
Ойын мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.
Ойын шарты: Үстел үстіне әр түрлі мектепке қажетті заттар жатады. Сол затты оқушылар бірінші жақсылап қарап шығады. Содан кейін оқушылар көзін жұмып тұрғанда мұғалім бір затты тығып немесе орнын ауыстырып қояды. Балалар көзін ашқан соң не өзгергенін тауып алуы тиіс.
Парта
(Мысал)
Бір сыныпта он бес парта тұратын. Артқы парталардың жәй – күйі мәз емес еді. Бет – жүзі шимайланған, қозғала кетсе, қиқылдап – шиқылдап қалатын.
Алдыңғы парта бірде олардың бұл түріне мүсіркей қарап тұрып:
- Өздеріңді күте білмейсіңдер, - деп кейіді. – Міне, мені қараңдаршы! Қай жерімде мін бар!?
Арттағылар шулап қоя берді:
- Қайтейік енді! Бізде отырғандардың бәрі шеттерінен тәртіпсіз. Алдыңғы парта үнсіз қалады. Бұның құпиясы мынада еді: ол мұғалім үстелімен көрші тұратын - ды.
Сұрақ – жауап.
- Мысал әңгімеден не түсіндік?
- Мектеп заттарын қалай ұстау керек?
Қорытындылау.
- Балаларды мектептің ауласына апарып, сыртқы көрінісіне назар аударту.
- Мектептің ауласы сендерге ұнап тұр ма?
- Мектеп неше қабатты?
- Мектепте оқығыларың келе ме?
- Осы мектепте сеңдер он бір жыл оқисыңдар.
- Мектептің тәртібі ерекше болатынын айту, түсіндіру.
- Мектептің айналасын бақылату.
- Алаңда қимылды ойын ойнату.
Мектеп (сурет бойынша әңгіме құрату)
- Gulsana
- 28 наурыз 2013
- 15209
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мектеп, мектепалды даярлық, сурет бойынша әңгіме құрату
Ұқсас жаңалықтар:
Мектеп туралы сабақ
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, №1 мектеп - интернат қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абильмажинова Гүлмира Каниевна...1 - сыныпқа баратын оқушылардың психологиялық және әлеуметтік дайындығы
1 - сыныпқа баратын оқушылардың психологиялық және әлеуметтік дайындығы...Мектептің оқу - тәрбие жоспары
Мазмұны І. бөлім Мектептің өткен оқу жылына талдауы ІІ. бөлім Мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту IІІ. бөлім Педагог...Мектепте
Машықкер: Б.А.Ишатова Сынып жетекші: Э.К.Жоламанова Әдіскер: К.Н. Шакирова...Кітапхана
Сабақтың мақсаты: Білімділік:түрлі ойын элементтерін пайдалана отырып, жаңа сөздерді өмірде қолдана білуге үйрету. Дамытушылық:Оқушылардың тарау...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.