Сынып: 4
Тақырыбы: Абай «Жазғытұры» І. Жансүгіров «Жазғытұрым»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: өлеңдерді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету.
2. Дамытушылық: көктемдегі еңбек түрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың тілін дамыту.
3. Тәрбиелік: еңбекке баулу.
Tүpi: жаңа сабақ.
Көрнекілік, ОТҚ: портреттер, суреттер, интерактивті тақта.
I Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері: Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз - талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
II Біздің өткен тарауымыз «Табиғат - менің өз үйім» деп аталған. Неге олай аталады? Дәлелдеңдер.
Ендеше, табиғаттың төрт мезгілін сөзбен айтып шығайық: көктем, жаз, күз, қыс. Ал қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Бүгінгі тақырьп, мақсат хабарланады:
Жаңа тарау: Масатыдай құлпырар жердің жүзі...
Бұл тарауда көктемгі тіршілік туралы әңгіме болады.
Осы тараудың атын қалай түсінесіңдер?
Масаты - түкті мата.
Жердің бетіне шыққан шөпті соған теңеп тұр, - дай, - дей жұрнақтары теңеу мағынасын береді
(2 - 3 матаның кесіндісін көрсету.)
Абайдың заманында «көктем» cөзi болмаған. Сондықтан «жазғытұры» деген сөзді пайдаланған.
Ал «көктем» деген сөз жыл мезгілі ретінде XX ғасырдың. 40 - 50 жылдарында пайда болған.
«Көктем» — «көктеу», «көктеме» деген сөзден шыққан. яғни «көгеру», «өсіп шығу» дегенді білдіреді. Бұған дәлел: XX ғасыр басындағы ақындардьң осы жыл мезгіліне арналған өлеңдері «жазғытұрым» деп атаған.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Абай Құнанбаев (1845 - 1904). Семей жерінде, Шыңғыстау маңында туған. «Ескендір», «Масғұт» деген поэмалар жазған.
Ілияс Жансүгіров (1894 - 1938). Қазіргі Алматы облысында туған. «Құлагер», «Дала», «Күй», «Күйші» поэмалары бар.
Ш Өлеңдерді мәнерлеп оқу (мұғалім). (Бұл кезде интерактивті тақтадан көктем көріністері көрсетіліп тұрады, слайд - шоу).
IV Оқушылардың оқуы:
1) Іштей.
2) Шумақтап, дауыстап.
V 1) Негізгі идеясы -?
2) Сөздік жұмысы.
VI Топтарға тапсырма:
1 - топқа тапсырма: Мәтіндерге сүйене отырып, жазғытұры ауа райы қандай болатынын анықтаңдар.
2 - топқа тапсырма: Жазғытұры мезгілінде жан - жануарлардың қандай күйге түсетінін анықтаңдар.
3 - топқа тапсырма: Ауыл адамдарының көктемгi еңбегі туралы әңгімелеңдер.
4 - топқа тапсырма: Қала адамдарының көктемгi еңбегін әңгімелеңдер.
VII Ой - пікір тыңдау.
VIII Тапсырма: екі өлеңді салыстыр.
IX 1) Пікіp алмасу.
2) Мұғалімнің қорытындысы.
Екі өлеңді салыстыру түрінде:
Айырмасы
1) Өлең құрылысы.
2) Абай суреттеу түрінде жазған.
Ілияста көңіл - күйдің кұбылысы басым.
3) Абай - табиғат көрінісін өз жасының мөлшерімен қарап шығарған.
Ілияс - балалардың көзімен қабылдап, табиғатты балаларша суреттеген.
Ұқсастығы:
1 Eкeyi де қазақ ауылының тіршілігін суреттеген: қазақ даласы, мал баққан елдің тұрмысы; қазақ дүниетанымының ұғымы бейнеленген.
X Ой тастау: заттарың жоғалып, араласып кетпеyi үшін қандай әрекет жасайсыңдар? (Белгі салу.)
Иә, бұл - қазақ халқының малға байланысты дәстүрі. Малға ен салудың мақсаты - меншіктеудің түpi.
Интерактивті тақтамен жұмыс
тілік жүрекше қиық ойық сырға
Қазақтың ен - таңбалары.
Көктемгі пейзаж көріністерін жинақтап, дыбыстату.
Көгал, гүлдер, көбелек, ашық аспан, қой, ешкі төлдерімен бірге, өзен.
XI Үйге тапсырма:
1) Таңдау еркімен Абайдың немесе Ілиястың көктем тақырыбындағы өлеңін жаттау.
2) Қозы, лақ, бұзау, құлын... әрі қарай өсyiне байланысты аттарын жазып келу.
Абай «Жазғытұры» І. Жансүгіров «Жазғытұрым»
- мака
- 4 наурыз 2013
- 13017
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, ана тілі, Абай, Жазғытұры, Жансүгіров, Жазғытұрым
Ұқсас жаңалықтар:
Абай "Жазғытұры" өлеңі
Сабақтың мақсаты: Ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы Абай Құнанбаевтың «Жазғытұры» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Міндеттер: — Өлеңдегі...М.Әлімбаев «Көктем келді» 2 сынып
БҚО, Казталов ауданы, Қаракөл елдімекені, Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебі Кушкинбаева Балжан Сейфуллақызы...Жазғытұры
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу мектеп - интернаты" ММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Сейсенбаева Ләззат Айтбайқызы...Абай Құнанбаев "Күз"
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік жалпы білім беру орта мектебі Сангожина Шолпан Советовна...Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
№35 мектеп-гимназиясы Кемалова Зауреш Тыныштыққызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.