«Ғажайыптар алаңы» ток - шоу ойыны
(4 - сыныпқа арналған)
Берілетін сұрақтар жыл басында (I тоқсанда) оқушыларға айтылған, олар бұл есімдермен таныс.
Тақырып: Аяулы жандар
Мақсат: Оқушылардың ойын, есте сақтау қабілетін дамыту; өткен тарихымызда өмір сүрген апаларымыздың атын біліп жүру, нәзік жандарды, аналарды сыйлау; сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу.
Демеушілер: Ата - аналар.
Өтетін орын безендірілген: шарлар, гүлдер; тақырып жазылған
I Музыка ойнайды. Алаңға алдын ала 3 топқа бөлінген оқушылардың бірінші тобын шақырамын.
II Әр оқушымен таныстыру: Бұлар өздерін төрт жол өлеңмен таныстырады.
1 Айтжанова Аида
2 Альтаир Нурали
3 Токбаева Алия
III Тапсырма: Интерактивті тақта, слайд №1. Жырдағы Алпамыс батырдың қарындасының атын табыңыз. (Қарлығаш)
Әр әріп қағаздың астында жасырылған, оқушылар шеңберді айналдыра отырып, сөзді шешеді. Бір жеңімпаз 4 - і турға өтеді. Барлық ойыншыға естелік ретінде «Абайдың қара сөздері» кітабы сыйланады.
IV Алаңға 2 - і топ шақырылады. Олар да өздерін төрт жол шумағымен таныстырады.
1 Бердібекова Айша
2 Қалиева Дамиля
3 Жумабек Жадыра
V Тапсырма: Слайд №2. Шоқан Уәлихановтың әжесінің атын табыңыз. (Айғаным)
Жасырылған әр әріпті шеңберді айналдыра отырып шешеді. Бір жеңімпаз 4 - і турға өтеді. Бәріне жоғарыдағыдай сыйлықтар беріледі.
VI Слайд №3. Алаңға 3 - і топ ойыншыларын шақырамын.
1 Өтебай Нұрдан
2 Махметов Әлемхан
3 Ахметова Назерке
Өлеңдетіп өздерін таныстырады.
VII Тапсырма: Адам - ата топырақтан жаралған дейді, Ал Хауа - ана неден жаралған? (Қабырға)
Жасырылған әр әріпті шеңберді айналдыра отырып шешеді. Бір жеңімпаз 4 - і турға өтеді. Бәріне жоғарыдағыдай сыйлықтар беріледі.
VIII Слайд №4. Алаңға әр топтан жеңімпаздар шақырылады.
Тапсырма: Ұлы ақын Абайдың анасының атын табыңыз. (Ұлжан)
Шеңберді айналдыру тәртібі жеңімпаздық ретімен жүргізіледі. Айналдыру кезегі келген ойыншы жасырылған сөзді толық айтуға да, әріптен табуға да ерікті.
Жеңімпаз анықталған соң, сыйлық беріледі де, оған ақтық ойын ойнау жөнінде ұсыныс жасалады. Жеңсе де, жеңілсе де бұрынғы ұтыстары өзінде қалады. (Ақтық ойын нәтижесі бойынша да – жеңсін немесе жеңілсін – бәрібір сыйлық беріледі, бірақ ол туралы ойыншыға алдын ала айтылмайды.)
IX Ақтық ойын. Слайд №5.
Тапсырма: Егіз қыздарға қойылатын қазақтың көнеден келе жатқан аттарын табыңыз. (Айман - Шолпан)
X Ойын жеңімпаздың құрметіне ән шырқалады.
XI Қорытынды сөз. Марапаттау.
«Ғажайыптар алаңы» ток-шоу ойыны
- мака
- 25 ақпан 2013
- 9513
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, Сыныптан тыс жұмыс, ток-шоу ойыны
Ұқсас жаңалықтар:
Жай бөлшектер тарауына арналған тест тапсырмалары
Жай бөлшектер тарауына арналған тест тапсырмалары...Ғажайыптар алаңы
Мақсаты: Оқушылардың ой қызметін, зеректігін, ұғымталдығын, логикалық ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, оң бәсекелестікті қалыптастыру....Кім алғыр
1) Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру. 2) Оқушыларды шапшаңдыққа,...Наурыз - думан, наурыз - той
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы «№2 Лицей» КММ орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Оспанбай Талғат Оспанбайұлы...Ғажайып алаң ойыны
Ақмола облысы, Степногорск қаласы Изобильное орта мектебінің информатика пән мұғалімі Искакова Орынбасар Сеитовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.