1. Сабақтың тақырыбы: Жұмыстың жылуы. Қадір Мырза Әли
2. Сабақтың мақсаты: 1) Тақырыпты дұрыс оқыту, мазмұнын меңгерту мән
а) Білімділігі: мағынасын ашу
ә) дамытушылығы: 2) Балаларға бағыт - бағдар бере отырып, өз беттерімен
жұмыс істеу арқылы ой - өрістерін дамыту. Өздіктерінен
қортынды шығара білуге машықтандыру
б) тәрбиелігі: 3) Балаларды мейірімді адал болуға, ұйымшылыққа,
жұмыла жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
3. Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс.
4. Cабақтың түрі: Аралас сабақ.
5. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтаны қолдану, Қадір Мырза Әли
суреті, және мазмұнды суреттер.
Пайдаланған әдебиеттер: Бастауыш сынып, әдістемелік нұсқа.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу өнері.
Cабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
2. Қызығушылықты ояту:
a) Мұғалімнің кіріспе сөзі
б) Үй тапсырмасын пысықтау
3. Жаңа білім беру:
а) Тізбектеп оқыту
б) Мұғалімнің түсіндірмесі
в) Сөзге талдау жасау. Сөздікпен жұмыс
г) Ой қорғау
4) Сабақты бекіту
а) Ой толғаныс. Салыстыру, болжау
б) Жалпы қорытындылау. Бағалау
5) Үйге тапсырма беру.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
Оқушылардың назарын сабаққа аудару қонақтармен сәлемдесу.
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпен «біз»
Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар қатысып отыр, сондықтан да
барлық білімімізді көрсетуіміз керек. Ендеше, тақтаға назар аударайық
Өткен сабақты еске түсіру
( 1924 - 1992)
Өмірде адам басында болатын жайттарды, қиын - қыстау оқиғаларды қабырғасы қатпаған Бердібекке қатал тағдыр үйіп берді. Яғни, сегіз жасында шешесі қайтыс болып, жетім қалады. Япыр-ау, қалай тірі қалдым, осы күнге қалай жеттім?! - деп өзі жайлы повест жазады. Кейін оның аты -“Менің атым Қожа “ болып өзгертіледі.
Баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы шығарманың түрін повесть( хикаят) деп атайды.
Белгілі балалар жазушысы, әрі ақын Бердібек Соқпақбаевтың өлеңінің бірі - “Шынықсын денеміз”
Жүріңдер, балалар, Таяққа бау тағып,
Сырғанақ тебеміз. Шаңғыны майлап ал.
Биялай, малақай -
Құрыспай, құрыштай Бәрін де сайлап ал
Шынықсын денеміз.
1935 жылы Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында туған. Еңбек жолын “Балдырған” журналынан бастап, ұзақ жылдар “Жұлдыз” журналында,”Жазушы” баспасында жұмыс істеген.
Қадыр - шыншыл, зерделі, ұлттық ақын.
Ақын қаламынан туған: “Күміс қоңырау”,”Ақ отау”, “Домбыра” және “Жерұйық” т. б жинақтары бар.
Жұмыстың жылуы
- Долысын - ай боранның
Тұлыбыма орандым.
- Кімге қамсау тұлыбың
От жағалық құлыным
Деді апам,- Бара ғой,
Бірер шөрке жара ғой
Жеңіл - желпі киініп,
Белді буып - түйініп,
Жұмысқа тез кірістім,
Мол жаруға тырыстым.
Салдым күшті мен шындап,,
Бірте - бірте шым - шымдап,
Бойға жылу тарады,
Апам маған қарады.
Деді сосын Ерледің,
От жақпай - ақ терледің
Жылуы бұл жұмыстың,
Қызуы ғой бұл істің
Тұлып - малдың немесе аңның терісінен тігілген кең, ұзын тон
Қамсау - қалқа жылу
Долы боран - алай - дүлей боран
Шөрке - кесілген ағаш
Шым - шымдап - біртіндеп
Жұмысқа дейінгі баланың іс - әрекеті Баланың жұмыс кезіндегі күйі Жұмыстан кейінгі күйі
Сөзі…Долысын - ай боранның
Киімі…Тұлып
Киімі…Жеңіл - желпі киініп
Ісі…. Жұмысқа тез кірістім Апасының сөзі…
Жылуы бұл жұмыстың,
Қызуы ғой бұл істің!
Құтты болсын, Жаңа - жыл!
Елімізде тойланатын мерекелердің бірі - Жаңа – жыл мейрамы.
Жаңа - жыл құпияға бай, сиқырлы мереке, адамдар бір - біріне сыйлықтар береді.
Қызықты ойындар: Аққала жасау, шанамен ойнау
Қысқы мейрамдар: Тәуелсіздік күн, Жаңа - жыл
Қысқы еңбек түрлері: Қар күреу, от жағу
Сабақты сұрақ - жауап арқылы қорытындылау
1. Қыста қандай жұмыстар атқара 2. Өлеңде қандай қысқы кейпімнің аты аталған
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп, рөлге бөліп оқыту
Жұмыстың жылуы
- Өмір Роза
- 22 ақпан 2013
- 13805
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жұмыстың жылуы, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Аққала - ақ бала
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...Шал мен бала
ШҚО Семей қаласы, Приречное ЖОББМ, бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Карлыгаш Кабыкеновна...Шынықсын денеміз
Қызылорда қаласы №253 орта мектеп Даулетбаева Роза Кенішқызы...«Әже» Ф. Оңғарсынова
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы...Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа» повесі
Онды орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Саржанова Күнімкүл Аманқосқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.