Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты:
1. Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жоспары:
1. Таныстыру
2. Күз сәні. (Күзгі сән үлгілерін көрсету)
3. Қас - қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап беру)
4. Өз өнерін көрсету.
5. Күз сыйы. (Күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы туралы айту)
6. Күз ханзадасы мен ханшайымының биі. (Күрең күз әнімен)
- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Бүгін бастауыш әдіс бірлестігінде 2, 3, 4 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Алтын күз» сайысына қош келдіңіздер.
- Уа халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық - деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
- Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы ментән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп сайысқа қатысушыларды ортаға номер суыруға шақырамыз.
- Ендеше Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтелік.
№1. Сембай Аружан
№2. Сәндібек Әсел
- Сайысымыздың бірінші бөлімінде Алтын күз сайысына қатысушылардың өзін - өзі таныстыруы.
2 бөлімінде
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз
3 - бөлімінде « Қас - қағым сәт» «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру
4 - бөлімінде
Өнер жастан жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі - бірін
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік, ән би, күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
5-бөлімінде
Молшылық күз - береке күз
Береке күз - мерекеміз - дей келе күзгі жеміс - жидектерден, көкөністерден дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.
6 - бөлімінде күз ханшасы мен ханшайымының биі. Ортаға сайыскерлер шығады.
Қорытынды бөлім. М а р а п а т т а у л а р
Алтын күз
- Бактыгул
- 18 қаңтар 2012
- 19781
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Алтын күз, тәрбие сағаты, бастауыш сынып, күз ханшайымы, сайыс жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Аяулы күз, Алтын күз
Армысыздар ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі жас достарым, Берекелі де мерекелі «Аялы күз, Алтын күз» мерекелеріңіз құтты болсын. Әрбір күніміз...Күзгі бал – 2024 сайысы
Қайырлы кеш достар! Күз патшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын,...Алтын күз ханшайымы, Алтын күз ханзадасы
Терістіктен желдетіп, Жаңбырлатып, селдетіп, Шаттандырып біздерді, Шат шадыман күз келді....Алтын күз мерекесі
Күзгі жеміс - жидектен Жасаған тамақ тұр міне Мұрныңды жара есіктен...Алтын күз
Зал іші күздің жапырақтарымен көркемделген. Бір бұрышында алма ағашы жемісімен тұр «күз»әуені ойналғанда сайысқа қатыспайтын балалар залдың ішін...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.