Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
№26 - мектеп гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Батаева Үміткен Еркінқызы
2 сынып.
Әдебиеттік оқу. Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Құрманғазының өмірімен оның шығармаларымен таныстыру, мәтіннен қиын сөздерді таба алуға үйрету. Мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды күй тыңдау арқылы патриоттық сезімін ояту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа материалды меңгерту
Әдісі: түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, СТО технологиясының стратегиялары
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Жақсылықтан үйреніп
Боламыз біз жақсы адам
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан
2. Үй тапсырмасын тексеру
Мұзафар Әлімбаевтің Ахмет Жұбановқа арнаған «Домбыра» атты өлеңі.
«Сиқырлы сандар» атты ойын. Сандардың артында жасырылған сұрақтарға жауап беру керек.
1. Өлеңннің бір шумағын оқып бер 10
2. Өлеңде домбыра туралы қалай жырлаған? 20
3. Өлеңнің А. Жұбановқа арналу себебі неде? 30
4. Ақын домбыраны неге адамның жанымен теңейді? 40
5. Өлеңдегі «Домбыра - ата көзі, баба мұрасы» деген жолдарды түсіндіріп көр. 50
Күй туралы мәлімет беру арқылы жаңа сабақты бастау
Жаңа сабақ
1. Сызба арқылы түсіндіру
ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ
(1823 - 1896 )
Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы.
Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алып, есейген шағында домбырашылық, күйшілік шеберлігін танытты. ХІХ ғасырдың аса көрнекті композиторы, күй атасы. Құрманғазы Сағырбайұлы – теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол – заманындағы қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық – зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Ол 71 жасында қайтыс болады.
2. Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларды тізбектетіп оқыту.
3. Сөздікпен жұмыс
Әділетсіздік -
Озбырлық
4. Тақтамен жұмыс.
Дәптерге әдемілеп жаз.
«Кім тапқыр?» ойыны
Мақсаты: Музыкалық аспаптармен күй аттарын ажырата білу, шапшаңдыққа тапқырлыққа баулу.
5. Сергіту сәті.
Домбыра күмбірлеп,
Күй шерте аламын.
Бұрала би билеп,
Суретте саламын.
Ұқсатып кілемге
Кестеде тігемін.
Актерше рөлде
Ойнай да білемін.
Жалықпай талай күн,
Жасаймыз мүсін де.
Өнер көп бойымда
Мақтану маған жат.
6. Күй тыңдау. Қызыл қайың және Балбырауын күйлері шығу тарихымен таныстырылып орындалады.
Венн диаграммасы бойынша күйлерді салыстыру.
Сабақты қорытындылау.
Кубизм әдісі бойынша сұрақ - жауап қойып жауап алу арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
1. Құрманғазы Сағырбайұлы кім?
2. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің?
3. Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?
4. Құрманғазының ұстазы кім болған?
2. Құрманғазы домбырасын кімге сыйға тартты?
Бағалау.
Үйге тапсырма: мазмұны және Құрманғазы туралы мәліметтер жинақтау.
Құрманғазы
- Үміткен
- 7 ақпан 2013
- 10481
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш сыныптарға ашық сабақ, Құрманғазы
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ халқының күйшілері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ұлы күйшілердің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, тақырып аясында еркін сөйлей білуге жағдай жасау, білімдерін...Құрманғазы, Дина-қазақтың ұлы күйшілері
Атырау қаласының Мектептен тыс жұмыс орталығы Домбыра мұғалімі Сарсенғалиева Айзада Хайратқызы...Қазақ сазгерлері
Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Н. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен...Құрманғазы Сағырбайұлы
Шымкент қаласы № 72 жалпы орта мектеп Музыка пәнінің мұғалімі: Жунисова Нурсауле Кенжеевна...Ә.Сәрсенбаев «Халыққа жеткіз күйімді»
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебінің 3 сынып мұғалімі, бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.