Сайтқа кіру Тіркелу
Бүгін 29 желтоқсан, жексенбі, 11:36

Б дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Бб дыбысы мен әрпі. 1 – сынып
Сабақтың мақсаты:
1) Бб дыбысы мен әрпін меңгерту. Б дыбысын сөз ішінен бөліп алып, дұрыс дыбыстату.
2) Б дыбысына қатысты сөздерді оқытып, дыбыстық, буындық талдау жасату. Көркем жазуға дағдыландыру.
3) Оқушыларды достыққа, ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелей отырып, «Балдырған» журналын үлгі ету.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, буындар, «Ойын – саяхат» жобасы,
дидактикалық материалдар, суреттер,
«Балдырған» журналы.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың пәнаралық байланысы: дүниетану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Балалар бүгінгі біздің сабағымызға алыстан қонақ келеді. Оны жақсылап қарсы алайық. Қонақтың сендерге алып келе жатқан құнды базарлығы бар. Егер де сендер сабаққа жақсы қатысып, қонаққа көмектессеңдер, ол тез келетін болады. Мен қойған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тапсырмамды дұрыс әрі тез орындасаңдар, қонақтың атын айтып беремін.

ІІ. Өткенді еске түсіру.
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Е дыбысы.
- Е – қандай дыбыс?
- Е – дауысты дыбыс.
- Е дыбысына байланысты буындарды еске түсіріп, сөздер құрастырайық.
- Оқулықтан «Асқар» мәтінін кезек – кезек оқыту. (72 – бет)

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, менің тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар. Енді, уәде бойынша, мен сендерге қонақтың суретін көрсетейін. (Бақаның суретін тақтағы ілу).
- Қане, бақа деген сөзде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?
- Б дыбысы (баспа, жазба түрлерін көрсету).
- Б – Б – Б (хормен айтқызу)
- Б – қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Б – дауыссыз дыбыс (б әрпін көк үйшікке салу).
- Бақа сөзіне дыбыстық талдау жасау. (Оқушы назарын суретке аудару).

«Бақа мен бала».
- Бақа бізге келе жатса, алдынан бала шығады да, былай дейді:
Ал, бақалар, бақалар,
Бізде қызық ойын бар.
Қане, тәртіп сақтайық
Баспалдақты аттайық,
Баспалдақты басқанда,
Батыл атта, жасқанба!
- Баланың тапсырмасы: - Өлеңдегі б дыбысы естілетін сөздерді ажырату.

«Топтастыру».
Жануар ----------------- Адамның аты
(бота) ----------------------------- (Болат)
Өсімдік -------------------------------- Зат
(бәйшешек) ------------ (бағдаршам)
Жеміс – жидек ---------- Оқу құралы
(банан) ----------------------------- (бор)

- Баламен қоштасып, бақа әрі қарай жүреді.
- Бақаның өлеңін жаттау.
Бәрі жақсы ананың
Бәрі де оның керек – ау.
Бірақ әрбір баланың,
Өз анасы бөлек – ау.
- Қане қай қатар тез жаттады екен?
- Әндетіп келе жатқан бақаның алдынан су шығады. Бақаны, өздерің білесіңдер, суды да жақсы көреді ғой. Сондықтан ол суға түскісі келеді. Ал оны балықтар суға түсірмейді. Қане, бақаға тезірек көмектесейік. Ол үшін кітабымызды ашамыз.

IV. Оқулықпен жұмыс. (74, 75 – беттер)
1. Хормен оқыту. Берілген сызба арқылы сөздерді оқытып, жаттықтыру.
ба қа, бо та, бө рік
ба лық, Бо лат, кө рік

2. Берілген мәтінмен талдау – жинақтау жұмысын жүргізу.
Мәтіннен б дыбысы бар сөздерді табу, буынға бөлу.
3. Бақшада (суретпен жұмыс)
б) «Не өсірді? Кім өсірді?» ойыны. (Бақша өнімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы қайталау. Не? кім? сұрақтарын ажыраттыру)
- Міне, бақа сендерге риза болып жатыр. Бақа су ішіп, біраз сергіп алды. Қане, бақамен бірге бізде сергіп алайық.
V. Сергіту сәті.

«Бақа мен бағдаршам».
- Балалар, міне бақа да мектепке жақындай бастады. Оны енді не тоқтатып тұр деп ойлайсыңдар?
- Бағдаршам.
- Оның қандай көзі жанып тұр?
- Қызыл.
- Қызыл жанса, не істейміз?
- Тоқтаймыз.
- Қай көзі жанғанда жүретін едік?
- Жасыл.
- Ендеше, жасыл көзін жандыру үшін Бб әрпін әдемілеп жазып шығайық.

VІ. Дәптермен жұмыс.
- б дыбысының кіші әрпі мен сөздерді жазуға жаттығу жұмысын ұйымдастыру. Суреттер астындағы алғашқы буындарын жалғастырып, сөз құрап жазу.
- Б – сөздің басында және ортасында келеді.
Бағдаршам жасыл көзін жағып, бақаның жүруіне рұқсат береді.

VІІ. Дәптердегі бос жолдарға жазба жұмыстары жүргізіледі.
ІІХ. Сабақты бекіту. «Орнын тап» ойыны. 2 – қатар жарысады.
Б...... б...
Бақа, арба
Балапан, қарбыз
Бота, асқабақ
Бағдаршам, көбелек
Балық, шыбын
Борсық, жолбарыс т. с. с.
Екі қатар оқушылары кезектесіп шығып суреттердің орындарын тауып, жапсырады.

- Оқушыларға бақаның суретін тарату.
- Әр бақаның артында суреттер жапсырылған. Сол суреттердің жазылуын кеспе әріптерімен жазу.
ІХ. Сабақты қорыту.
- Бақаның базарлығы «Балдырған» журналымен таныстыру, онымен дос болуға шақыру.
- Бүгін біз сонымен қай дыбысты үйрендік?
- Б дыбыс мен әрпі.
X. Мадақтау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×